Іс-шаралар

5 қараша 2014 жылы №7 Студенттер үйінде «Алтын күз» байқауында«Ең жарасымды жұп»номинациясын «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының 1 – курс студенттеріБаймбетова Жаңылғанжәне қатысушы жұбыИгілік Рауаниеленді.


"Алматы мемлекеттік табиғи қорығына" саяхат

01.02.2014 жылы "Табиғат және адамзат" атты кураторлық тәрбие сағаты болды. "Балық шаруашылығы кәсіптік балық аулау" мамандығының 2 курс студенттері, Қазақстанның қорғауға алынған жеріне экскурсияға "Алматы мемлекеттік табиғи қорығына" шықты. Бұл экскурсия барысында, қорықта тіршілік ететін жануарлармен танысып, соның ішінде сиреп бара жатқан және Қазақстанның қызыл кітабына енген жануарлармен танысты.





«Темекінің зияны»

2013 жылғы 25 қараша күні Биология және биотехнология факультетінің Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында «Салауатты өмір салты» тақырыбының аясында «Темекінің зияны» атты тақырыпта кафедра куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Экология» және «Биология» мамандықтары бойынша білім алатын студенттер арасында пікірталас өтті. Бұл отырыста темекінің адам организміне, ондағы қан айналу, жүйке, тыныс алу жүйелеріне, есту, көру мүшелеріне, жекелей әрбір органға, жүктілікке, жас нәрестеге қалай әсер ететіні туралы ақпараттар қызықты да мазмұнды етіп баяндалды. Басқа да осы аттас тақырыптағы отырыстардан бұл пікірталастың айырмашылығы – студенттер темекінің тарихы, құрамындағы зиянды қосылыстарды ғана біліп қоймай, темекіге қатысты басқа да балмалы қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ темекінің әсері туралы көпшілік арасында кең тараған жалған пікірлер туралы да мәселелер сөз болды. Пікірталастың тартысты өтуіне студенттер, куратор-эдвайзерлермен қатар салауатты өмір туралы факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары да өз ойын білдірді. Сөз соңында Абай атамыздың «бес нәрсеге асық бол..., бес нәрседен қашық бол...» деген сөзі, егер қазіргі таңда айтылған болса, жаман дағдылардың қатарына темекі, нашақорлықты да қосып айтар еді-ау деген ой айтылды.


1 курс ББ мамандығының магистранттарының Президент Мұражайына баруы

Биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының "Биология" мамандығынды оқитын 1 курс магистранттарының Тұңғыш Президент күніне орай "Президент Мұражайына" саяхат жасады.



ript>X-NONEript>


Салауатты өмір салтын бірге ұстанайық

16.11.2013 жылы Биология және биотехнология факультетінің аға куратор эдвайзері Шарахметов С.Е., Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға куратор эдвайзері Мамурова А.Т. және кафедра куратор эдвайзерлері: Кегенова Г.Б., Баймурзаев Н.Б., Ахтаева Н.З., Сапаргалиева Н.С., Ахметова А.Б. топ студенттері мен Медеу Спорт Кешеніне салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық іс шара өткізіп қайтты. Іс шара барысында әртүрлі спорттық ойын түрлеріне жарыстар (ұзындыққа жүгірі, қапппен секіру, конькимен жарыс) ұйымдастырылды. Конькимен жарыстан балық шаруашылығы мамандығының 201-202 топтары студенттері атап айтқанда Сансызбай Анар және Сармолдаева Гафиза мәреге бірінші болып жетті. Ұзындыққа жугіріден Айтжанова Маржан мен Саматова Әдемі бірінші болып мәреге жетіп бас жүлденге ие болды. Осындай табиғат аясында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізілетін іс шаралар әліде болашақта жалғасын табады деген үміттеміз.


"ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап"

15-қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кітапханасында Биология және биотехналогия факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлерінің 1-курс студенттері 13-01 және 13-02 топтарының ұйымдастыруымен Жүз кітап аясында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Қанаев ашылу салтанатын бастап сөз сөйледі. Әшімхан Тоқтасынұлы өз сөзінде: « Елдің болашағы жастардың қолында.Кез келген қазақ баласы Абай Құнанбаевтың өмірін, шығармашылығын, қара сөздерін, «Абай жолы» романын білу керектігін атап өтті. Келесі сөз кезегі Ахтаева Нұрсұлу Зияханқызына берілді. Нұрсұлу Зияханқызына студенттермен өз ойын бөлісті. Университетіміздің кітапханасында алғаш өткізіліп отырған дөңгелек үстел сіздердің тараптарыңыздан жоғары дәрежеде өткізілді. Осындай іс шара өткізу барысында студенттердің жан–жақты болуына, студенттердің араторлық қабілеттерінің жоғарлауына өз септігін тигізетіндігін ашып көрсетті. Дөңгелек үстелдің ауқымды тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы. Дөңгелек үстелге студенттер бір кісідей ат салысып, өз ойларын ортаға тастады. Түрлі мәселелерді талқылады. Әбдрахман Ақбота, Дігәрбекова Бота, Нокербанова Айдана өздерінің арнайы дайындап келген баяндамаларын оқып, әдемі жасалған презентацияларымен таныстырды. Абай атамыздың өміріне, қара сөздеріне тоқталды. Ондағы негізгі айтылған ойды ортаға салды. Әр түрлі жағдаяттарды түсіндірді. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі Ә.Т.Қанаев мырза тағыда осындай ауқымды тақырыпта дөңгелек үстел өткізіліп тұруына ұсыныс тастады. Осындай іс-шара ұйымдастырып отырған биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор - эдвайзерлеріне, 1-курс студенттері өзіндерінің алғыстарын білдіріп жатты.


2013жылдың 24 қазанында биология және биотехнология факультетінің деканы биология ғылымдарының докторы, профессор Тамара Минашқызы Шалахметованың қолдауымен студенттер арасында мини-футболдан «Кубок декана» турнирі ұйымдастырылды.

Жауапты:биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Баймұрзаев Н.Б.


20.09.2013 ж. Биология және биотехнология факультеті Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс- шараның мақсаты: Қазақ тілінің қолдану аясының ұлғайту, қазақ тілінің мәртебесін жоғарлату, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру.

Іс -шара қонақтары:

1. «Айқын» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Берік Бейсенұлы

2. Экономика бөлімінің шолушысы Құтмағамбет Қонысбай

Іс - шара ұйымдастырушылар: Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

Сабаққа қатысу нәтижесі бойынша

ПІКІР

Біз, төменде қол қоюшылар, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы кафедра меңгерушісі б.ғ.д, профессор Ә.Т. Қанаев және оқытушылары б.ғ.к., профессор м.а Ә. Ә. Әметов, Ә. Б. Бегенов, С. Т. Назарбекова., биология және биотехнология факультетінің әдістемелік бюросының мүшесі, б.ғ.к., доцент Ж.Қ Жүнісбаева. 2013 жылдың қазан айының 7 жұлдызында б.ғ.к., доцент қызметін атқарушы Б.М Тыныбеков “Дәрілік өсімдік шикізатын дайындаутақырыбында 5В060700 (ББ 101, 102, 103)- Биология мамандығының 4 курс студенттеріне 16 аудиторияда 08.30 – 09.20 аралығында «Қазақстан биоресурстары» пәні бойынша өткізген ашық дәріс сабағына қатыстық .

