«ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

29.04.2021

Көрулер: 1728

Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының студенттерін олимпиадада жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз!!!

Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 3 курс студенттері Әділ Амрин, Алтынай Амангелді және Қуаныш Тұрған «Жас Зерде» командасы құрамында «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінің экономика факультетінде өткен XIII Республикалық пәндік олимпиадасында екінші орынға ие болды.

Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды. Біздің студенттер олимпиаданың барлық кезеңдерінде кәсіби дағдылары мен құзыреттерін шебер көрсете білді. Команда құрамындағы тамаша презентация мен жобаны қорғаумен қатар, Әділ Амрин мен Алтынай Амангелді үшінші орынға ие бола отырып, жеке есепте өздерінің қабілеттері мен білімдерін көрсетті.

Біздің студенттердің ғылыми жетекшілеріне – Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары, э.ғ.к., доцент м.а. Л.А.Медуханова және э.ғ.к., аға оқытушы А.Т.Еримпашеваға алғысымызды білдіреміз!

 

Толығырақ ақпаратты академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінің ресми сайтынан сілтеме арқылы табуға болады.