«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

06.04.2023

Көрулер: 559

2023 жылдың 6-8 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультетінде "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың кезекті халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» секциясында жалпы 90 тезис қабылданды. Оның ішінде басқа университеттерінен келген тезис саны – 20, соның ішінде отандық – 17, ТМД мемлекеттерінен 3 тезис. 1 тезис - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Нархоз университеті (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Қазақ-Ресей медициналық университеті (Алматы, Қазақстан); 2 тезис - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен, Қазақстан); 1 тезис - Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы институты (Алматы, Қазақстан); 6 тезис - Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Ботаника және фитоинтродукция институты (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Генетика және физиология институты (Алматы, Қазақстан); 2 тезис - Өзбекістан Республикасы Ғылым академиясы, Ботаника институты (Ташкент, Өзбекістан); 1 тезис - Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент, Өзбекістан); 1 тезис - Халықаралық Бизнес академия колледжі (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - №82 жалпы білім беру мектебі (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - №203 жалпы білім беру мектебі (Алматы, Қазақстан), ал қалған 70 тезис әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен қабылданды.

Комиссия құрамына биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының алдыңғы қатарлы ғалымдары мен оқытушылары болды. Олар: комиссия төрайымы, б.ғ.д., профессор м.а. Курманбаева Меруерт Сакеновна, б.ғ.д., профессор Нуртазин Сабыр Темиргалиевич, б.ғ.д., профессор Мухитдинов Наштай Мухитдинович, б.ғ.к., доцент м.а. Жаркова Ирина Маратовна, б.ғ.к., доцент Мамилов Надир Шамилевич.

«Биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» секциясының отырысында 11 баяндама тыңдалды. Олардың ішінде:

1 баяндама – Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығынан, Алматы қ.

1 баяндама – Нархоз университетінен, Алматы қ.

1 баяндама - Халықаралық Бизнес Академия колледжінен, Алматы қ.

8 баяндама – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен, Алматы қ.

Барлық ғылыми жұмыстар өзектілігі мен жаңалығы жоғары болды, жұмыстардың жұмыс нәтижелері жұмыс мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес орындалған, сонымен қатар жұмыстың нәтижелері мен талдау бөлігінде қатысушылардың үлкен үлесін байқалады. Барлық қатысушылар қатысу сертификаттарымен марапатталды. Ал үздік баяндамашылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Олар:

Ректор дипломына ұсыну үшін "Биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері" секциясы бойынша бірінші орын дипломын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Кожахметова Диана иеленді, баяндаманың тақырыбы: " Study of the effect of nitrates and nitrites on the embryogenesis of Danio Rerio".

«Биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» секциясы бойынша екінші орын дипломын Нархоз университетінің 1 курс студенті - Еркінұлы Еділ иеленді, баяндама тақырыбы: "Қазақстанның қызыл кітабына енген кейбір түрлердің таралуына әдеби шолу" және МETU университетінің 4 курс студенті - Тұрсыналы Шырын Нұрқанатқызы ие болды. Баяндаманың тақырыбы: "Микробалдырлар негізіндегі биологиялық белсенді қоспалардың тиляпия балығының өсу параметрлеріне әсерін зерттеу".

"Биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері" секциясы бойынша үшінші орын үшін дипломдармен марапатталды:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті - Жаманбай Алма. Баяндаманың тақырыбы: "Пестицидтердің егеуқұйрықтың жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін зерттеу".

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті - Берік Жібек. Баяндаманың тақырыбы: "Halimodendron halodendron (Pall.) Voss түрінің анатомиялық ерекшеліктері".

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті - Дүйсебаева Жанель. Баяндаманың тақырыбы: "Alhagi pseudalhagi (M.Bieb.) Desv. жапырағының анатомиялық құрылымын зерттеу".

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор м.а. Курманбаева Меруерт Сакеновна барлық қатысушыларды құттықтап отырып, жас ғалымдарға өз пікірін білдірді: Алдағы ғылым жолында сіздерге үлкен сәттілік, адал, кәсіби маман болыңыздар. Сіздерге "Фараби әлемі" конференциясы бастапты алаң бола алады, бұл жерде сіздер өздерініңіздің ғылыми-зерттеу жобаларынбен таныстыра отырып, тәжірибе алмаса аласыздар. Ғылым жолында үлкен белестерді бағындыра беріңіздер. Барлық комиссия мүшелері жас ғалымдарға өз пікірлері мен болашақтарына сәттілік тіледі.

Университетіміздің беделін көтерген талантты студенттерді шын жүректен құттықтаймыз.

 

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz