2.6. Құжаттарды қабылдау және жоғары білім беру бағдарламасына білімалушыларды қабылдау (бакалавриат)
2.6.1. ҚазҰУ-дың жоғары білім беру бағдарламаларында (бакалавриат) оқитын студенттер контингентіне үміткерлерді қабылдау ҚазҰУ жоғары білімінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға қабылдаудың үлгі ережелері негізінде жүзеге асырылады.
2.6.2 Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің контингентін қалыптастыру ҚазҰУ-да білім беру гранттарын республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер түрінде түскен қаражат, сондай-ақ азаматтар мен басқа да көздер есебінен оқуға орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
2.6.3 Бакалавриаттың білім бағдарламаларына орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар және түсу тесттерін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және / немесе жазбаша түрдегі шығармашылық емтихан түрінде тапсырған адамдар қабылданады.
2.6.4 ҚазҰУ-ға түсу үшін ҰБТ баллдары. ҚазҰУ-дың типтік жоғары білім беру бағдарламалары үшін 65 балдан кем емес, ал «Педагогикалық ғылымдар», «Ауылшаруашылығы және биологиялық ресурстар», «Ветеринарлық медицина» бағыттары үшін - 60 баллдан кем емес, оның ішінде 5 балдан кем емес - Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы - оқыту тілі және шығармашылық дайындықты қажет ететін жоғары оқу орындарына түсетіндерден басқа әр пән бойынша 5 баллдан кем емес.
2.6.5. ҚазҰУ-ға түсу үшін ҰБТ дан өту балы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін, оқытудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсетін кемінде 25 баллды, оның ішінде жалпы бейінді пән бойынша кемінде 5 баллды және шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білім беру бағдарламаларына түсушілерді қоспағанда, бейіндік пән бойынша кемінде 5 баллды құрайды.
2.6.6. Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші талапкерлерге ҰБТ дан және шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша кемінде 65 балл, ал "педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша кемінде 60 балл, оның ішінде: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы - оқу тілі бойынша кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
2.6.7. Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білім беру бағдарламаларына оқуға түсетін, қысқартылған оқу мерзімін қарастыратын ұқсас бағыттар бойынша, ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
2.6.8. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлға, жоғары білімнің ұқсас бағыттарына қысқартылған оқу мерзіміне түсетіндерді қоспағанда, бекітілген Типтік ережеге сай шекті балды алмаған тұлға (ҰБТ қорытындысы бойынша), жоо күндізгі бөліміне ақылы түрде бірінші академиялық кезеңді аяқтағанша қабылданады.
2.6.9. Бірінші академиялық кезеңді тәмамдаған осы тұлға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылы 2 мамырда бекітілген №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық Бірыңғай тестілеуді өткізу Ережесіне сәйкес ҰБТ қайтадан тапсырады.
2.6.10. Қажетті шекті балл жинамаған талапкерлер бірінші академиялық кезең (семестр) аяқталғанға дейін ақылы негізде қабылданады. Оқудың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін осы тұлғалар ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу ережесіне сәйкес белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.
2.6.11. Ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімін көздейтін шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жоғары білімі бар тұлғаларды қабылдау жазбаша қабылдау емтихандарының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсетіндерді қоспағанда. Оқу мерзімінің ұзақтығы екінші жоғары білім алу негізінде бірінші жоғары мамандығына ұқсас емес бағдарламалар мерзімі 3 жылдан кем емес.
2.6.12. Ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімін көздейтін шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жоғары білімі бар тұлғаларды қабылдау шығармашылық емтихан нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
2.6.13. Бакалавриатта ақылы негізде оқу үшін шетел азаматтарын қабылдау ҚазҰУ-дың Қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесу нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең (семестр) басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
2.6.14. Бакалавриатқа түсетін тұлғаларды қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде белгіленген үлгідегі сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2.6.15. Арнайы және (немесе) шығармашылық дайындықты қажет ететін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары топтарына, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру(медицина)» білім беру бағдарламаларына қабылдау арнайы нәтижелердің ескерілуімен және (немесе) шығармашылық емтихандармен жүзеге асырылады.
2.6.16. Оқуға түсу үшін үміткерлер ҚазҰУ қабылдау комиссиясына қабылдау жөнінде өтініш оған қосымша ақпаратты университет сайтында «Талапкерлерге» бөлімінде көрсетілген құжаттар беріледі.
2.6.17. Шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қамтамасыз етіледі.
2.6.18. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар қабылданғаннан кейінгі бірінші академиялық оқу кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
2.6.19. Білім алушыларды бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына қабылдау ҚазҰУ ректорының бұйрығымен 10-25 тамыз аралығында университеттің қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.
2.6.20. Бакалавриат білім беру бағдарламасына түсушілер, тиісті білім беру тобынан білім беру бағдарламаларын таңдайды. Әр білім беру бағдарламасының мазмұны жайындағы ақпаратты университет сайтында «Талапкерлерге» бөлімінен және 10-15 тамыз аралығында қабылдау комиссиясының кеңесшілерінен алуға болады.
2.6.21. Қабылдау жоғары білім беру бағдарламалары және тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.
2.6.22. Мемлекеттің гранты негізінде бакалавриат бағдарламасына түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеуге келісім жасайды.
2.6.23. Оқуға түсушілерге шарт негізінде ақылы білім беру қызметін көрсету жағдайында рәсімдеу, білім беру кредиті екінші деңгейдегі банктер беретін оқуға түсуші студент, Жоо банктен тиісті анықтама құжаттарды ұсынған кезде қабылдау қарастырылады. Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген тиесілі соманы төлеу мерзімін ұзарту ұсынылады және оқуға қабылдауға дейін білім беру кредитін төлеу, бірақ банктен анықтама алған сәттен бастап 4 (төрт) апта кезеңінде ресімдеуге жатады.
2.6.24. ҚазҰУ-ға әр мамандыққа ақылы негізде қабылдау шектеулі орындар үшін жүзеге асырылады және университет стандарттарымен, университеттің Ғылыми кеңесі қабылдаған шешімдермен реттеледі. Әр мамандық үшін өту баллының шекті деңгейі белгіленеді.
2.6.25. Университет білім беру саласындағы уәкілетті органға қабылдау аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде жоғары білім беру бағдарламаларына қабылдау туралы қорытынды есеп ұсынады.