2.18. Кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру және өту

2.18.1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары, жоғары оқу немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын өту барысында, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспары бағдарламаларында қарастырылған кәсіби практикадан өтеді.
2.18.2. ҚазҰУ білім алушыларының кәсіби практикадан өтуі, университетте оқудың барлық кезеңінде практикалық дағдылар мен құзыреттіліктерді үнемі қалыптастыруды көздейтін, үздіксіз практикалық дайындық тұжырымдамасына негізделген.
2.18.3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларының кәсіптік практикасының негізгі және міндетті түрлері: оқу барысындағы, педагогикалық, өндірістік, диплом алдындағы және ғылыми-зерттеу.
2.18.4. Практиканың барлық түрлері, университет ректорының бұйрығымен бекітілген, практика жетекшілерінің басшылығымен өтетін, ұйымдастырудың негізгі талаптары мен шарттарын қамтитын, практикалық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2.18.5. Практиканың бағдарламасы, мамандықтың профилін, кәсіпорынның сипатын, практикалық жаттығу орындарын ұйымдастыру (практикалық база), күтілетін оқу нәтижелерін ескере отырып, шығаратын кафедрамен әзірленеді және факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі.
2.18.6. Өндірістік практиканың бағдарламалары практика базасына сәйкес болуы керек.
2.18.7. Практиканың барлық кезеңдерін ұйымдастыру, түлектердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес, білім алушылардың кәсіби шеберліктерін игерудің сабақтастығы мен дәйектілігін қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
2.18.8. Білім алушының оқу практикасы университеттің бөлімдерінде немесе кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда өткізілуі мүмкін.
2.18.9. Білім алушылардың өндірістік, педагогикалық, диплом алды практикасы, әдетте, практика базасын ұсыну туралы қолданыстағы келісімдерге сәйкес, практика базасы болып табылатын кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда өткізіледі.
2.18.10. Білім алушының кәсіптік практикасын өткізу туралы ұйымдармен келісім-шарттардың уақытылы жасалынуы, практика базасының білім беру бағдарламасының профиліне және оқу нәтижелерінің күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі, тағайындалған практика жетекшілерінің жұмысын қадағалайтын, кафедра жетекшілеріне жүктеледі.
2.18.11. Практика жетекшілері білім алушының кәсіби практикасын уақтылы сапалы ұйымдастыруға жауап береді, «УНИВЕР» жүйесінде білім алушының практика күнделіктерін уақтылы толтырылуын бақылайды, білім алушыға практикамен байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді және практика нәтижелерін «УНИВЕР» жүйесіндегі аттестациялау ведомосына толтыра отырып жүзеге асырады.
2.18.12. Білім алушылар, ұсынылған практика базасы білім беру бағдарламасына және практикалық дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағдарламаның күтілетін нәтижелеріне сәйкес келсе, кәсіптік практиканың базасын өз бетінше іздеуге және практика өтуі туралы келісім жасасуға бастамашылық етуге құқылы.
2.18.13. Үздіксіз практикалық дайындық тұжырымдамасын іске асыру үшін, білім беру бағдарламасын меңгеру аясында, кәсіби практиканың әр түрлі түрлерінің негізінде олардың жыл сайын өтуін қамтамасыз ететін ұйымдармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық ынталандырылады, осылайша білім алушылардың қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастырудағы сабақтастыққа ықпал етеді.
2.18.14. Практиканы өткізу мерзімін Университет оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес Университеттің және өндірістік базаның мүмкіндіктері - тәжірибе базалары мен білім алушының дайындық деңгейін ескере отырып белгілейді.
2.18.15. Білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары практиканың әр түріне сәйкес келетін кредит санын анықтайды. Білім алушылар практиканың тиісті түріне тіркеледі және оны жеке оқу жоспарына қосады.
2.18.16. Практикадан өтетін білім алушы практика нәтижелерін жазбаша есеп түрінде жасайды, оны академиялық күнтізбеге сәйкес тиісті аралық аттестаттау кезеңінде, бітіріп жатқан кафедрада комиссияның алдында қорғайды.
2.18.17. Білім алушының практика нәтижелерін бағалау теориялық дайындықтың бағаларына теңестіріледі, стипендияны тағайындауды қарастырғанда, жалпы GPA есептегенде және оны келесі оқу жылына ауыстырған кезде ескеріледі және практика ведомосына енгізіледі.
2.18.18. Практиканың қорытынды нәтижелері, практика базаларының өкілдерінің қатысуымен, факультеттің Ғылыми кеңесінде шығарылады.
2.18.19. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламасына практиканың екі түрі (педагогикалық - білім беру мекемесінде және зерттеу – диссертацияны жазу орнына байланысты) енеді.
2.18.20. Магистратура мен докторантураның педагогикалық практикасының мақсаты - жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық қызметке дайындық, оқу процесін жүзеге асыруда практикалық дағдыларды игеру және шоғырландыру, оның ішіне арнайы пәндерді оқыту, білім алушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, пән бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс кіреді.
2.18.21. Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу үрдісінен үзіліссіз жүргізілуі мүмкін.
2.18.22. Зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның соңғы ғылыми-технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеумен және интерпретациямен танысу, диссертациялық зерттеулер үшін практикалық және нақты материалдар жинау мақсатында өткізіледі.
2.18.23. Мамандандырылған магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламасына өндірістік практика кіреді. Өндірістік практика оқу процесінде алған теориялық білімді бекітуге, зерттеу және кәсіби құзыреттіліктерді алуға бағытталған.
2.18.24. Педагогикалық практиканың нәтижелері қорытынды конференцияда білім алушының баяндамасы мен хабарламасы жасалғаннан кейін талқыланады. Педагогикалық практика бойынша қорытынды бағаны құрамына педагогика, психология мұғалімдері және бітіруші кафедраның практика жетекшісі кіретін комиссия қояды.
2.18.25. Зерттеу және өндірістік практика нәтижелері жазбаша есеп түрінде шығарылады, ол бітіруші кафедраның комиссиясына жіберіледі
2.18.26. Білім алушы кәсіби практиканың барлық түрлерін уақтылы тапсырып, жеке оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес практика нәтижелерін аттестациялау қажет.