Жаңалықтар

БАЙҚАУ НӘТИЖЕЛЕРІ “Поэзия, менімен егіз бе едің?”

18.03.2021

🔸Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны- Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай өткізілген поэзия жарысы 11.03.2021 00:00 - 12.03.2021 00:00 аралығында өтті. Жалпы саны-8 қатысушы өз өнерлерін көрсеткен болатын. Байқау нәтижесі лайк арқылы анықталды. Енді көптен күткен нәтижемізді шығарайық 🤗⬇️

🔸 1️⃣-орын. ДАНИЯРҰЛЫ ӘЛІБИ Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 1 курс🥇

🔸2️⃣-орын. АМАНГЕЛДІ ГҮЛШАТ   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, 3 курс 🥈

🔸3️⃣-орын. АЗАТОВА КАМИЛАМ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 2 курс 🥉

 

🔸"Көрермен көзайымы" номинациясымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 3 курс студенті БОЛАТОВ НҰРДӘУЛЕТ марапатталады😍

💠 Қатысқаны үшін:

ЕРБОЛҚЫЗЫ АЛТЫНАЙ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, 2 курс 🏅

ДӘЛЕЛБЕКОВА ШЫНАР С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 4 курс🏅

БАКТЫГАЛЫЕВА НҰРСӘУЛЕ Маңғыстау облыстық Медициналық колледжі, 2 курс🏅

ҚОҢЫРБАЕВА АРУЖАН С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 3 курс🏅

алғыс білдіреміз!🙌

🔺 Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын!😍 Алдағы өмірлеріңізде жетістіктер көп болсын!✅

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

 

Ары қарай оқу >>

«Ғылымдағы әйелдің рөлі. Женщины в науке. Women in Science»

18.03.2021

Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрліліктер және биоресурстар кафедрасының Геоботаника мамандығының 1-курс докторанты Ермағамбетова М.М. педагогикалық практика аясында 17-наурыз күні «Ғылымдағы әйелдің рөлі» тақырыбында онлайн үш тілде тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға факультет әдіскерлері, кафедраның оқытушылары, педагогика кафедрасының оқытушылары, докторанттар және де студенттер қатысты. Іс-шара барысында қазіргі таңдағы ғылымдағы әйелдердің үлесі мен олардың алатын орны туралы сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, ғылымда орны ерекше ғалым-әйелдер туралы сөз қозғалды. Тәрбиелік іс-шара өте жоғары дәрежеде өткізілді. Практика жетекшісі: Альмерекова Ш.С.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Қан-Өмір»

26.02.2021

26 ақпан 2021 жылы «6В05102 Биология» мамандығының ББ1903 тобының студенттернің ұйымдастыруымен «Қан-Өмір» атты ерекше форматтағы ашық сабағы өтті. Сабақ екі әдіспен өтті:

1)         “Жаңалық жүргізу” әдісі;

2)         Студенттер ойлап тапқан жаңа “Queans” әдісі.

Сабақ барысында студенттер қанның адам өміріндегі маңызына, қанның әсерінен туындайтын ауру түрлеріне тоқталып, олардың алдын алу жолдарын қарастырды. Әлемдік ғалымдардың еңбектерін зерттеп, бір бірімен пікір алмасты.

Куратор – эдвайзер: Нурмаханова Акмарал Садыковна

Сабаққа қатысқандар: аға куратор: Зорбекова Айгерім Нұрланқызы, оқытушылар: Елтай Гулмира, Тлешова Молдир, Корбозова Н.Т, Манкибаева С.А

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ашық мәжілісі

08.02.2021

2021 жылдың 8 ақпанында қалыптасқан дәстүр бойынша ректорат мәжілісі ашық түрде онлайн форматта өтті. Ашық мәжілісті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бүкіл қызметкерлері YouTube арнасынан тікелей эфирден көре алды.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, т.ғ.д, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы соңғы 10 жыл атқарған қызметі жөнінде есеп берді. Есеп барысында университеттің 10 жылда жеткен жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, алдағы жылдарда орындалатын жобалар туралы айтып өтті. Эфир барысында ректор қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

