«ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
29.04.2021Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының студенттерін олимпиадада жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз!!!
Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының студенттерін олимпиадада жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы Педагогика ғылымдары Академиясының Президиумының ұсынысы бойынша педагогика ғылымы мен білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Шакиров Каримжан Нұрымұлы ПҒА-ның Құрметті академигі атанумен құттықтайды. Кафедра ұжымы ұзақ жылдар бойы белсенді ғылыми қызмет, денсаулық және шығармашылық табыстар тілейді!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 26 сәуір күні «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың тақырыбы біздің заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі – Пандемия жағдайындағы халықаралық қатынастар мен дипломатия мәселеріне байланысты болды. Биылғы жылы Олимпиадаға еліміздің 5 университетінен 12 команда қатысты. Камандалар арасындағы сайыс үш тапсырмадан құралды. Біріншісі командаларды таныстыруға байланысты бейне ролик, екіншісі «Пандемия жағдайындағы Орталық Азия елдерінің даму перспетивасы» атты ғылыми жоба, үшіншісі команда капитандары арасында «Kahoot» платформасындағы онлайн викторина. Олимпиада қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ I дәрежелі дипломымен ҚазҰУ-дың Қазақ бөлімі (Тоқберген Айдана, Әбдінағи Жансая, Жұмақанов Әділнұрым), жетекші: доц. Бюжеева Б.З., ҚазҰУ-нің ағылшын бөлiмi (Юсупова Эльвира, Мусаева Аружан, Исаева Дана), жетекші: аға оқыт.Бакирланова А.Н., Тұран Университетінің орыс бөлімі (Максудова Кристина, Тюлюкина Мария, Жансеркеева Асия), жетекші: доц. Аргимбаев А.Е. марапатталды. Команда английского отделения ЕНУ им. Л.Гумилева (Қасымова Диана, Маратова Диана, Қасымхан Малика Ибраева А.Е.) руководитель Болысбекова М.
2021 жылдың «26» сəуірінде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасында педагогикалық практика аясында өткізілген оқу-тәрбие іс-шарасы ZOOM платформасында «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс орыс бөлімінің студенттерімен «Маркетинг: кәсіби спорттан IT Start-Up-қа» тақырыбында оқу-тəрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараға сілтеме: https://youtu.be/arigimHWSuI
Ұйымдастырушылар:
Полатов У.Г. — «халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Татаринов Д.В. — «халықаралық құқық» кафедрасының доценті
Шақырылған қонақ: Кененбаева Томирис — IT Start-UP Wanty маркетологы, «Special Olympic Kazakhstan» маркетинг директоры.
Шақырылған қонақ тәрбие іс-шарасы аясында студенттерге IT Start-Up Wanty әлеуметтік желісі, Маркетинг негіздері, өмірден алынған практикалық кейстер (шетелде оқу), жарнаманың тиімділігін бағалаудың қарапайым ережелері, SMM, әлеуметтік сет таныстырылды. Бұдан басқа, "Special Olympics Kazakhstan" мысалында Қазақстандағы волонтерлік тақырыбы, оның жаңа форматы, бағыттары мен перспективалары қозғалды.
Тәрбие іс-шарасының соңында студенттер қонаққа маркетинг және еріктілік бойынша бірнеше сұрақтар қойды. Іс-шара соңында қатысушылар Томирис Кененбаеваға презентация үшін алғыс айтып, бастамаларына табыс тіледі.
Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Д. В. Татаринов тәрбиелік іс-шараға оң баға берді.
2021 жылдың 22 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Шет елдердегі«сыбайлас жемқорлық» феноменінің тәжірибесін зерттеу» тақырыбындағы оқу-тәрбиелік іс-шарасы өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары аға оқытушылар Отарбаева А.Б., Байтукаева Д.У., Бегжан А.М., Арын А.А., Мәулен А.А., іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің «Халықаралық құқық», «Құқықтану» мамандықтарының және мен UIB университеті «Логистика» мамандығының 2, 3 курс студенттері қатысты. Іс-шараның арнайы қонағы ретінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі, подполковник Айтмағанбетов Дархан Дүйсенбекұлы шақырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар шет елдердің сыбайлас жемқорлықпен күресу тәжірибесімен, сондай-ақ оның алдын-алу шараларымен танысты. Кездесуде Финляндия, Дания, Сингапур сияқты сыбайлас жемқорлықты жоюда бойынша басқа елдерге үлгі болатын мемлекеттердің табысты тәжірибесі талқыланды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, осы мәселе бойынша презентациялар жасады. Подполковник Айтмағанбетов Д.Д. сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу шаралары туралы, әр азаматтың өзін-өзі тану деңгейі және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік саясаты туралы өз тәжірибесіне сүйене отырып өте қызықты ақпаратпен бөлісті. Тәрбиелік іс-шараның соңында елімізде сыбайлас жемқорлықты жоюға қарсы нәтижелер шығарылып, тиісті қорытындылар жасалды.
ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2021 жылдың 29 наурыз бен 08 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www.kaznu.kz) «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының магистранттары Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының халықаралық – құқықтық факультетінде (Ресей Экономикалық даму министрлігінің БССА) онлайн режимінде ғылыми тағылымдамадан өтті (http://www.vavt.ru/).
