ҚазҰУ профессоры Швейцария президенті Уэли Маурермен кездесті

05.12.2019

Көрулер: 1657

Халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының меңшерушісі профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы Швейцария Президенті Уэли Маурердің келуіне орай Қазақстандағы Швейцарияның төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмидтің арнайы шақыруына байланысты ұйымдастырылған кездесуге қатысты. Профессор Алмаш Смайылқызы 2012-2014жж Швейцарияның Фрибург университетінде пост-докторантурада оқыған және Швейцария конфедерациясының екі мәрте «Талант» стипендиасының иегері. Бұл кездесуге Қазақстандағы Сыртқы істер министрлігінң өкілдері, швейцариялық компаниялар, Швейцария университетінің түлектері қатысты. Кездесуге Швейцария университетінің түлегі ретінде қатысып, алдағы білім саласындағы байланыстар жөнінде келіссөздер жүргізді. Өз кезегінде елші Урс Шмид екі елдің арасында байланыс орнату үшін жасап жатқан жұмыстарына алғысын айтып, жоғары баға берді. Елшілік тарапынан қашанда қолдау көрсететінін мәлімдеді.