08.02.2021

2021 жылдың 8 ақпан күні биология және биотехнология факультетінің деканы биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Қазыханұлының 60 жасқа толуына орай, биология факультетінің ұжымы салтанатты түрде жиын ұйымдастырды.  Дүние жүзінің және еліміздің жетекші университеттері мен ғылыми зерттеу институттарынан  құттықтау хаттары келді. Факультеттің құрметті академик, профессорлары, кафедра меңгерушілері деканды мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Карантинге байланысты жиынға қатыса алмаған факультеттің беделді профессорлары онлайн құттықтау сөздерін жеткізді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы Болатхан Қазыханұлына ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс және отбасына амандық тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

08.02.2021

АСА ҚҰРМЕТТІ БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫ!

Сізді – өмірдегі айтулы белестердің бірі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы құттықтайды!

Сіз, биология ғылымының көрнекті өкілі ретінде 2001 жылдан бастап еңбек жолын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланыстырып, 2011 жылы биотехнология кафедрасының меңгерушісі, 2015 жылы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің деканы қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметте табысты еңбек етіп келесіз.

Болатхан Қазыханұлы өзінің ғылыми жолында 5 монография, көптеген оқу құралдары, барлығы 400-ден астам ғылыми жұмыстар – сіздің қажырлы еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Сіздің жетекшілігіңізбен жоғары білікті кадрлар - 6 кандидаттық және 9 PhD докторлық диссертациялар қорғалды. Сонымен қатар биология ғылымдарын дамытуға үлес қосып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге ат салысып жүрген ғалымдардың бірісіз.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Сіздің жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, білікті маман, тәжірибесі мол жетекші ретіндегі абзал қасиеттеріңізбен ерекшеленесіз. Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін үлгі екендігіңіз даусыз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған ғылым саласын дамытуға, факультетімізді дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіздің арқасында, жастарға ұлағатты ұстазсыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.!

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

“Поэзия, менімен егіз бе едің”

01.02.2021

Құрметті студенттер📌

Сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультетінің ұйымдастыруымен Республика көлемінде өтетін, Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90жылдық мерейтойына арналаған “Поэзия, менімен егіз бе едің” атты поэзия байқауына шақырамыз😍

 

Шарттары:

✅1) мәнерлеп оқу;

✅2) Видеоролик түсіру.

 

♦️Басталу күні: 10.03.2021

♦️Аяқталуы: 13.03.2021

Видеоны 10 наурызға дейін

Төменде көрсетілген номерге жіберіп қою керек

⬇️⬇️⬇️

87759606612

🏆Жеңімпаздар лайк арқылы анықталады.❤️

Барлығыңызға сәттілік 🙌

Ұйымдастырушы: Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы!

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Жұмыс беруші зертханасындағы кездесу. РМК ШЖК " Биобақылау, сертификациялау және клиника алды сынамалар жүргізетін орталық зертханасы

28.01.2021

«Абиотикалық стресс факторларының бейімделудің морфофизиологиялық және фитохимиялық аспектілеріне Қазақстандық Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің биологиялық белсенділігі мен бейімделуіне әсері» жобасы аясында РМК ШЖК " Биобақылау, сертификациялау және клиника алды сынамалар жүргізетін орталық зертханасы User manual MX 700 (T) инвентирленген микроскоп сатып алды. Бұл микроском ғылым саласында жұмыс жасайтын барлық мамандарға зор мүмкіндік береді. Жоба жетекшісі әрі биоалуантүрлілік мен биоресурстар кафедрасының доценті, Нина Владимировна Терлецкая. Зертханаға биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі Меруерт Сакеновна Құрманбаева келіп, докторанттарға өсімдіктерден дайындалған гистологиялық препараттарды сипаттауды үйретіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Осындай біздің жұмыс берушілеріміздің арқасында ғылымда жүрген жас мамандарымыз докторанттар мен магистранттардың жаңа әдістер мен тәсілдерді меңгеріп, өнімді жұмыс жасауында үмітіміз зор!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

