«Аймақтану» мамандығы бойынша XIII Республикалық пәндік олимпиада

27.04.2021

Көрулер: 1944

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 26 сәуір күні «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданың тақырыбы біздің заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі – Пандемия жағдайындағы халықаралық қатынастар мен дипломатия мәселеріне байланысты болды. Биылғы жылы Олимпиадаға еліміздің 5 университетінен 12 команда қатысты. Камандалар арасындағы сайыс үш тапсырмадан құралды. Біріншісі командаларды таныстыруға байланысты бейне ролик, екіншісі «Пандемия жағдайындағы Орталық Азия елдерінің даму перспетивасы» атты ғылыми жоба, үшіншісі команда капитандары арасында «Kahoot» платформасындағы онлайн викторина. Олимпиада қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ I дәрежелі дипломымен ҚазҰУ-дың Қазақ бөлімі (Тоқберген Айдана, Әбдінағи Жансая, Жұмақанов Әділнұрым), жетекші: доц. Бюжеева Б.З., ҚазҰУ-нің ағылшын бөлiмi (Юсупова Эльвира, Мусаева Аружан, Исаева Дана), жетекші: аға оқыт.Бакирланова А.Н., Тұран Университетінің орыс бөлімі (Максудова Кристина, Тюлюкина Мария, Жансеркеева Асия), жетекші: доц. Аргимбаев А.Е. марапатталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ II дәрежелі дипломдармен келесi топтар марапатталады: Тұран Университетінің қазақ тобы (Нурадилова Назерке, Нұрлыбаева Арайлым, Жұман Назым), жетекшісі Тайженбетова А.Б., Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың қазақ бөлімі (Закиряров Азиз, Сейдазимова Камила, Тұрғынова Әсел) жетекшісі Шұқыжанова А.Н., Алматы менеджмент университетiнiң орыс бөлiмi (Пеисова Жания, Парпиев Әділет, Гуржиева Татьяна), жетекші:доц.Осколков.В., Гумилев атындағы ЕҰУ-дің орыс бөлімі (Оспанова Даяна, Сакенова Айгерим, Булекпаева Айдана) жетекшісі Нурбаев Ж.Е., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ағылшын бөлімi (Касымова Диана, Маратова Диана, Касымхан Малика) жетекшісі: Ибраева А.Е., Болысбекова М; 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ III дәрежелі дипломдармен келесi топтар марапатталады: Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің қазақ бөлімi (Абду Мирас, Ольчикенова Гүлмира, Асан Оразбибі), жетекші: Даркенов Қ., Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нiң орыс бөлімі (Абылайхан Далия, Мустафина Гульзада, Нуртлеу Аружан), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ағылышын бөлімі (Шаикова Асель, Кенжеболат Әсел, Бисеғалиева Диана) -жетекші: Шұқыжанова А. ҚазҰУ-нің орыс бөлiмi (Жумабекова Алуа, Даниярова Асима, Зейноллина Томирис) жетекшісі Байзакова Ж.И. командалары марапаталды.

Комиссия мүшелерінің пікірінше студенттер өздерінің кәсіби және жеке әлеуеттерін, шығармашылық қабілеттерін, өзіндік ерекшеліктерін, талдау, логикалық ойлау және өз көзқарасын дәлелдеу қабілеттерін көрсетті.

Барлық командалар мүшелерін және ғылыми жетекшілеріне алғыс білдіреміз.