2.29. Білім беру үдерісінің транспаренттілігі
2.29.1. Университетте білім беру үдерісін ұйымдастыру ашық, объективті және этикалық норма принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2.29.2. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы:
- оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге;
- оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
- бақылаудың барлық түрін объективті жүзеге асыруға;
- әріптестері мен білім алушылар тарапынан айтылған сынды дұрыс қабылдауға және оны өзін-өзі жетілдіру үшін пайдалануға тиісті.
2.29.3. Университет әкімшілігі білім беру үдерісінің барынша ашықтығын, объективтілігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруы тиіс.
2.29.4. Университетте әлеуметтік, нәсілдік, гендерлік, этникалық, діни белгілері бойынша кемсітушіліктің кез-келген түріне жол берілмейді.
2.29.5. Университет инклюзивті білім беру және халықтың барлық топтары үшін білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету принципін ұстанған.