Жаңалықтар

«Қоршаған ортаны ластау мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырып бойынша әлеуметтік тәрбиелік іс-шара.

11.03.2020

2020 жылдың 10 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедра меңгерушісінің орынбасары Байкушикова Гүлнар Серікбайқызының жетекшілігімен «Қоршаған ортаның ластану мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

“Коронавирусты алдын алу шаралары” атты эдвайзерлік сағат

07.03.2020

2020 жылдың 6 наурызда халықаралық қатынастар факультетінің “Аймақтану” мамандығының 3 курс студенттерінің эдвайзері , тарих ғылымдарының кандидаты, Бюжеева Б.З. топ студенттері қатысуымен “Коронавирусты алдын алу шаралары” атты эдвайзерлік сағат өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Н.В. Гилевамен кездесу

05.03.2020

5 наурыз 2020 жылы жұмыс берушілермен кездесулерге арналған іс-шаралар аясында Халықаралық құқық кафедрасы «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенттері - Гилева Наталья Васильевнамен - з.ғ.к., «Колибри Казахстан» ЖШС заңгер-кеңесшісімен кездесу-әңгіме өткізді. Іс-шара барысында студенттер кәсіпорындардың кадр саясатының ерекшеліктері, жалақы төлеу тәртібі және ұзақ мерзімді өсу мүмкіндіктері туралы білді. Гилева Н.В. Студенттердің кәсіпорында өндірістік тәжірибе өту, жұмысқа орналасу кезінде сынақ мерзімінен өту туралы көптеген сұрақтарына жауап берді. Халықаралық заңгердің кәсіби қызметіндегі тәжірибелік дағдылар мәселелері де бірге талқыланды.

Ары қарай оқу >>

8-наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне арналған ХҚ-80 тобының кураторлық сағаты!

05.03.2020

Жақсы көңіл-күй мен мерекелік атмосфераны қалыптастыру, сонымен қатар топтың бірлігін нығайту мақсатында 2020 жылдың 5 наурызында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат өткізілді!

Кураторлық сағатқа 12 студент қатысты.

Кураторлық сағат барысында Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдерге арналған презентация көрсетілді. Сондай-ақ топ жігіттері қыздарға сыйлықтар ұсынып, тілектерін айтып, фуршет үстелін дайындады.


Ары қарай оқу >>

“8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне” қатысты мәдени іс-шара өткізілді

04.03.2020

2020 жылы 3 наурызда доцент Б.З.Бюжеева мен 1-курс магистранты Қалиахмет А.Ж. ұйымдастыруымен және "Аймақтану" мамандығы 3-курс студентерінің қатысуымен “ 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне” қатысты мәдени іс-шара өткізілді. Мәдени шараның мақсаты- Нәзік жандылардың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеу, студенттердің ұстаздарға деген ізгі ниеттерін білдіру.

Ары қарай оқу >>

«АИТВ — инфекция және инфекциялық бақылау» тақырыбына дәріс

02.03.2020

2 наурыз күні Халықаралық қатынастар факультетінде ЖИТС-ның алдын алуға арналған іс- шаралар аясында "Халықаралық құқық" мамандығы студенттерінің Алматы қ. ЖИТС- тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Студенттерге "АИТВ-инфекция және инфекциялық бақылау" тақырыбында дәріс оқылды. Ұйымдастырушылар-оқытушылар Бегжан А. М. , Маулен А. А. , Тусупова А. Ж.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

28.02.2020

28 ақпанда Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында «Ресей Федерациясындағы сыртқы экономикалық қызметтің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ҚазҰУ-дың «Халықаралық құқық» мамандығының магистранттары мен докторанттары осы конференцияға белсенді түрде онлайн режимінде қатысты. Қатысушылар жаңа білім алумен қатар, пікірталастар мен пікір алмасулар барысында өз тәжірибелерімен бөлісе алды. 

Ары қарай оқу >>

Э.С. Абдрахманова мен Д.К. Базарбековпен кездесу

28.02.2020

Халықаралық қатынастар факультетінің "халықаралық құқық" кафедрасы әл-Фараби жұмыс берушілермен үнемі байланыста. Түлектер үшін университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып табылады. Ақпарат алу, сондай - ақ қызықтыратын сұрақтарға жауап алу мақсатында 2020 жылдың 28 ақпанында студенттермен кездесуге "PowerLaw" сараптау-кеңес беру орталығының директоры Э. С. Абдрахманова және "КАZAKHOLDING" ЖШС Бас директоры (Басқарма Төрағасы) Д. К. Базарбеков шақырылды. Кездесу барысында студенттерді жұмысқа орналастыру және өндірістік тәжірибеден өту мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Сұхбат-кездесу

28.02.2020

28 ақпанда ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің № 14 жатақханасында «Халықаралық құқық» мамандығының студенттері үшін «Қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында кездесу өткізді, оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Есбулатов атындағы Алматы академиясының Алматы қаласы Ішкі істер департаменті кәсіби-психологиялық дайындық және басқарма бастығының орынбасары Асланов Мирфаил Мамедұлы өткізді. 

Ары қарай оқу >>

«Мәдениетаралық коммуникация және аударма зерттеулері» халықаралық орталығы

27.02.2020

2020 жылдың 27 ақпанында ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А.С. Сейдикенованың жетекшілігімен «Мәдениетаралық коммуникация және аударма зерттеулері» халықаралық орталығы ашылды.

Халықаралық орталықтың мақсаты:

-              шетелдік білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат беру;

-              Ауызша және жазбаша аудармалар жасау;

-              Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу;

-              Шетел тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

-              Халықаралық конференция, семинар, дөңгелек столдар, жаздық мектептер ұйымдастыру.

-              Халықаралық білім беру бағдарламаларына құжаттарды рәсімдеуге көмектесу.

Ары қарай оқу >>