“Аспан елінде академ мобильдік арқылы білім алу мүмкіндіктері” атты мәдени шара өткізілді

20.11.2019

Көрулер: 1467

 

2019 жылы 19 қарашада доцент Б.З.Бюжееваның ұйымдастыруымен "халықаралық қатынастар" мамандығының 4 - курс студенттерінің және аймақтану 1-3 курс студенттерінің қатысуымен “Аспан елінде академ мобильдік арқылы білім алу мүмкіндіктері” атты мәдени шара өткізілді. "Халықаралық қатынастар" мамандығының 4 - курс студенті Жексенова Айжан 2018-2019 ж. аралығында бір жылдық академиялық мобильдікпен София Университетінде (Токио қаласы) білім алған тәжірибесімен бөлісті. Төменгі курс студенттері Жапониядағы жоғарғы білім беру жүйесі туралы, академиялық мобильдіктің бағдарламалары жайында сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.