Дипломатиялық аударма кафедрасының доценті Пуатье Университетінде

17.02.2020

Көрулер: 1652

09.02.2020 және 17.02. 2020 аралығында Халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, ф.ғ.к Бақытов Айтқали Тайжанұлы Халықаралық қатынастар факультеті мен Пуатье қаласының Университеті (Франция) арасындағы ынтымақтастық келісімшартына сай Эрасмус + Оқытушылар ұтқырлығы (Erasmus + Mobilité enseignant) бағдарламасы шеңберінде Пуатье Университетінің шақыртуымен француз тілін оқыту және дәріс оқу тәжірибесі бойынша іссапарда болды. Сонымен қатар, іссапар барысында Пуатье Университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі административтік директоры, Жан Мари Минсемин, халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті (проректоры) Кристина Фернандэз, Эрасмус+ бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты маман, Отис Пиош және Орталық Азия жоғары оқу орындарымен халықаралық қатынастарға жауапты , профессор Лича Важини секілді мамандармен кездесу өткізілді.