Сабаққа қатысу нәтижесі бойынша.doc


9 қазан 2013 жылы биология және биотехнология факультетінің профбюро мүшелерінің ұйымдастыруымен, факультет қызметкерлері мен студенттеріне арналған «Керекті қажетті заттардың тегін жәрмеңкесі» өтті. Ұйымдастырушылар бір апта көлемінде факультет қызметкерлері әкелген заттарды жинады. Олар: кітаптар, фильмдері бар дисктер, сувьенерлер, сумкалар, киімдер, тұрмысқа қажетті заттар және т.б. Біреуге қажет болмаған заттар, басқа бір адамның қажетіне жарауы мүмкін. Керек емес заттарды тастап, экологиямызды былғауға болмайды. Осы жәрмеңкені ұйымдастыру кезінде ең белсенді қатысушылар - биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы мен биомузей. Жәрмеңке сәтті өтті - әрбір зат өзінің жаңа иесін тапты. Жәрмеңкеге қатысқан көпшіліктің айтуы бойынша, осындай жәрмеңкелерді өткізу өте қажет және пайдалы болып табылады деді.


Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Сапаров Қуандық Әбенұлы 19 қыркүйекте 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бүгіні мен келешегі және “Биология және биотехнология факультетінің және оның құрамындағы кафедралар туралы” сөз болды. Студенттер қызығушылық білдіріп, көптеген сұрақтар қойды. Кездесу қызықты және тартымды өтті. Кездесу соңында студенттер домбырада ойнап берді.





«Семейде жас ғалымдар фестивалі өтті»

Еліміздің әр өңіріндегі зияткерлік мектептерден түрлі салада жаңалық ашуға талпынған 200-ден астам таланттылар Семейде жиналды. Онда «Болашаққа қадам» атты жас ғалымдардыңІРеспубликалық Ғылыми фестиваліөтті. Жас ғалымдарболашақтың энергиясы, жасыл энергияны өндіру, экология, экономика салаларына қажет жобаларын таныстырды.

Бұл өткізіліп отырған фестивальотандықғылымды қолдау. Жасталанттардың шығармашылық қадамдарына демеу беру үшін, қолға алынып отыр. Біз оқушылардыңғылымға деген көзқарасын ерте бастан қалыптастырып, бұл салаға өз үлестерін қосуға баулығанымыз жөн.


26.02.2013. «Қош бол қыс, Қош келдің көктем» атты Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалы директорының орынбасары Дауренбаев Шалқар Айдарұлы, Туризм инженері Абдрахманов Бағлан Нурланұлы эколог-ағартушысы Нұрбике Манаповна Қараубаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.С.Айдосова, доценттері Н.З.Ахтаева, Г.К.Ерубаева, А.Б. Ахметова, жетекші маман Билялова Гулсим Жуманқызы, аға оқытушы б.ғ.к., А.Т. Мамурованың кураторлық топтарының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында мерекелік іс-шара Қалалық деңгейде өткізілді. Мерекелік іс-шара Алматы қаласы, Іле-Алатау «Аю-сай» тау шат­қалынан болды. Жарысқа жи­­нал­ған­дар топтар арасында қысқы спорт ойындарынан, ұлттық ойындардар әртүрлі жарыстар ұйымдастырылып арнайы орындар және сыйлықтар таратылды


Мероприятия, проводимые кафедрой биоразнообразия и биоресурсовв честь 20-летия Независимости Республики Казахстан

Название мероприятия

Место проведения (№ зала, каб.)

Дата прове­дения

Время прове­дения

Отвественнос лицо

Контактные данные (внут.номер, моб.номер, @адрес)

1

Конкурс эссе для студентов 1-4 курсов и магистрантов на тему «Я будущий специалист независимого Казахстана», «Мен тәуелсіз Қазақстанның болашақ маманымын»

Итоги конкурса: 05.10.11г

535 ауд.,

5 этаж

До 30 сентября 2011 г

14-00

зам.зав. кафедрой Ерубаева Г.К., Сапаргалиева Н.С., ст. куратор-эдвайзерКегенова Г.Б.

12-12, 12-21

2

Товарищеские соревнования по тогыз кумалак, шахматам, шашкам среди студентов, магистрантов, докторантов и ППС кафедры в честь 20-летия РК.