26.01.2021

2021 жылдың 26 қаңтарында сағат 11.00 - де "6D061300 - Геоботаника" мамандығының 3 курс докторанттарының кешенді емтиханы өтті. Кешенді емтихан өткізу үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылды. МАК төрағасы болып б.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ жаратылыстану және география институтының Қазақстан географиясы, экология және туризм кафедрасының профессоры Жүсіпова Дария Бекайдарқызы тағайындалды. Комиссия құрамына: б.ғ.д., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры - Мухитдинов Н. М., б.ғ.д., профессордың м. а., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі - Курманбаева М.С. және б. ғ. к., қауымдастырылған профессор Инелова З.А. кірді. Комиссияның техникалық хатшысы - б.ғ.к., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті м.а., Мамурова А. Т.

Емтихан сұрақтары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, сауатты құрастырылған, мамандық бойынша МАК-тың жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік-регламенттеуші құжаттамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.

Ережеге сәйкес, әр докторант емтихан билетіндегі сұрақтарға және комиссия мүшелері қойған қосымша сұрақтарға ашық жауап берді. Емтихан аяқталғаннан кейін комиссияның тыңдалған жауаптарды бірлескен жабық талқылауы өтті, содан кейін докторанттарға нәтижелері жария етілді. Барлық 10 докторант кәсіби теориялық білімдерін тексеруден сәтті өтті. Кешенді емтихан "өте жақсы" деген бағаға өтті. Бұл "6D061300 - Геоботаника" мамандығының докторанттарын даярлаудың жоғары деңгейін және алынған білімді практикада қолдануға дайындығын білдіреді.

Осы оқу жылында қорытынды кешенді емтиханды ұйымдастырудың және өткізудің жоғары әдіснамалық деңгейін атап өту қажет. Пандемия жағдайына байланысты кешенді емтихан барысында барлық карантиндік шаралар сақталды.

Біздің кафедраның докторанттарын кешенді емтиханды сәтті тапсыруымен құттықтаймыз.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

11.01.2021

Аса Құрметті СӘУЛЕ МУХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ!

Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы Сізді 60 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология факультетінің, зоология және ихтиология кафедрасында зертхана маманынан бастап қазіргі уақытқа дейін доцент лауазымына көтеріліп, өз маманыңыздың кәсіби іскері ретінде танылдыңыз. Кәсіби ихтиопатолог, гидробиолог маманы ретінде соңғы 20 жылдың ішінде сіздің жетекшілігіңізбен 2 PhD докторанттың ғылыми кеңесшісі ретінде, 50-ден аса студенттерге, 10-нан аса магистранттарға білікті және білімді ғылыми жетекші ретінде өз көмегіңізді аяған жоқсыз. Сіздің жетекшілігіңізбен білім алушылар өздерінің ғылыми жобаларын, диссертациялық жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғай алды. Сіздің халықаралық жарыстар мен ғылыми сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған шәкірттеріңіз де көп, атап айтқанда, «Фараби Әлемі» атты халықаралық конференцияларда, сонымен бірге көптеген халықаралық ғылыми конференцияларда, конгрестерде жүлделі орындармен марапатталып келеді. Қазіргі таңда, Сіз 70-тен аса ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторысыз. Сіз өткізетін дәріс және зертханалық сабақтар әрқашан жоғары ғылыми-әдістемелік деңгеймен ерекшеленеді, сондықтан Сіз ұжым және студенттер арасында жоғары беделді, білікті және кәсіби маман ретінде танылып келесіз.

Құрметті Сәуле Мұхаметкқалиқызы, Сіз өз мерейтойыңызға күш-қуатты, жігерлі және таусылмас шығармашылық жоспарлармен келдіңіз! Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы шын жүректен Сізге және отбасыңызға денсаулық, ұзақ өмір, бақыт, сарқылмас қуат және ұзақ шығармашылық ғұмыр тілейді!

Сізге әрқашан сәттілік серік болсын, айналаңыздағы әріптестеріңіздің, достарыңыз бен жақындарыңыздың шынайы және мұқият қарым-қатынасы Сізге тек қана жылулық әкелсін!!!

 

Ізгі тілекпен биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>