Жаңалықтар

ТДМ4. Тұрақты даму аясындағы сапалы білімге қол жеткізу мақсатында Дебрецен университетінде (Венгрия) Эрусмус+ бағдарламасы бойынша тағлымдама

26.09.2023

Абидкулова Каримэ Тулегеновна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 8D05108-Геоботаника мамандығының 2 курс докторанты. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап күзгі семестрді Дебрецен университетінде (Венгрия) Эрусмус+ бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алды. Бұл бағдарламаны 2023 жылы Дебрецен университетінің ғылым және технологиялар факультеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы жеңіп алды (кафедра меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С). Осы бағдарламаның арқасында докторант Абидкулова К.Т Өсімдіктердің молекулалық таксономиясы курсы және доктор Габор Шрамконың зертханасында зерттеу жұмысы курсы бойынша білім алуда. Ол сондай-ақ профессор Аттила Молнар және оның докторанттарымен бірге Lycopodiaceae тұқымдасының әртүрлі түрлерін, инвазивті түрлерді және Галателла тұқымдасының гибридін зерттеу бағдарламасы аясында Токай ауданына (Прикарпатье) бір күндік далалық сапарға қатыса алды.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндеТұрақты даму мақсаттарына сәйкес «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық конференция өтті

22.09.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарына байланысты Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Әметов Абибулла Әметұлының 80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 22 қыркүйек 2023 жылы жоғары деңгейде өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 80 жылдық мерейтоймен құттықтап, әл-Фараби күміс медалімен мерей той иесін марапаттады. Іс-шараға Түркия, Ресей елдерінен және Қазақстанның көптеген қалаларынан, атап айтқанда Астана, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және Түркістан қалаларынан баяндамашылар конференцияға белсенді атсалысты. Биоалуантүрлілікті сақтау, табиғи жайылымдық жерлердің қысқаруы және шөлді аймақтардың ұлғаюы мәселелері талқыланды. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Г.Т.Ситпаева және ұжымы құттықтау сөз алып, Абибулла Әметұлының ботаника саласында сіңірген еңбегін атап өтті. Шөлдену мәселелері және оны шешу жолдары ұсынылды, геоботаниктердің санын арттырып, табиғи жайылым жерлердің паспортын даярлау туралы өзекті мәселелер талқыланды. Алматы, Астана қалаларының ЖОО профессорлары құттықтауларын жолдады. Халықаралық конференцияда автордың кітапханалық көрмесі ұйымдастырылып, ІІІ томдық «Өсімдіктер систематикасы» оқулығының тұсауы кесілді. Әр қаладан келген ғалымдар пленарлық баяндамалар жасаса, жас ғалымдар, студенттер мен магистранттар секциялық бөлімдерде ғылыми жұмыстарын баяндап, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан келген жас ғалымдар І, ІІ және ІІІ орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. Абибулла Әметұлының мектеп оқушыларына арналған оқулықтар мен ЖОО студенттеріне арналған оқулықтары республиканың барлық аймағына танымал және құнды болып табылады. Абибулла Әметұлының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық конференция нәтижесінде шөлейттену мәселелері және оны шешу жолдары ұсынылды, геоботаниктер санын арттырудың және табиғи жайылымдық жерлердің паспорттарын дайындаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

ТДМ 13 «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары»

14.09.2023

«Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

 Құрметті әріптестер!

Сіздерді биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Аметов Абибулла Аметовичтің

80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция 2023 жылдың 22 қыркүйегінде

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтеді. Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Конференцияда биология мен экологияның өзекті мәселелері бойынша баяндамалар мен мәлімдемелер тыңдалады және талқыланады, іргелі және қолданбалы зерттеулердің перспективалары қорытындыланады және белгіленеді. Материалдар электронды жинақта (ISBN тағайындауымен) жарияланады және www.kaznu.kz сайтында орналастырылады.

Конференцияға қатысуға ғылыми қызметкерлер, университет профессорлары, оқытушылар, әртүрлі профильдегі мен бағыттардағы мамандар, жас ғалымдар шақырылады.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

27.06.2023

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 5 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы аясында халықаралық «Болашақ» стипендиясын ұтып алды. Тізімі төменде:

1. Курманбаева Меруерт Сакеновна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі;

2. Сапарғалиева Назым Сапарғалиқызы - биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

3. Жумагул Молдир Жакыпжановна - PhD, аға оқытушы, постдокторант;

4. Құсманғазинов Әділ Болатұлы - PhD докторант, оқытушы;

5. Карабалаева Дина Эзимхановна - PhD докторант, оқытушы.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Сіздерді жыл сайынғы дәстүрлі түлектер кездесуіне шақырамыз!

22.05.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар 

кафедрасы

Құрметті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының түлектері! 

Сіздерді жыл сайынғы дәстүрлі түлектер кездесуіне шақырамыз!

Кездесу: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті, 214 аудитория

Уақыты: 27 мамыр 12.30-да 

Байланыс телефондары: +7 707 110 44 39; +7 701 561 77 05

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

 

 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ ПРОФЕССОР ТАМАРА ШАЛАХМЕТОВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

20.04.2023

ҚАЗҰУ ПРОФЕССОР ТАМАРА ШАЛАХМЕТОВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Тамара Шалахметованың 70 жылдығына арналған «Биомедицина мен экологиядағы заманауи жетістіктер» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Белгілі ғалым, биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі ҰҒА корреспондент-мүшесі Тамара Минажқызы Шалахметова С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың биология факультетін бітірген. Университеттегі еңбек жолын аға стажер-зерттеушіден бастап, биология факультетінің деканы және ҚазҰУ жанындағы Экология мәселелері ҒЗИ директоры қызметін атқарды.

