Жалпы мәліметтер

Биоалуантүрлілік және биоресурст кафедрасы ботаника, геоботаника, гистология, эмбриология және жануарлардың көбеюі,клеткалық биология, систематика, фаунистика, энтомология, топырақтық зоология, ихтиология және гидробиология, балық шаруашылығы салалары бойынша жоғары сапалы мамандар дайындайды.

Студенттерді дайындау Ботаника және фитоинтродукция институты, Өсімдіктерді қорғау институты, Жалпы генетика және цитология институты, Молекулярлық биология және биохимия институты, ҚР БҒМ эксперименталдық биология институты, Республикалық ана мен бала орталығы, ҚР денмаулықты сақтау министрлігі радиология және онкология институты, РМК ҚР БҒМ зоология институты, ҚазБШҒЗИ, Қазақ карантиндік жіне мал арқылы таралатын инфекциялар орталығы, гидробиология және экология институттарының базасының зертханаларында, Қапшағай ұрықтан бастап өсіру шаруашылығы,Шелек тоған шаруашылығы, «Аквакультура» шаруа қожалығы, тоған шаруашылықтарында, қорықтарда өтеді.