1.1. Университет миссиясы

Университет миссиясы – ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандардың кадрлық әлеуетін қалыптастырудан, ел және әлем азаматтарын қалыптастыруда сапалы жаңа нәтижеге қол жеткізуден және білімді беру және көбейту арқылы қоғамның тұрақты дамуынан тұрады.
Университеттің мақсаты – қоғамдағы прогрессивті экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістердің локомотиві болу; отандық және Еуразиялық еңбек нарықтары үшін олардың сұраныстарымен ел мен өңірді дамыту перспективаларына сәйкес кадрлық әлеуетті қалыптастыру; университет ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыру арқылы елдің тіршілік әрекетінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ету; ұлттың білім алуын, оның зияткерлік, мәдени, адамгершілік әлеуетін арттыруды қамтамасыз ету.
Университет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2011 жылғы 18 ақпандағы "Ғылым туралы", 2015 жылғы 31 қазандағы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы" Заңдарына және білім беру және ғылыми қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жарғысына  сәйкес жүзеге асырады.