Болгария Республикасы Елшілігінің Кеңесшісімен кездесу

12.12.2019

Көрулер: 1621

2019 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 14.30-да "Халықаралық құқық" мамандығының 2 курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі аясында Болгария Республикасы Елшілігінің Кеңесшісі, сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі қызмет Басшысы Миладин Миладинов мырза шақырылған ашық іс-шара өткізілді. 

Осы кездесу аясында Миладинов мырза Халықаралық қатынастар факультетінің студенттеріне Болгария мен Қазақстанның сауда және экономикалық қарым-қатынастары, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ Миладинов мырза Қазақстан мен Болгария университеттері арасындағы қолданыстағы келісімдерді қоса алғанда, білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы хабарлады. 

Сонымен қатар, Миладинов мырза өзінің экономика саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесінен алған кеңестерімен бөлісті, сондай-ақ болашақта табысты жұмыс істеу үшін тілдік дайындықты арттыру маңыздылығы туралы студенттерге еске салды. 

Осылайша, Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасы Елшілігінің Кеңесшісімен кездесу қызықты және танымды болды, студенттердің өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және олардың болашақ кәсіби қызметінде пайдалы практикалық кеңестер алуға мүмкіндік алды.