Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы

01.04.2023

Көрулер: 802

Әл-Фараби университетінің Әл-Фараби кітапханасында 1 сәуірде «Тіл және рухани ұлттық құндылықтар: саралау, жүйелеу, негіздеу» атты Республикалық ғылыми семинар болды. Ғылыми семинарды А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Б. Салқынбай жүргізіп отырды. 
 

Семинарда Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы – «Ұлттық құндылықтар: саралау, жүйелеу, негіздеу» атты  Нұрмұратов Серік Есентайұлы – «Ұлттық құндылықтар – халық руханиятының негізі», ал  Дәулетбекова Жанат Тұрарбекқызы – «Ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие –  Қазақ тілі пәнін оқытудың қайнары» деген тақырыпта терең де тағылымды баяндама жасады. 
 

Ғылыми баяндамалардан соң бірнеше ғалымдар құнды пікірлерімен бөлісті. Атап айтсақ, Ұлттық құндылықтар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсиқызы, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрышева Гүлжихан Жұмабайқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қоңырбаева Сараш Сахиқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалыбаева Қаламқас Сейдуллақызы, физика ғылымдарының кандидаты Айгүл Қоқай ғылыми ойларын айтты. Англиядағы, Түркиедегі қандастарымыз семинар жұмысына қатысып, тілектерін, пікірлерін білдірді. 

Республикалық ғылыми семинар жұмысына қатысып, жылы лебіздерін білдірген академик Р.Б. Башаров мырзаға, академик Б.А. Әлмұхамбетов мырзаға, профессор Қ.Т.Арынов мырзаға ерекше ризалығымызды білдіреміз. Сондай-ақ онлайн және оффлайн қатысқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология факультетінің, Философия және саясаттану факультетінің, Абай атындағы Қазақ ҰПУ, Қыздар ҰПУ, КБТУ, Сүлеймен Демирель атындағы университет оқытушылары мен профессорлары, докторанттары мен магистранттары, студенттері, Ұлттық құндылықтар академиясының мүшелері мен ынтымақтастық ұйымдары, Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің мүшелері, шетелдік қазақ диаспоралары ассоциациялары өкілдеріне сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі, Рамазан Стамғазиевтің шәкірті Бауыржан Күмісбек мырзаға кешімізді дәстүрлі әнмен әрлегені үшін алғыс білдіреміз. 
 

Семинарды ұйымдастырушылар: А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі А.Б.Салқынбай, кафедра меңгерушісінің ғылым жөніндегі орынбасары С.И. Игиликова.