16, 535 ауд

20 октября

2011г.

15-00

Преподаватели

Баймурзаев Н.Б.,

Тыныбеков Б.М. и кураторы эдвайзеры кафедры

12-12

3

Концертная программа студентов 3 курса на тему «Мы ровесники независимого Казахстана»

535 ауд. 5 этаж

28 октября

2011г.

14-00

Баймурзаев Н.Б.,

Сатыбалдиева Г.К.

12-12

4

Проведение кураторских часов на тему «20-летие независимости Республики Казахстан»

По расписанию кураторских часов

Ноябрь 2011

По расписанию кураторских часов

Кураторы –эдвайзеры кафедры:

Омарова Ж.С.,

Сапаргалиева Н.С.,

Сатыбалдиева Г.К.,

Кегенова Г.Б.,

Кан. О.М.,

Баймурзаев Н.Б.,

Шалгимбаева С.М.

Орманова Г.Ж.

Суворова М.А.,

Нестерова С.Г., Ахметова АБ., Ерубаева Г.К., Мамурова А.Т., Инелова З.А., Ахтаева Н.З.

12-12

5

«Современное состояние рыбной отрасли и перспективы его развития в независимом Казахстане». Встреча с директором форелевого хозяйства Гибадуллиным Ф.Ф., директором Капшагайского нерестно-выростного хозяйства Шалданбаевым Н.А. и зам. директора по науке КазНИИРХа Тимирхановым С.Р.

535 ауд. 5 этаж

25 ноября 2011 г.

15-00

Старший преподаватель

Кан О.М.

12-12

6

Проведение выставки фотографий на тему «Мой независимый Казахстан»

Фойе 2 этаж факультета биологии и биотехнологии

01 декабря 2011

зам.зав. кафедрой Ерубаева Г.К., Сапаргалиева Н.С., ст. куратор-эдвайзер

Кегенова Г.Б.

12-21,

12-12

7

Круглый стол на тему «Казахстан и мировое сообщество», «Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық»

535 ауд, 5 этаж

8 декабря 2011 г

14-00

Магистранты 1-го курса специальности «Рыбное хозяйство и промышленное рыболовство», «Геоботаника», 2 курс, бакалавриат «Экология»

12-12

8

Проведение тематического вечера в общежитии № 7 факультета биологии и биотехнологии об истории становления независимости РК

общ №7 факультета биологии и биотехнологии

15 декабря 2011

17-00

Сапаров К.А.

12-13










2013

жылдың сәуір айының 18-ші жұлдызында Биология және биотехнология факультетінің №7 жатақханасында б.ғ.д., профессор Сапаров Қуандық Әбенұлының ұйымдастыруымен «Қазақстан – 2050» бағдарламасын студенттерге таныстыру мақсатында кеш өткізілді. Сонымен қатар, Қуандық Әбенұлы өзінің жетістіктерін студенттермен бөлісе отырып, жастарға ақ батасын берді.




Биология және биотехнология факультетінде көктемгі мерекелер!!! Наурыз айының 13 жұлдызында №2 дәріс залында, сағат 16:30 биология және биотехнология мамандығының 1 және 2 курс студенттеріне арнап «МИСС ХОЗЯЮШКА» жарысын биология мамандығының ББ-206о және ББ-207о топтары (куратор- эдвайдер, биоалуантүрлілік және биресурстар кафедрасының профессор қызметін атқарушы Назарбекова С.Т. жетекшілігімен) ұйымдастырды. Әділ-қазылар алқасында: профессор Мұхитдинов Н.М., профессор Тулеуханов С.Т., профессор Заядан Б.Қ. және куратор Алиева А. отырды. Олар осы жарыстан жаңімпаздарды анықтап, сол жерде марапаттау рәсімін өткізді. Жеңімпаздар:



1- орын. Жарылқасын Толғанай (БТ-12-08 о)

2- орын. Құли Жансая (БТ-12-09о)

3- орын. Шәріпбай Фаризан (ББ-207о)

Мерекелік іс-шара жақсы өтті. Соңынан әндер айтылып, мереке өз жалғасын тапты.


