«Ашық есік күні»

15.05.2021

Көрулер: 1266

2021 жылы мамыр айының 15 күні сағат 11:00-де «Биология және биотехнология» факультетінің кәсіби бағыт бағдар беруге жауапты оқытушылық құрам мен Galaxy оқушыларды даярлау орталығының ұйымдастыруымен  онлайн форматта «Ашық есік күні»  өткізілді!

Ашық есікке қатысқан қатысушылар: биология және биотехнология факультетінің оқу ісінің орынбасары З.А. Инелова, химия және химиялық технология факультетінен Б.С. Бәкірова филология және әлем тілдері факультетінен Т.Б. Рамазанов, заң факультетінен З. Аданбекова, Galaxy оқушыларды даярлау орталығының директоры Б.Н. Рысбай, Ақпараттық технология факультетінен Б.Қ. Абенов биотехнология кафедрасынан Г.И. Ерназарова, С.К. Турашева, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасынан С.М. Шалгимбаева, И.М. Жаркова, Г.Б. Джумаханова биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасынан А.Н. Қожахметова, молекулалық биология және генетика кафедрасынан Н.А. Алтыбаева қатысып Факультеттер туралы бағыт бағдар берді. Іс шара екі сағаттан аса уақыт алды. Іс шарамызға Galaxy education орталығының білім алушылары,Тараз қаласындағы №53, 39, 45, 46, 38, 49, 10 орта мектептердің оқушылары мен ата-аналары қатысты. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

Автор: Г.Е. Ерназарова, Г.Б. Джумаханова

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz