ТДМ 13 «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары»

14.09.2023

Көрулер: 540

Құрметті әріптестер!

Сіздерді биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Аметов Абибулла Аметовичтің

80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

 Конференция 2023 жылдың 22 қыркүйегінде

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтеді. Алматы қ., Қазақстан Республикасы

 Конференцияда биология мен экологияның өзекті мәселелері бойынша баяндамалар мен мәлімдемелер тыңдалады және талқыланады, іргелі және қолданбалы зерттеулердің перспективалары қорытындыланады және белгіленеді. Материалдар электронды жинақта (ISBN тағайындауымен) жарияланады және www.kaznu.kz сайтында орналастырылады.

Конференцияға қатысуға ғылыми қызметкерлер, университет профессорлары, оқытушылар, әртүрлі профильдегі мен бағыттардағы мамандар, жас ғалымдар шақырылады.

 Сіздерді конференцияда көруге қуаныштымыз!

 Ұйымдастыру комитеті

Конференция ұйымдастырушылары:

КЕАҚ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

 

Ұйымдастыру комитеті:

Түймебаев Жансеит Кансейтулы – «КЕАҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Басқарма мүшесі-Ректор, ф.ғ.д., профессор;

Увалиева Асель БекболатовнаОперациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор;

Айтжанова Жамила Нурматовна - Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор;

Заядан Болатхан Казыханович - Биология және биотехнология факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;

Бисенбаев Амангельды Куанбаевич – Биология және биотехнология мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институтының директоры, б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;

Салмұрзаұлы Руслан – Экология мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD;

Садвакасова Асемгуль Калыйкумаровна - ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі деканының орынбасары, б.ғ.к., профессор м.а.;

Курманбаева Меруерт Сакеновна – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор;

Жаркова Ирина Маратовна - кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, б.ғ.к., доцент м.а.;

Мухитдинов Наштай Мухитдинович - биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, б.ғ.д.; 

Назарбекова Салтанат Толепбековна – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті, б.ғ.к.;

Ахтаева Нурсулу Зияхановна – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ассоц.профессоры, б.ғ.к.;

Тыныбеков Бекзат Макулбаевич - биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к.; 

Нурмаханова Акмарал Садыковна - биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ассоц.профессоры, PhD;

Мамурова Асем Тлеужановна – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ассоц.профессоры, б.ғ.к.;

Чилдибаева Асел Жумагуловна – биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы, PhD;

Алдасугурова Чинаргуль Жакиповна - биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы, PhD-докторант

 

Конференцияның өтетін орны мен уақыты:

22 қыркүйек, 2023 ж., 10:00-13:00 аралығында. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 4 қабат,

                                     14.00-18.00, 6 корпус, биология және биотехнология факультеті

 Конференция секциялары:

 

Секция №1. Қазақстан Республикасының аридтік және субаридтік облыстарының өсімдіктер жамылғысы мен флорасының жағдайы (төрайымы PhD, ассоц.профессор Нурмаханова А.С., 16 ауд.) 

Секция №2. Заманауи биология мен биотехнологияның дамуындағы негізгі тенденциялары (төрайымы б.ғ.к., ассоц.профессор Ахтаева Н.З., 535 ауд.)

Секция №3. Тұрақты даму мақсатында климаттың өзгеруі жағдайында биоалуантүрлілікті сақтау аспектілері (төрайымы б.ғ.к., ассоц.профессор Мамурова А.Т., 301 ауд.)

 Конференцияның ресми тілдері:

қазақ, орыс және ағылшын

 Конференция форматы:

гибридті (онлайн + оффлайн)

 Конференцияға қатысу формалары:

• пленарлық отырыста баяндама жасау (15 мин);

• секциялық отырыста ауызша баяндама жасау (10 мин);

• жарияланыммен сырттай қатысу.

 Конференцияға қатысу үшін материалдарды жариялау тәртібі

Жариялауға секциялардың бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған материалдар қабылданады; материалдар көлемі 3 бет. Конференцияға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне 15.09.2023 жылға дейін қатысуға өтінімнің электрондық нұсқасын (төменде қоса берілген) және жариялау үшін материалды(дарды) ұсынуы қажет. Бір автордан үштен көп жарияланым қабылданбайды. Зерттеу тобының бұрын жарияланған жұмыстарына сілтеме жасауға рұқсат етіледі. Хаттың тақырыбында көрсетіңіз: Ботаника_2023_Бірінші автордың аты-жөні. Конференция файлын бірінші автордың атымен және секция нөмірімен белгілеңіз. Мақалалар авторлық басылымда жарияланады. Конференция материалдары электронды түрде жарияланады және www.kaznu.kz сайтында орналастырылады. Хабарлама өтініште көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

 Мақаланы жинаққа жариялауға қабылдау, материалдарды пысықтау немесе жариялаудан бас тарту туралы шешім өтініш пен мақала конференция координаторларының электрондық поштасына жіберілген күннен бастап 2 күн ішінде қабылданады. Ұйымдастыру комитеті конференцияның негізгі бағыттарынан тыс ұсынылған және жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Толтырылған тіркелу формасы мен баяндама мәтіні (секция бойынша мақалалар) мына мекен-жайға жіберіледі:

 Конференцияның координаторлары: (секциялар бойынша):

Секция 1: Чилдибаева Асел Жумагуловна, қалта тел. (WhatsApp): 8(701)821-58-51 e-mail: a.zh.childebaeva@gmail.com  

Секция 2: Рысқали Толғанай Бағдатқызы, қалта тел. (WhatsApp): 8(747)433-8271 e-mail: Tolganay_0220@mail.ru 

Секция 3: Алдасугурова Чинаргул Жақыпқызы, қалта тел. (WhatsApp): 8(707)693-30-22 e-mail: aldasygyrova.chinar.77@gmail.com  

 

Қатысушы-корреспонденттің тіркелу формасы

Аты-жөні(толығымен)

 

Оқу немесе жұмыс орны (толығымен)

 

Ұйымның мекен-жайы(толық атауы)

 

Қызметі (студенттер үшін-курс)

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса)

 

E-mail, телефон нөмірі

 

Ғылыми жетекшісі (студенттер үшін)

 

Қатысудың жоспарланған формасы (ауызша баяндама: онлайн/оффлайн не болмаса ауызша баяндамасыз) және баяндамашы(-лар,-лар) толық аты-жөні

 

 

Конференция материалдары келесідей форматта болуы керек:

  • ·       Материал конференцияның ресми тілдерінің бірінде ұсынылуы керек;
  • ·       Мәтінді *doc, *docx форматымен Microsoft Word мәтіндік редакторында теру ұсынылады;
  • ·       Материалдың тақырыбы бас әріппен, қалың қаріппен, шрифт өлшемі Times New Roman, 14;
  • ·       Бір жолда автор(лар)дың толық аты-жөні, ұйымның (дардың) атауы, электрондық пошта мекен-жайы (ортасында, курсивпен, Times New Roman 11); Бірнеше автор болса, олардың фамилиялары үтірмен бөлінеді. Әрбір фамилиядан кейін үстіңгі индекс қойылады, оған сәйкес жұмыс орны көрсетіледі;
  • ·      
  • ·       Бет жиектері келесі мәндерге сәйкес келуі керек: барлық жиек - 20 мм; жоларалық интервал бір; абзац шегінісі - 1 см; мәтінді туралау-ені бойынша;
  • ·       Міндетті түрде аннотация (100-150 сөзден тұратын), кілттік сөздер (10 сөзден аспайтын) және пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы керек (төменде көрсетілген мысалдарға сәйкес);
  • ·       Жалпы биологиялық терминдер мәтінде стандартты қысқартулармен көрсетілсін. Аббревиатура ол туралы бірінші рет айтылғанда дешифрленуі керек;
  • ·       Географиялық орындардың атауларын Қазақстан Республикасындағы және/немесе материал берілген елдегі соңғы қабылданған өзгерістерге сәйкес тексеру ұсынылады;
  • ·       Конференция материалдарында 1 суреттен және/немесе 1 кестеден (көлемін жасанды үлкейтусіз) артық болмауы керек. Кесте тақырыптары жоғарыда 1-кесте, ал суреттерде төменде 1-сурет ортасында белгіленеді. Барлық суреттер мен кестелердің тақырыптары мен нөмірлері бөлек, сондай-ақ мәтінде оларға сілтемелер болуы керек. Суреттер кемінде 300 dpi нүктеден кем емес *jpg форматта болуы керек;
  • ·       TYPE бағдарламасында жасалуы керек;
  • ·       Конференцияға студенттердің материалдарын ғылыми жетекшілері енгізуі керек;
  • ·       Әдебиеттерге сілтемелер тік жақшада [] беріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында орналастырылады және мәтінде көрсетілгендей рәсімделеді. Анықтамалық көзде үш автордан артық болса, «және басқалары» аббревиатурасы қолданылады. немесе «және т.б.».

 

Сілтемені безендіру мысалдары:

Халықаралық журналдардағы мақалалар:

Bowman, C.M.; Landee, F.A.; Reslock, M.A. Chemically Oriented Storage and Retrieval System. 1. Storage and Verification of Structural Information. J. Chem. Doc. 19677, 43-47; DOI:10.1021/c160024a013.

Оқулықтар:

Smith, A.B. Textbook of Organic Chemistry; D. C. Jones: New York, NY, USA, 1961; pp 123-126.

Winstein, S.; Henderson, R.B. In Heterocyclic Compounds; Elderfield, R.C., Ed.; Wiley: New York, NY, USA, 1950; Vol. 1, Chapter 1, p 60.

Конференция материалдары:

Chum, O.; Philbin, J.; Zisserman, A. Near duplicate image detection: Min-Hash and tf-idf weighting. In Proceedings of the 19th British Machine Vision Conference (BMVC 2008), Leeds, UK, 1–4 September 2008; pp. 812–815

Веб-сайттар және онлайн ресурстары:

International Union of Pure and Applied Chemistry Home Page. Available online: http://www.iupac.org/dhtml_home.html (accessed on 24 April 2005).

Патенттер:

Barin AB, Mukamedzhan NT (2000) A method for determination of 1,1- dimethylhydrazine and nitrosodimethylamine. Preliminary Patent of the Republic of Kazakhstan.

Стандарттар:

RMG 61-2003. Indexes of accuracy, precision, validity of the methods of quantitative chemical analysis, methods of evaluation [GSI. Pokazateli tochnosti, pravilnosti, retsizionnosti metodik kolichestvennogo himicheskogo analiza. Metody otsenki]. Moscow, Russia, 2003.

 • Ұйымдастыру комитеті конференцияның негізгі бағыттарынан тыс ұсынылған баяндамаларды және жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін конференция материалдарын жариялаудан бас тарту құқылы. Бір конференция материалын басып шығару құны 2000 теңге. Ақшаны аудару: Чилдибаева Асел Жумагуловна, KaspiBank АҚ, CASPKZKA, KZ32722C000031641369, тел.: 8(701) 821 58 51.

• Үздік баяндамалар жүлделі орындармен марапатталады.

• BioArt көрмесі ұйымдастырылады.