Жаңалықтар

Хабарландыру!

13.05.2021

Құрметті оқытушылар, студенттер және 10-11 сынып оқушылары!

 

2021 жылы мамыр айының 15 күні сағат 11:00-де «Биология және биотехнология» факультетінің оқытушылары мен Galaxy оқушыларды даярлау орталығының ұйымдастыруымен  онлайн форматта өтетін «Ашық есік күніне»  шақырамыз!

Ұйымдастырушылар: Биология және биотехнология факультетінің кәсіби бағыт бағдар беруге жауапты оқытушылық құрам

Байланыс тел.: +7 707 478 70 95, +7 702 694 02 55

Өтетін орны: MS Teams платформасы

Сілтеме:https://teams.microsoft.com/l/channel/19%3a19uEaeBIsoO-JZHRJQ70BkHzjBf4JIsOZhPBF4Ea4Uk1%40thread.tacv2/%25D0%259E%25D0%25B1%25D1%2589%25D0%25B8%25D0%25B9?groupId=cfaa7e23-88d1-4417-9967-d14760421999&tenantId=b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b

Ары қарай оқу >>

“1 Мамыр-Бірлік күні”

05.05.2021

5 мамыр 2021 жылы сағат 10.00-де, Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, «Биология» түркімен 19-01, 19-02 тобының студенттері  «1 Мамыр – Бірлік күні»  атты танымдық мерекелік іс-шара өткізді. Бұл іс-шарада студенттер 1 – мамыр Бірлік күнімен Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы – профессорларын және студенттерін құттықтады. Ашық сабақ барысында Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдері туралы мәліметтер беріліп, студенттер сұрақтарға жауап берді.    

 

 Ұйымдастырушылар: биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзері:  Абдуллаева Б.А, және “Биология”мамандығының түркімен 19-01,19-02 топтары.

 

Ары қарай оқу >>

«Pandemic Preparedness: Science and Countermeasures»

25.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Биология және биотехнология» факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 4 курс студенттері Исабекова А., Гумарова П., Абдикерим А. ғылыми жетекші, б.ғ.к. Абдуллаева Багила Айдаровнаның жетекшілігімен 25.04.2021-4.05.2021 Пәкістан ғылым академиясы өткізген халықаралық «Pandemic Preparedness: Science and Countermeasures» ғылыми конференциясына қатысып, ой бөлісті. Конференцияда студенттер өздерінің зерттеу жұмыстарының тақырыптарына сәйкес сұрақтарға жауап алып, пандемияға байланысты әлемдік деңгейде жаңа індетті зерттеу жұмыстарын, жалпы шолу жұмыстарын және ғылыми жаңа дәйектемелерді талқылады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясының қорытындылары

14.04.2021

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде 7 сәуір күні студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті. Конференция ашылуында биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы сөз сойлейді.

Ары қарай секцияларда баяндамалар тыңдалды. Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері секциясы бойынша 14 организациядан 130 тезис келіп түсті, төраға: б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна болды және секция мүшелері: б.ғ.д., профессор Мухитдинов Наштай Мухитдинович, б.ғ.д., профессор Нуртазин Сабыр Темиргалиевич, б.ғ.к., доцент Мамилов Надир Шамилевич, аға оқытушы Жаркова Ирина Маратовна қатысты. Барлығы 16 студент баяндама жасады, оның ішінде төмендегі студенттер жүлделі орынға ие болды: I-орынды, Ким Леонид (IV-курс) ғылыми жетекшісі: к.б.н., доцент Мамилов Н.Ш.; II-орынды, Адал Лашын (IV-курс), ғылыми жетекшісі: к.б.н., и.о. доцента Омарова Ж.С., II- орын Жанысбай Гүлмарал (IV-курс) ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Шалгимбаев С.М.; III-орынды, Туралиева Гульбакыт (II-курс, магистрант) ғылыми жетекшісі: к.б.н., доцент Ахтаева Н.З., Искаков Акжан (I-курс, магистрант) ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Мамилов Н.Ш.; Казтай Асель (IV- курс) ғылыми жетекшісі: б,ғ.к., доцент Есжанов Б.Е. Барлық жетекшілерді студеттерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз.

Авторы: Хасенғазиева Г.Қ.

 

Авторы: Хасенғазиева Г.Қ.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

 

Ары қарай оқу >>

"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"

14.04.2021

Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрліліктер және биоресурстар кафедрасының Геоботаника мамандығының 1-курс докторанттары Тлеуберлина О.Б. және Бекебаева М.О. педагогикалық практика аясында 02-наурыз күні  көктем мерекесіне және 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған онлайн тәрбиелік іс-шара өткізді. Тәрбие сағаты «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген атпен аяулы аналарымыз, асыл әжелерімізге, ару қыздарымызға арналды. Бұл іс шара бүгінгі күні қазақ қыздарының тәрбиесін, заман талабындағы қазақ қызы қандай болу керек, қыздардың шаш күтімі, бет күтімі тақырыптарын қозғады. Басты көңіл қазақ қызының тәрбиесіне берілді.

