ҚАЗҰУ ПРОФЕССОР ТАМАРА ШАЛАХМЕТОВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

20.04.2023

Көрулер: 574

ҚАЗҰУ ПРОФЕССОР ТАМАРА ШАЛАХМЕТОВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Тамара Шалахметованың 70 жылдығына арналған «Биомедицина мен экологиядағы заманауи жетістіктер» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Белгілі ғалым, биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі ҰҒА корреспондент-мүшесі Тамара Минажқызы Шалахметова С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың биология факультетін бітірген. Университеттегі еңбек жолын аға стажер-зерттеушіден бастап, биология факультетінің деканы және ҚазҰУ жанындағы Экология мәселелері ҒЗИ директоры қызметін атқарды.

амара Шалахметова – жасуша биологиясы саласындағы танымал ғалым. Ол 2003 жылы Ресейдің жасуша биологиясы жөніндегі халықаралық қоғамының мүшесі болып сайланды (РҒА Цитология институты, Санкт-Петербург қ.). ҚР БҒМ ғылымдағы үздік жетістіктері үшін екі рет мемлекеттік шәкіртақының иегері атанды.

Ғылыми конференция жұмысына ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамының өкілдері және т.б. қатысты.

Іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Тамара Шалахметованың еңбегін жоғары бағалап, ғылыми және педагогикалық қызметте табыс тілеген құттықтау хаты оқылды.

Конференцияның пленарлық отырысы барысында Иллионойс мемлекеттік университетінің профессоры Джеймс Ли, профессор, ҚМДБ ҰҒА академигі Зұлхаир Мансұров, Назарбаев университеті Биология кафедрасының профессоры Дос Сарбасов, медицина ғылымының докторы, профессор, «Назарбаев университеті» ДББҰ Адам микробиомы және ұзақ өмір сүру зертханасының меңгерушісі Алмагүл Көшіғұлова, Ф.М.Мұхамедғалиев атындағы Эксперименталдық биология институтының директоры, профессор Ержан Тойшыбеков және т.б. баяндамалар жасады.

 


https://drive.google.com/file/d/1vrI65VLKQSEwBPXLrOPBiR4MCz796LMY/view  

сборник конференции Тамары Минажевны

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы  

www.kaznu.kz