Жаңалықтар

Білім беру бағдарламаларын онлайн аккредитациялау

28.05.2021

2021 жылдың 28 мамырында KazSEE Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының Геоботаника және Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау білім беру бағдарламаларын онлайн аккредитациялаудан өткізді. Бұл іс-шараға оқытушылар Курманбаева М.С. б.ғ.д., профессор м.а., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, Инелова З. А. б.ғ. к., қауымдастырылған профессор, Ахтаева Н.З. б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нурмаханова А.С., б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамурова А.Т., PhD докторант Кегенова Г.Б., Мамилов Н. Ш. б. ғ. к., доцент, Сапарғалиева Н. С. б. ғ. к., доцент м. а., Есжанов Б. Е. б.ғ. к., доцент, түлектер және жұмыс берушілер Абугалиева С. И. б. ғ.д., профессор, "Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты" молекулалық генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері, Туруспеков Е.К. б. ғ. к., "Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты" молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, Ситпаева Г. Т. б. ғ. д., профессор, ҚР БҒМ ҒК "Ботаника және фитоинтродукция институтының" бас директоры, Айдарбаева Д. К. б.ғ.д., Қазақ ҰПУ-ң профессоры, Избастина К.С. PhD, Альмерекова Ш. С. PhD , Запарина Е. Г. магистр, Тұрсынәлі М. Т. – "MG" ЖШС Бас директоры, Абилов Б. аквамәдениет зертханасының меңгерушісі ЖШС ҒӨО ҚАЗҒЗҒЗИ, студенттер Құсманғазинов Ә.Б., Оразов А. Е., Сумбембаев А. А., Кегенов Е. Б. Барлық қатысушылар сарапшылар тобының барлық сұрақтарына нақты және толықтай жауап берді.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

26.05.2021

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қымбатты доценттері* Шалгимбаева Сәуле Мухаметкалиевна мен Омарова Жанар Сағатовнаны, оқытушы Джумаханова Гаухар Бактияровнаны «Микротехника негіздері» атты еңбегіне Авторлық куәлік алуымен құттықтаймыз!  

Ұжым атынан алдағы уақытта да барлық жоспарларыңыз сәтті өтіп, іске ассын деп тілейміз! Еңбегіңіз еш кетпей, жұмысыңыздың жемісін көріп, айналаңыздың ілтипатына ие болыңыз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

26.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., доцент* Омарова Жанар Сағатовнаның Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығының 4-курс студенті Адал Лашын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясында “Зайсан көлінің кейбір балықтарының паразитологиялық зерттеулері” атты тақырып қорғап жүлделі 2- орын иегері атанғанымен құттықтаймыз. Ұжым атынан құттықтай отырып үлкен жетістіктер мен өркендеу тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

26.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., доцент* Шалғимбаева Сәуле Мухаметкалиевнаның Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығының 4-курс студенті Жанысбай Гулмарал Төлегенқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясында “Шарын Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі су қоймасындағы қабыршықшыз көкбас балықтарының кейбір мүшелеріне ихтиопатологиялық анализ жасау” атты тақырып қорғап жүлделі 2- орын иегері атанғанымен құттықтаймыз. Ұжым атынан құттықтай отырып сізге шығармашылық идеялар, шабыт және сарқылмас оптимизм тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Солтүстік Тянь-Шань экспедициясы

20.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, Зоология институты және Алматы қорығының табиғат зерттеушілері Іле және Күнгей Алатауында сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілерді зерттеу мақсатында Солтүстік Тянь-Шаньға экспедицияға шықты. Жобаға француз кинорежиссерлері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

19.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1-курс докторанты және оқытушысы Құсманғазинов Әділ Болатұлы ТМД жастары арасында өткен «Үздік жас ғалым - 2021» жобасына қатысқаны және өзінің қабілеті мен талантын көрсете білгені үшін Халықаралық «Genius» спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» халықаралық конференцияда төсбелгімен және алғыс хатпен марапатталды. ТМД жас ғалымдары атты кітап жинаққа жас ғалымның өмірбаяны енді. Ғылыми жетекшісі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна. Кафедраның атынан ғылыми жетекші мен жас ғалымды құттықтай отырып, тың шығармашылық ойлар мен биік кәсіби жетістіктер тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Назерке Бижанованы құттықтаймыз!

18.05.2021

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және 2 курс докторанты Бижанова Назерке Әлімқызы ТМД жастары арасындағы ең үздік жас ғалымдардың бірі атанды! Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапатталды. «Үздік жас ғалым» жобасын Genius халықаралық спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырды. Кафедра ұжымы Назерке Бижанованы жетістіктерімен құттықтайды және одан әрі дамуы мен табыстар тілейді!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

16.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1-курс докторанты Құсманғазинов Әділ Болатұлы ТМД елдері арасындағы ең үздік жас ғалымдардың бірі болдыХалықаралық «Genius» спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» халықаралық онлайн конференция кезінде медальмен және алғыс хатпен марапатталды. Кафедраның атынан докторант ғалымды құттықтай отырып, тың шығармашылық ойлар мен биік кәсіби жетістіктер тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Ашық есік күні»

15.05.2021

2021 жылы мамыр айының 15 күні сағат 11:00-де «Биология және биотехнология» факультетінің кәсіби бағыт бағдар беруге жауапты оқытушылық құрам мен Galaxy оқушыларды даярлау орталығының ұйымдастыруымен  онлайн форматта «Ашық есік күні»  өткізілді!

Ашық есікке қатысқан қатысушылар: биология және биотехнология факультетінің оқу ісінің орынбасары З.А. Инелова, химия және химиялық технология факультетінен Б.С. Бәкірова филология және әлем тілдері факультетінен Т.Б. Рамазанов, заң факультетінен З. Аданбекова, Galaxy оқушыларды даярлау орталығының директоры Б.Н. Рысбай, Ақпараттық технология факультетінен Б.Қ. Абенов биотехнология кафедрасынан Г.И. Ерназарова, С.К. Турашева, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасынан С.М. Шалгимбаева, И.М. Жаркова, Г.Б. Джумаханова биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасынан А.Н. Қожахметова, молекулалық биология және генетика кафедрасынан Н.А. Алтыбаева қатысып Факультеттер туралы бағыт бағдар берді. Іс шара екі сағаттан аса уақыт алды. Іс шарамызға Galaxy education орталығының білім алушылары,Тараз қаласындағы №53, 39, 45, 46, 38, 49, 10 орта мектептердің оқушылары мен ата-аналары қатысты. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

Автор: Г.Е. Ерназарова, Г.Б. Джумаханова

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

 

 

Ары қарай оқу >>

Назерке Бижанованы Rufford Small Grants жобасын аяқтаумен құттықтаймыз!

13.05.2021

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 2 курс докторанты Назерке Бижанова «Солтүстік Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігіндегі Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) популяциясы және сақтау жағдайы» тақырыбында жобаны аяқтады. Жобаны Раффорд Фонды (Rufford Foundation, Rufford Small Grants for Nature Conservation) қаржыландырды.

Зерттеу тобының мүшелері: Назерке Бижанова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты және Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері, жоба жетекшісі; Алексей Грачев, Зоология институтының Териология бөлімінің меңгерушісі; Юрий Грачев, Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері; Салтөре Сапарбаев, Алматы қорығы мен Зоология институтының ғылыми қызметкері; Ерлик Байдавлетов, Зоология институтының және Іле-Балқаш табиғи қорығының ғылыми қызметкері; Сергей Беспалов пен Максим Беспалов, Зоология институтының аға лаборанттары.

Жобаның арқасында Еуразиялық сілеусіннің сирек кездесетін түр тармағын толығырақ зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл зерттеулер Назерке Бижанованың «Солтүстік Тянь-Шань тауларында мекендейтін Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) таралуы мен таксономиялық орны» тақырыбындағы докторлық диссертациясының бөлігі болып табылады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>