МИСС ХОЗЯЮШКА










Ұстаздық еткен жалықпас..

№7 жатақханада өткізілетін іс-шаралыр өте көп. Соның бірі, Қазақ Ұлттық Университетінің б.ғ.д., профессор К.Ә. Дәутбаеваның жатақханадағы кезекшілік кезіндегі I, II курс студенттерімен кездесуі өткізілді. Ұстазымыз кездесу басын «Ұстаздық еткен жалықпас» атты қысқаша дәрісімен бастады. Дәрістің мақсаты төменгі курс студенттеріне еңбек етуді, еңбектің нәтижесінде көптеген алға қойған мақсатқа жетуге болатынын, одан басқа да адамгершілік ұғымында айта кетті. Дәрістің соңы еркін сұхпатпен жалғасты.

Көздері мөлдіреген I курс студенттеріне тәлім- тәрбие беретін жақсы- жақсы мәселелер айтылды. Осындай қазақтың ұл - қыздарын тәлім - тәрбиеге, адамгершілікке үйретіп, керемет, мағыналы, қанатты сөздерін айтып, алтын уақытын бөлген ұстазымызға I курс студенттерінің алғысы шексіз.

Б.ғ.д., профессор К.Ә. Даутбаева алдағы уақытта осындай кездесу жасап, жатақханаға тағы да келетінін атап, айта кетті.

Көгалдандыру.



Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.С. Айдосова, кафедра доценті Н.З. Ахтаева, Г.К. Ерубаева, А.Т. Мамурова мен бірге «Фитодизайн», «Бөлме өсімдіктері», «Ботаник» үйірмелерінің студенттерінің (Эко105-106қ, Эко101-103қ, ББ202қ топтары) ұйымдастыруымен «Кафедра күніне» арналған №7 жатақханада көгалдандыру мерекелтік іс- шарасы өткізілді. Мерекелік шараға тек жатақхана студенттері ғана емес факультет деканы б.ғ.д., профессор Т.М. Шалахметова және деканның орынбасары б.ғ.к., доцент З.Б. Есимсиитова, сондай-ақ жатақхана меңгерушісі Ж.Б. Жолтаева және жатақхананың студеннттік кеңес мүшелері Б.Үсіпбек, Т.Алиева, Қ.Тастамбек ашық аспан аясында әуеленген ән әуенімен шаттана жүріп, белсене жұмыс жасады. Санаулы уақыт аралығында көгалдандыру мерекелік іс- шарасы аясында жатақханаға 30- дан астам бөлме гүлдері отырғызылып, сыйға тартылды.

Қазақстан білім қоғамы жолында.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.д., профессоры, академик Қ.Ә. Сапаров қыркүйек айының 21- жұлдызында елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Назарбаев университетінің дәстүрлі жиынында «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты оқыған дәрісін, биыл түскен I курс студенттеріне талдап, дәріс ішіндегі «Терең білім – тәуелсіздік тірегі» бөліміне ерекше назар аударды.

Кейіннен, жастарға қандай жоғарғы оқу орнында екендігін, оның дипломының маңыздылығын, басқа ВУЗ-дардан ерекшелігін айқын көрсетіп берді. Сөз соңында, бабаларымыз айтқандай, «Білім – инемен құдық қазғандай» деп, профессор жастарға ақ батасын берді.


“Ана тілің- арың бұл

2012 жылғы тілдер фестиваліне биология мамандығының орыс және қазақ бөліміндегі 1 және 2 курс студенттерінің арасында жарыс ұйымдастырылды, халық ауыз әдебиеті жыңғырды (жұмбақтар мен жаңылтпаштар, халық күйлері мен әндері және де қазіргі жаңа әндер мен туындылар). Сол кешке Бб206-о, Бб207- о топтарының куратор- эдвайзерлері және профессор Назарбекова С.Т., сонымен қатар қазақ бөлімініңкуратор- эдвайзері, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Чилдебаева А.Ж. атсалысты.





