2.19. Түлектерді жұмыспен қамту

2.19.1. Университет түлектердің жұмысқа сәтті орналасуын білім беру қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. Университет еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді көпжақты ынтымақтастықты қолдайды; қызметкерлердің ішінен оқытушы-практиктарды сабақ өткізуге тартады, соның ішінде сыртқы ұйымдарының базасының негізінде, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік пен сұранысты қамтамасыз ету мақсатында, ҚазҰУ түлектерінің қорытынды аттестациялауына қатысады.
2.19.2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін, ҚазҰУ білім алушылары мен түлектерін, жұмыс мүмкіндіктері мен кәсіби тағылымдамалар туралы ақпараттандыру мақсатында, университеттегі түрлі іс-шараларға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ететін, мансап және кәсіби даму Орталығы жұмыс істейді.
2.19.3. Факультеттер еңбек нарығымен, факультет түлектерінің арасынан құрылған, жұмыс берушілер Кеңесі арқылы тұрақты байланыс орнатады. Жұмыс берушілер Кеңесінің өкілеттіктері мен жұмыс жоспарын факультет басшылығы алдында тұрған стратегиялық міндеттер негізінде анықтайды.
2.19.4. Жұмыс берушілер Кеңесінің тиімділігіне талдауды, факультеттің Ғылыми кеңесімен, жылына кемінде 2 рет білім алушылар мен оқытушылардың қатысуымен жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша факультеттің Ғылыми кеңесі ұсыныстар жасайды, олардың орындалуы факультеттің әдістемелік бюросы тарапынан тұрақты түрде бақыланып отырады.
2.19.5. Университеттің білім алушылары мен түлектері өздерінің түйіндемелерін әлеуетті жұмыспен қамтамасыз етуші ұйымдарға жіберуге, сондай-ақ «Жастар және мансап» корпоративтік порталы арқылы жұмыс вакансияларымен танысуға мүмкіндіктері бар.
2.19.6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім бағдарламаларын (бакалавриат) оқып жатқан білім алушылар, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының білім алушылары (мемлекеттік білім беру тапсырыс негізіндегі магистратура және докторантура), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бітіру курсында оқу аяқталғаннан кейін міндетті түрде тиісті бейінді ұйымда жұмыс жасауға бөлінеді.
2.19.7. Бітіру курсының бөлінуі, жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін, арнайы құрылған тарату комиссиясы арқылы іске асырылады.
2.19.8. Әр білім деңгейінің түлегі өзінің факультеті бойынша жеке үлестіру хаттамасына қол қояды. Бұл хаттамаға факультеттің жеке үлестіру комиссиясының қолдары қойылып, Мансап және кәсіби даму орталығына күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін ұсынылады.
2.19.9. Оқудан кейін жұмыс міндеттемелерінен босатылу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады
2.19.10. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын және өзінің жұмыс міндеттемелерін орындағысы келмейтін түлектер, оқуына жұмсалған қаржы қаражатын толығымен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Қаржы орталығына қайтаруға міндетті. Олай болмаған жағдайда, оларды оқытуға жұмсалған мемлекеттік бюджет қаражатын Қаржы орталығы сот тәртібімен өндіріп алады.