Тіжәрибе алмасу бағдарламасы бойынша Пуатье университетінен келген магистрант

31.01.2020

Көрулер: 1641

Рафаэль Файзон – ҚазҰУ-нің Халықаралық қатынастар факультетімен Пуатье (Франция) университеті арасында ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес Пуатье Университетінің Erasmus + Mobility enseignant тәжірибе алмасу бағдарламасы аясындағы магистранты. Рафаэль «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма бизнесі» мамандығы бойынша магистратураның 1-ші курсында оқиды. Магистратурада ол орыс, неміс, испан сияқты бірнеше шет тілдерін үйренуде.

Оның айтуынша, ҚазуҰУ-дың халықаралық стандарттарға жауап беретін білім беру бағдарламалары, ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі және заманауи кітапхана, Студенттерге қызмет көрсету орталығы, спорт кешені және жайлы жатақханалар бар бірегей университеттік кампус қызықтырды.