Synergy Partners заң фирмасымен кездесу

05.12.2019

Көрулер: 1617

2019 жылдың 5 желтоқсанында Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында 4 курс студенттерінің қатысуымен Synergy Partners заң фирмасымен кездесу өтті. Кездесуде Synergy Partners компаниясының аға заңгері Али Дауталинов пен заңгер Анар Кубеева фирманың жұмысымен таныстырып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық түсіндіріп, сұхбатқа дайындалу тәсілдерімен бөлісті. Кездесу барысында бітіруші студенттер осы ұйымда болуы мүмкін тағылымдамадан өту арқылы заңдық тәжірибе алуға қызығушылық білдіретін сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.