амара Шалахметова – жасуша биологиясы саласындағы танымал ғалым. Ол 2003 жылы Ресейдің жасуша биологиясы жөніндегі халықаралық қоғамының мүшесі болып сайланды (РҒА Цитология институты, Санкт-Петербург қ.). ҚР БҒМ ғылымдағы үздік жетістіктері үшін екі рет мемлекеттік шәкіртақының иегері атанды.

Ғылыми конференция жұмысына ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамының өкілдері және т.б. қатысты.

Іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Тамара Шалахметованың еңбегін жоғары бағалап, ғылыми және педагогикалық қызметте табыс тілеген құттықтау хаты оқылды.

Конференцияның пленарлық отырысы барысында Иллионойс мемлекеттік университетінің профессоры Джеймс Ли, профессор, ҚМДБ ҰҒА академигі Зұлхаир Мансұров, Назарбаев университеті Биология кафедрасының профессоры Дос Сарбасов, медицина ғылымының докторы, профессор, «Назарбаев университеті» ДББҰ Адам микробиомы және ұзақ өмір сүру зертханасының меңгерушісі Алмагүл Көшіғұлова, Ф.М.Мұхамедғалиев атындағы Эксперименталдық биология институтының директоры, профессор Ержан Тойшыбеков және т.б. баяндамалар жасады.

https://drive.google.com/file/d/1vrI65VLKQSEwBPXLrOPBiR4MCz796LMY/view  

сборник конференции Тамары Минажевны

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы  

www.kaznu.kz 


Ары қарай оқу >>

«Биологиялық алуантүрлілікті сақтау және өсімдіктерді тиімді пайдаланудың заманауи жетістіктері»

06.04.2023

2023 жылдың 6 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық қоршаған ортаны қалпына келтіру академиясының мүшесі, профессор Иса Омарұлы Байтулиннің 95 жылдығына арналған «Биологиялық алуантүрлілікті сақтау және өсімдіктерді тиімді пайдаланудың заманауи жетістіктері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар И.О. Байтулин атындағы заманауи қондырғылармен жабдықталған аудиторияның ашылу салтанаты өтті. Дөңгелек үстелге Иса Омарұлының балалары мен немерелері, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры б.ғ.д., профессор Ситпаева Гульнара Токбергенова бастаған ұжым, Астана Халықаралық университетінің Вице-Президенті б.ғ.д., профессор Мырзагалиева Анар Базаровна, Алтай ботаникалық бағының директоры PhD Сумбембаев Айдар Айтказыевич, Биология және биотехнология факультетінің және биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы қатысты.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

06.04.2023

2023 жылдың 6-8 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультетінде "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың кезекті халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» секциясында жалпы 90 тезис қабылданды. Оның ішінде басқа университеттерінен келген тезис саны – 20, соның ішінде отандық – 17, ТМД мемлекеттерінен 3 тезис. 1 тезис - Қазақ ұлттық қыздар пед

Педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Нархоз университеті (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Қазақ-Ресей медициналық университеті (Алматы, Қазақстан); 2 тезис - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен, Қазақстан); 1 тезис - Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы институты (Алматы, Қазақстан); 6 тезис - Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Ботаника және фитоинтродукция институты (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Генетика және физиология институты (Алматы, Қазақстан); 2 тезис - Өзбекістан Республикасы Ғылым академиясы, Ботаника институты (Ташкент, Өзбекістан); 1 тезис - Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент, Өзбекістан); 1 тезис - Халықаралық Бизнес академия колледжі (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - №82 жалпы білім беру мектебі (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - №203 жалпы білім беру мектебі (Алматы, Қазақстан), ал қалған 70 тезис әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен қабылданды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды.

21.03.2023

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі «Жаңа Қазақстан: ұлтты ұйыстыратын құндылықтар» атты мерекелік бағдарламасы бойынша өткізілді. Бұл мерекеге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, факультет ардагерлері, ҚазҰУ оқытушылары және студенттері қатысты. Осы 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін жаңаша форматта өткізді. Ерекшеліктерге келетін болсақ: осы жылы келген қонақтар тек қана той тойлап, қарын тойғызып қана қоймай әртүрлі құндылықтарды дәріптеп ұлттық ойындар мен бірінен бірі өткен көрмелер ұйымдастырды. Сол көрмелер ішінде Биология және Биотехнология факультеті де кішігірім өз көрмесін ұсынды. Биологтар киіз үйінің алдына түрлі түсті бөлме гүлдері қойылды және екінші жағына Биология факультетінің мақтанышы Биология муражайынан алып келінген жануарлар тұлыптары қойылып, бүркітші мен бүркіт алып келінді. Біздің кішігірім көрмеміз келген қонақтарды қуантты. Факультетіміздің өнерлі студенттері ұлттық аспаптарда ойнап күй тартып, ән салды. Ал, Иран, Үндістан, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты алыс-жақын шетелдерден келген студенттіріміз өз өнерлерін ортаға салып кезек кезек би билеп ортаны қыздырды. Қазақ елі наурыз мерекесі құтты болсын. Еліміз аман жұртымыз тыныш, бейбітшілік заман болсын.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының

аға оқытушысы Джумаханова Г.Б.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>