Жүректен жүрекке! Біздің өмірімізде ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ орын ЖОҚ!

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтің қатерлі ісікке қарсы қүрес 2012 жылын қолдау мақсатында ҚазҰУ «Парасат» кәсіп-одағының қолдаумен «Жүректен жүрекке! Біздің өмірімізде ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ орын ЖОҚ!»атты Қазақ қатерлі ісік және радиология ҒЗИ, балалар қатерлі ісік бөлімінде, қайырымдылық шарасын биология және биотехнология факультетінің, «биология» - мамандығының 2 курс студенттері (ББ206-р және ББ207-р оқу топтары, куратор/эдвайзер, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессор міндетін атқарушыНазарбекова С.Т., кафедра меңгерушісі проф.Айдосова С.С.) 20.10.12 өткізді. Студенттер шиналған ақшаның барлығына сол жерде жатқан 1,7 жас пен 14 жас аралығындағы 45 балаға сыйлық дайындады. «АРТ терапияға» қажетті заттарды, тәттілерді, ойыншықтар, жеміс- жидектер мен «Дельфиндердің шоуы » атты бейнетаспа ұйымдастырды. Біздің акцияға ерекше назар аударып келген «Фиерия» сайқы- мазақтар мен «Меломан» (кітептар, стөл ойыншықтары) сауда үйі ат салысты. Осы аталған сауда үйі мен сайқы- мазақтарға айтар алғысымыз шексіз.


8 декабря факультет биологии и биотехнологии КазНУ им. аль-Фараби провел круглый стол «Казахстан и мировое сообщество”, посвященный 20-летию Независимости Казахстана.

Организатором мероприятия выступила кафедра биоразнообразия и биоресурсов. В нем приняли студенты 2 курса специальности “Экология”, магистранты 1 курса специальности “Рыбное хозяйство”, “Геоботаника”. Доклады были представлены на английском, русском и казахском языках. Модераторами круглого стола были профессор Нестерова С.Г., доцент Н.З. Ахтаева, преподаватель Мамурова А.Т. кафедры биоразнообразия и биоресурсов.На заседании были рассмотрены вопросы развития и достижения казахстанского образования, демократические преобразования за 20 лет независимости и модель экономического и политического развития Казахстана, которую предлагает глава государства. Выработаны предложения по улучшению образования в этой сфере, состоялся конструктивный обмен мнениями.

2011 жылдың 14 желтоқсан күні Тəуелсіздіктің 20-жылдық мерекесі қарсаңында «Қазақстан егемендігіне 20 жыл!» атты тақырыпта Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы доценті Н.З.Ахтаева, оқытушы А.Т. Мамурованың кураторлық топтарының, Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының ұйымдастыруымен Алматы қалалық жұмыспен қамту және «Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Самал» Пансионатында мерекелік іс-шара өткізілді.

Тəуелсіздіктің 20-жылдық мерекесі қарасаңында «16-желтоқсанға 16-күн қалды» атты тақырыпта Тәрбие жөніндегі департаменттің қолдауымен Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы б.ғ.к. А.Т. Мамурованың кураторлық топтарының (ЭКО105,106) ұйымдастыруымен ашық эдвайзерлік сағат акция түрінде өткізілді.

ript>X-NONEript>

20.09.2013 ж. Биология және биотехнология факультеті Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс- шараның мақсаты: Қазақ тілінің қолдану аясының ұлғайту, қазақ тілінің мәртебесін жоғарлату, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру.

Іс -шара қонақтары:

1. «Айқын» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Берік Бейсенұлы

2. Экономика бөлімінің шолушысы Құтмағамбет Қонысбай

Іс - шара ұйымдастырушылар: Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлері