“Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары” атты дөңгелек үстел

08.02.2020

Көрулер: 2220

 

2020 жылдың 7 ақпанында, студенттік “Жас дипломаттар” клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен халықаралық қатынастар факультетінің 202 аудиториясында “Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары” атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға жауапты тарих ғылымдарының кандидаты, клуб жетекшісі, Бюжеева Б.З. студенттерге қазіргі таңдағы экологияның маңызы мен мәселелерін түсіндірді. Дөңгелек үстелге қатысқан аймақтану мамандығының 3 курс студенттері экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсынып, тақырып бойынша көптеген жаңа мағлұматтар алды.