Ресей экономикалық даму министрлігінің БССА халықаралық құқық кафедрасы дайындаған тағылымдама бағдарламасына сәйкес магистранттар он күн бойы келесі оқу сабақтарына қатысты: онлайн-дәрістер, тәжірибелік семинарлар, мастер-кластар, диссертацияларының мазмұндық бөлігіне қатысты жетекші ғалымдармен жеке кеңестері бойынша талқылауға қатысты, Фараби Әлемі халықаралық конференциясына қатысу үшін ғылыми мақалалар дайындады.
Тағылымдамадан өту барысында магистранттар Ресей ЖОО кітапханасының электрондық ресурстарына, оқытылатын курстар бойынша оқу-әдістемелік материалдарға қол жеткізіп, магистрлік зерттеу тақырыптары бойынша қосымша материалдар жинау үшін ғылыми қорды пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Ғылыми тағылымдаманың соңғы күні з.ғ.д., халықаралық құқық кафедрасының доценті И.М. Лифшиц басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесіне арналған бірлескен ғылыми семинар өтті, онда магистранттар презентациялармен сөз сөйлеп және магистрлік диссертациялардың ережелерін талқылады.
Тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша магистранттар құнды тәжірибе, жаңа білім қорын, тағылымдамадан өту туралы сертификаттарды және ғылыми жетекшілердің оң пікірлерін алды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасы ғылыми тағылымдаманы өте жақсы және жемісті ұйымдастырғаны үшін РФ Экономикалық даму министрлігі Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының халықаралық бөлімінің бастығы И.Н. Школярға, халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор В.М. Шумиловқа, з.ғ.д., доцент И.М. Лифшицке және халықаралық құқық кафедрасының барлық профессорлық - оқытушылық құрамына ғылыми тағылымдама кезінде магистранттарды дайындағаны және қолдағаны үшін алғыс білдіреді.
Ресей және Қазақстан халықаралық құқық мектептерінің оқу орындары арасындағы педагогикалық тәжірибесі мен білім алмасу магистранттарды даярлау сапасын жетілдіруге, ғылымда жаңа білім мен жаңалықтар алуға қуатты серпін береді.
2021 жылы 10 сәуірде халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 3 курс студенттері Әділ Амрин, Алтынай Амангелді және Қуаныш Тұрған «Жас Зерде» командасы құрамында «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика факультетінде өткен XIII Республикалық пәндік олимпиадасында екінші орынға ие болды.
16.04.2021 ZOOM платформасында "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша 3-курс орыс бөлімінің студенттерімен "НЕТЭТИКЕТ: білім беру процесіндегі интернет мәнерінің маңыздылығы" тақырыбында оқу-тәрбие іс-шарасы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша 1-курс магистранты - М. С. Бисалиев; "Халықаралық құқық" кафедрасының доценті - К. Ж. Алтаева; шақырылған қонақ: АҚ «Денсаулық Сақтау Және Медициналық Сақтандыру Жөніндегі Қазақ «Интертич» Корпорациясы» ақпараттық қауіпсіздік қызметкері - Габбасов Д.Р. https://www.interteach.kz/news/sovmestone-vospitatelnone-meropriyatiya-kaznu-interteach-netetiquette-108/
Конференцияға магистратура және докторантура студенттері, факультеттің профессорлық-оқытушы құрамы шақырылды. Іс-шара тыңдаушыларына цифрлық кеңістіктегі тәртіп ережелері туралы ақпарат берілді.
Желілік этикеттің жалпы ережелері:
Көптеген коммуникациялық платформалармен қатар әртүрлі медиа арналардың әсерін дұрыс қолдану керек, өйткені бұл байланыс процесінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Коронавирустық пандемияға байланысты Цифрлық этикеттің жазылмаған ережелері ұсынылған онлайн видео-конференция байланыс құралдары ерекше өзекті болды:
10. Графикаға кедергі жасамаңыз: ақпараттық слайдты шамадан тыс жүктемеңіз, тіпті үлкен СКД қолдансаңыз да, слайдқа 6 жолдан артық мәтін қоймаңыз
11. Материалдарды безендіруде жұмсақ пастельді түстерді қолданыңыз, қызыл түстерді ең аз мөлшерде қолданыңыз, тек акцент ретінде ең негізгі екпін ретінде қолданыңыз.
2021 жылдың 15 сәуірінде ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық құқық» кафедрасында "Конфликт и пути его решения" тақырыбында оқу-тәрбие іс-шарасы өтті. Ұйымдастырған: "Халықаралық құқық" мамандығының 1 курс магистранты Сейітқанова М.Б. мен Ph. D., қауымдастырылған профессор Алтаева К.Ж.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды пікірталасқа тарту, жанжалды жағдайларды шешу тәсілдерімен таныстыру және қызықтыру.
Іс - шараға "Халықаралық құқық" мамандығының 2 курс студенттері және шақырылған қонақ - Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Азамат Тәжібаев қатысты.
Іс-шара барысында "Жанжал деген не?", "Жанжалдардың түрлері", "Жанжалдың даму кезеңдері", "Жанжалдағы қолданылатын негізгі стратегиялары", сондай-ақ "Жанжалды шешу жолдары", "Жанжалдың оң және теріс салдары" деген сұрақтар талқыланды.
Шақырылған қонақ Азамат Тәжібаев өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жанжалдарды шешудің заңды тәсілдері туралы айтты.
Іс-шара пікірталас форматында өтті, оған студенттер белсенді қатысты.