     Іс-шараға факультет әдіскерлері, кафедраның оқытушылары, педагогика кафедрасының оқытушылары, докторанттар және де студенттер қатысты. Іс-шара барысында қазіргі таңдағы заманауи қазақ қызы қандай болу керек сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, отбасында аяулы жар, ардақты аналардың мансап жолы да мысалға алынып, көрсетілді. Тәрбиелік іс- шара өте жоғары дәрежеде өткізілді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Қысқы бақ

14.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27  жылдығына орай 2018 жылы   студенттер мен оқытушылар үшін қысқы бақ ашылған болатын. Қысқы бақтың қалыптасуына Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі Курманбаева М.С. бастаған ұжым ұйымдаса ат сaлысып, бүгінгі күнде мол тәжірибелерімен бақтың әсем болып көркеюіне бірігіп қызмет жасап жатыр. Кафедра меңгерушісі, мамандар мен оқытушылар қысқы баққа барып, жағдайымен танысты. Болашаққа жоспарларымен бөліскен жас мамандар мен оқытушылар бақтың көркеюіне өз үлестерін қосатындарын айтты. 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

"Ғаламтор, оның пайдасы мен зияны"

14.04.2021

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының "8D05108-Геоботаника" мамандығының 1 курс докторанттары Құсманғазинов Әділ Болатұлы және Саркытбаева Айсулу Каримкажиевна педагогикалық практика аясында 01 сәуір күні "Ғаламтор, оның пайдасы мен зияны" тақырыбында онлайн тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс-шараға биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушылары, педагогика кафедрасының оқытушылары, докторанттар және 19-09 және 19-10 тобының шетелдік студенттері қатысты. Іс-шара барысында ғаламтор туралы ақпарат айтылды. Сонымен қатар, презентация мен бейнеролик түрінде ғаламтордың пайдасы мен зияны, ғаламтордың адам өміріне әсері, сондай-ақ ғаламтор туралы қызықты деректер көрсетілді. Іс-шараның қорытынды кезеңінде ғаламтор туралы сұрақтар қойылды, студенттер белсенді қатысты және оларға жауап берді. Тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Тәжірибе жетекшілері: аға оқытушы Алдасугурова Ч.Ж., б. ғ. д., профессор Курманбаева М.С.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану»

03.04.2021

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда Астана Халықаралық университеті (АХУ) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым және білім» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді . Конференцияның ашылуында «Астана» Халықаралық университетінің президенті Ирсалиев Серік Азтайұлы сөз сөйледі. Содан кейін секциялар бойынша тезистер тыңдалды. 163 тезис 6 бөлімге бөлінді. «Биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» секциясын конференция төрағасы: Ph.D., жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Сейітқан Айнұр Сейітқанқызы, комиссия мүшелері, биология ғылымдарының докторы, профессор Мырзагалиева Анар Базаровна, г.ғ.к., Авезова Айман, б.ғ.к. Карипбаева Нурзия Шайкеновна жүргізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 3 курс студенттері 1 орынға ие болды: Жолдасбек Аяна, Ақболат Гаухар, Гусмаулемова Алуа, ғылыми жетекшісі: Оразов Айдын Ергалиевич. Материалдар соңғы біліктілік жұмысы (дипломдық жұмыс) аясында дайынды

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

“6B05102 Биология” мамандығының студенттерімен кездесу

27.03.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, биология және биотехнология факультетінің деканы және декан орынбасарлары, аға куратор-эдвайзердің қатысуымен “6B05102 Биология” мамандығының студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу студенттердің концерттік бағдарламасымен басталып, факультетіміздің деканы – Заядан Болатхан Қазыханұлының құттықтау сөзімен жалғасты. Концерттік бағдарлама барысында қазақ және шет ел студенттері шынайы құттықтау тілектерін білдіріп, күй тартып, өлең оқып өз өнерлерін көрсетті.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

18.03.2021

Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. 

Британдық QS компаниясы жүргізген аудит университеттерді төрт негізгі топ бойынша бағалайды, оның құрамына 50-ден астам көрсеткіштен тұратын 12 кіші топ кіреді. Бұл университет қызметінің кең ауқымдығын және оның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдейді. Аудитке қатысатын әрбір кіші топ бойынша ЖОО-на бір жұлдыздан бес жұлдызға дейін баға беріледі, одан кейін жалпы рейтингтік балл шығарылады. Британдық QS компаниясының кешенді бағалау нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірқатар көрсеткіштерге, атап айтқанда – оқу процесі; жұмысқа орналасу мүмкіндігі; зерттеулер; интернационалдандыру; қызмет көрсету; өнер және мәдениет; инновация; заманауи тілдер бойынша өте жоғары балл алып, ең жоғары «Бес жұлдыз» марапатына ие болды.

QS «Бес жұлдыз» белгісін иелену әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру саласындағы халықаралық қауымдастықтарда беделі бар екендігін және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде көшбасшылық позицияларды көрсетіп отырғанын білдіреді. Басымдылық жұлдыздары университеттің мықты тұстары мен артықшылықтарына назар аудартып, оның серіктестеріне, білім беру саласындағы халықаралық сарапшыларға, шетелдік, сондай-ақ отандық талапкерлерге оқуға түсу үшін ЖОО таңдау кезінде бағдар береді.

QS Stars жүйесі егжей-тегжейлі талдау жүргізу және ауқымы кең деректерді ұсыну арқылы, терең бағалауды қамтамасыз етеді. Мұндай аудит университетті басқа рейтингтерге қарағанда кеңірек және терең сараптап, тиісті бағасын алуға мүмкіндік береді. QS «Бес жұлдыз» марапатын алған ҚазҰУ өзінің білім беру бағдарламалары мен зерттеулерін ілгерілетудің, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тағы бір құралына қол жеткізді.

Айта кету керек, Орталық Азия елдері мен Қазақстанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан басқа QS Stars-тің бес жұлдызын бірде-бір университет алмаған. QS Stars «Бес жұлдыз» марапаты бүкіл әлем бойынша тек 62 ЖОО ғана берілген, олардың ішінде QS WUR халықаралық жаһандық рейтингінің әлемдік үздік топ-5, топ-10 және топ-20 қатарына кіретін Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Чикаго, Принстон, Колумбия университеттері бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымын QS Stars Rating System халықаралық рейтингісінде «5 stars» жоғары марапатын алуымен құттықтаймыз!

  Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>