Жаңалықтар

Дипломатиялық аударма кафедрасының доценті Пуатье Университетінде

17.02.2020

09.02.2020 және 17.02. 2020 аралығында Халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, ф.ғ.к Бақытов Айтқали Тайжанұлы Халықаралық қатынастар факультеті мен Пуатье қаласының Университеті (Франция) арасындағы ынтымақтастық келісімшартына сай Эрасмус + Оқытушылар ұтқырлығы (Erasmus + Mobilité enseignant) бағдарламасы шеңберінде Пуатье Университетінің шақыртуымен француз тілін оқыту және дәріс оқу тәжірибесі бойынша іссапарда болды. Сонымен қатар, іссапар барысында Пуатье Университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі административтік директоры, Жан Мари Минсемин, халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті (проректоры) Кристина Фернандэз, Эрасмус+ бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты маман, Отис Пиош және Орталық Азия жоғары оқу орындарымен халықаралық қатынастарға жауапты , профессор Лича Важини секілді мамандармен кездесу өткізілді.

Ары қарай оқу >>

“Біздің мақсат-татулық пен бейбіт болашақ” атты эдвайзерлік сағат

14.02.2020

2020 жылдың 13 ақпанында халықаралық қатынастар факультетінің “Аймақтану” мамандығының 3 курс студенттерінің эдвайзері, тарих ғылымдарының кандидаты, Бюжеева Б.З. топ студенттері қатысуымен “Біздің мақсат-татулық пен бейбіт болашақ” атты эдвайзерлік сағат өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ашық куратор сабағы

13.02.2020

13 ақпан күні сағат 15.00-де ХҚФ 218 аудиториясында "халықаралық құқық - 91"(орыс бөлімі) тобымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Айдар Кусарьекович Байгалиевтің шақыруымен ""Б" корпусының мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндіру және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдерді өту" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Ары қарай оқу >>

“Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары” атты дөңгелек үстел

08.02.2020

2020 жылдың 7 ақпанында, студенттік “Жас дипломаттар” клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен халықаралық қатынастар факультетінің 202 аудиториясында “Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары” атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға жауапты тарих ғылымдарының кандидаты, клуб жетекшісі, Бюжеева Б.З. студенттерге қазіргі таңдағы экологияның маңызы мен мәселелерін түсіндірді. Дөңгелек үстелге қатысқан аймақтану мамандығының 3 курс студенттері экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсынып, тақырып бойынша көптеген жаңа мағлұматтар алды.

Ары қарай оқу >>

Тіжәрибе алмасу бағдарламасы бойынша Пуатье университетінен келген магистрант

31.01.2020

Рафаэль Файзон – ҚазҰУ-нің Халықаралық қатынастар факультетімен Пуатье (Франция) университеті арасында ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес Пуатье Университетінің Erasmus + Mobility enseignant тәжірибе алмасу бағдарламасы аясындағы магистранты. Рафаэль «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма бизнесі» мамандығы бойынша магистратураның 1-ші курсында оқиды. Магистратурада ол орыс, неміс, испан сияқты бірнеше шет тілдерін үйренуде.

Оның айтуынша, ҚазуҰУ-дың халықаралық стандарттарға жауап беретін білім беру бағдарламалары, ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі және заманауи кітапхана, Студенттерге қызмет көрсету орталығы, спорт кешені және жайлы жатақханалар бар бірегей университеттік кампус қызықтырды.

Ары қарай оқу >>

Адам құқықтары бойынша магистранттардың оқу-ағарту дәрісі

13.12.2019

Біздің университетімізде, Халықаралық қатынастар факультетінде магистранттармен өткізілген іс-шара өтті. Өз магистрлік прогамма аясында, Адам құқықтары күніне арналған Халықаралық құқық магистрант студенттері  оқыту-тәрбие дәрісін ұйымдастырды. Бұл шараға Қазақстандық Халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының (Бюро) юристі - Куатбекова Гульмира шақырылды. Дәріс беруші әлемдегі және Қазкқстандағы адам құқықтарын қорғаудағы негізгі мәселелерді көтерді, сондай-ақ құқық қорғаушылардың жұмыс ерекшеліктерін және адамдардың қазіргі тандағы мінез-құлықтары туралы атап өтті. Дәріс пікірталас ретінде өтті. Студенттер өз сұрақтарын қойды: адам құқықтарынан бастап құқыққорғаушылық пен дәріс берушінің қызметіне дейін. Дәріске мұғалімдер мен барлық курстын студенттері қатысты. Сонымен қатар, бұл дәріс студенттер үшін өте нәтижелі болды, себебі 4 курс студенттері - Цой Ирина, Сагындыкова Алия Бюраға тәжірибеге, одан соң ерікті ретінде шақырылды. 

Ары қарай оқу >>

Болгария Республикасы Елшілігінің Кеңесшісімен кездесу

12.12.2019

2019 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 14.30-да "Халықаралық құқық" мамандығының 2 курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі аясында Болгария Республикасы Елшілігінің Кеңесшісі, сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі қызмет Басшысы Миладин Миладинов мырза шақырылған ашық іс-шара өткізілді. 


Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры Швейцария президенті Уэли Маурермен кездесті

05.12.2019

Халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының меңшерушісі профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы Швейцария Президенті Уэли Маурердің келуіне орай Қазақстандағы Швейцарияның төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмидтің арнайы шақыруына байланысты ұйымдастырылған кездесуге қатысты. Профессор Алмаш Смайылқызы 2012-2014жж Швейцарияның Фрибург университетінде пост-докторантурада оқыған және Швейцария конфедерациясының екі мәрте «Талант» стипендиасының иегері. Бұл кездесуге Қазақстандағы Сыртқы істер министрлігінң өкілдері, швейцариялық компаниялар, Швейцария университетінің түлектері қатысты. Кездесуге Швейцария университетінің түлегі ретінде қатысып, алдағы білім саласындағы байланыстар жөнінде келіссөздер жүргізді. Өз кезегінде елші Урс Шмид екі елдің арасында байланыс орнату үшін жасап жатқан жұмыстарына алғысын айтып, жоғары баға берді. Елшілік тарапынан қашанда қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Ары қарай оқу >>

Synergy Partners заң фирмасымен кездесу

05.12.2019

2019 жылдың 5 желтоқсанында Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында 4 курс студенттерінің қатысуымен Synergy Partners заң фирмасымен кездесу өтті. Кездесуде Synergy Partners компаниясының аға заңгері Али Дауталинов пен заңгер Анар Кубеева фирманың жұмысымен таныстырып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық түсіндіріп, сұхбатқа дайындалу тәсілдерімен бөлісті.  

Ары қарай оқу >>

“Аспан елінде академ мобильдік арқылы білім алу мүмкіндіктері” атты мәдени шара өткізілді

20.11.2019

2019 жылы 19 қарашада доцент Б.З.Бюжееваның ұйымдастыруымен "халықаралық қатынастар" мамандығының 4 - курс студенттерінің және аймақтану 1-3 курс студенттерінің қатысуымен “Аспан елінде академ мобильдік арқылы білім алу мүмкіндіктері” атты мәдени шара өткізілді. "Халықаралық қатынастар" мамандығының 4 - курс студенті Жексенова Айжан 2018-2019 ж. аралығында бір жылдық академиялық мобильдікпен София Университетінде (Токио қаласы) білім алған тәжірибесімен бөлісті. Төменгі курс студенттері Жапониядағы жоғарғы білім беру жүйесі туралы, академиялық мобильдіктің бағдарламалары жайында сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Ары қарай оқу >>