Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндеТұрақты даму мақсаттарына сәйкес «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық конференция өтті

22.09.2023

Көрулер: 335

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарына байланысты Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Әметов Абибулла Әметұлының 80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 22 қыркүйек 2023 жылы жоғары деңгейде өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 80 жылдық мерейтоймен құттықтап, әл-Фараби күміс медалімен мерей той иесін марапаттады. Іс-шараға Түркия, Ресей елдерінен және Қазақстанның көптеген қалаларынан, атап айтқанда Астана, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және Түркістан қалаларынан баяндамашылар конференцияға белсенді атсалысты. Биоалуантүрлілікті сақтау, табиғи жайылымдық жерлердің қысқаруы және шөлді аймақтардың ұлғаюы мәселелері талқыланды. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Г.Т.Ситпаева және ұжымы құттықтау сөз алып, Абибулла Әметұлының ботаника саласында сіңірген еңбегін атап өтті. Шөлдену мәселелері және оны шешу жолдары ұсынылды, геоботаниктердің санын арттырып, табиғи жайылым жерлердің паспортын даярлау туралы өзекті мәселелер талқыланды. Алматы, Астана қалаларының ЖОО профессорлары құттықтауларын жолдады. Халықаралық конференцияда автордың кітапханалық көрмесі ұйымдастырылып, ІІІ томдық «Өсімдіктер систематикасы» оқулығының тұсауы кесілді. Әр қаладан келген ғалымдар пленарлық баяндамалар жасаса, жас ғалымдар, студенттер мен магистранттар секциялық бөлімдерде ғылыми жұмыстарын баяндап, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан келген жас ғалымдар І, ІІ және ІІІ орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. Абибулла Әметұлының мектеп оқушыларына арналған оқулықтар мен ЖОО студенттеріне арналған оқулықтары республиканың барлық аймағына танымал және құнды болып табылады. Абибулла Әметұлының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық конференция нәтижесінде шөлейттену мәселелері және оны шешу жолдары ұсынылды, геоботаниктер санын арттырудың және табиғи жайылымдық жерлердің паспорттарын дайындаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz