Солтүстік Тянь-Шань экспедициясы

20.05.2021

Көрулер: 1768

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, Зоология институты және Алматы қорығының табиғат зерттеушілері Іле және Күнгей Алатауында сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілерді зерттеу мақсатында Солтүстік Тянь-Шаньға экспедицияға шықты. Жобаға француз кинорежиссерлері қатысты.


Экспедицияға Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы Назерке Бижанова, Зоология институтындағы Териология зертханасының меңгерушісі Алексей Грачев, Зоология институты және Алматы қорығының зерттеушісі Салторе Сапарбаев, Зоология институтының аға лаборанттары: Сергей Беспалов пен Максим Беспалов сынды қазақстандық табиғат зерттеушілері қатысты. Сондай-ақ, бұл құрамда Қазақстанның ғажайып табиғатын, жабайы жануарларын зерттеушілердің жұмыстарын деректі фильмге түсіру үшін Франциядан арнайы келген кинорежиссерлер Артур Гал мен Стив Воушияда бар. Сирек кездесетін түз тағылары туралы фильмде қазақстандық зоолог-зерттеушілер Солтүстік Тянь-Шань тауларын мекендейтін жыртқыштар – қар барысы мен Түркістан сілеусіні туралы, сондай-ақ дәстүрлі аңшылықтың далалық әдіс-тәсілдері мен зерттеу жұмыстары үшін қолданылатын фотоқақпандар туралы әңгімеленетін болады.