Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының 65 жылдығына арналған "Жастар және ғылым" атты ғылыми конференция.

04.05.2021

 

2021 жылдың 4 мамырында Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының 65 жылдығына арналған "Жастар және ғылым" атты жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми конференцияға қатысты. Конференция қорытындысы бойынша бірінші орындарды үздік баяндамалар үшін 4 курс студенті Марван Даулен және 3 курс студенті Аппаз Алмас алды, олардың жетекшісі з.ғ. к., доцент Тусупова Алмагуль Жагалтайқызы болды. Халықаралық құқық кафедрасы өзінің құттықтауын білдіреді және алдағы уақытта да табыс тілейді!

 

 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

29.04.2021

 

Сәуірдің 29 жұлдызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасында аға оқытушы Бегжан А.М. мен «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша 1-курс магистранты Шірінбек А.К. ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шараға «Халықаралық құқық» мамандығының 1,2,3-курс студенттері белсене қатысып, баяндамалар жасады. Мерекелік іс-шара басында Шірінбек А.К. халықтар бірлігі күнінің маңызы мен шығу тарихы, Қазақстанды мекен етіп жатқан халықтар, олардың Қазақстанға қоныс аударуы мен олардың тату-тәтті өмірі, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының қызметі жайында ақпаратпен бөлісті. Іс-шарада ерекше көзге түсіп, тиянақты дайындалып, айрықша белсенділік көрсеткен – «Халықаралық құқық» мамандығының 2-курс ағылшын тобының студенттері болды. Ағылшын тобында халықаралық студенттердің білім алып жатқандығына байланысты топ студенттері өз ұлттарының, атап айтқанда, ауған, кәріс, қытай, орыс, түрік ұлттарының мәдениетін, әдебиетін, ұлттық мерекелері мен құндылықтарымен таныстыратын  баяндамалар көрсетіп, қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар халықаралық студенттер қазақ халқының басқа ұлттарға деген достығы мен қонақжайлығын ерекше атап өтіп, бейбіт елде білім алып жатқандықтарына ризашылығын білдірді. Іс-шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, іс-шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, ұлтаралық татулықты басты мақсатқа қойған елімізбен мақтанатындығын жеткізіп, ізгі тілектерін білдірді.

 

 

 

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Шакиров Каримжан Нұрымұлы ПҒА-ның Құрметті академигі атанумен құттықтау

28.04.2021

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы Педагогика ғылымдары Академиясының Президиумының ұсынысы бойынша педагогика ғылымы мен білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Шакиров Каримжан Нұрымұлы ПҒА-ның Құрметті академигі атанумен құттықтайды. Кафедра ұжымы ұзақ жылдар бойы белсенді ғылыми қызмет, денсаулық және шығармашылық табыстар тілейді!

 

Ары қарай оқу >>

«Аймақтану» мамандығы бойынша XIII Республикалық пәндік олимпиада

27.04.2021

  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 26 сәуір күні «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

  Олимпиаданың тақырыбы біздің заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі – Пандемия жағдайындағы халықаралық қатынастар мен дипломатия мәселеріне байланысты болды. Биылғы жылы Олимпиадаға еліміздің 5 университетінен 12 команда қатысты. Камандалар арасындағы сайыс үш тапсырмадан құралды. Біріншісі командаларды таныстыруға байланысты бейне ролик, екіншісі «Пандемия жағдайындағы Орталық Азия елдерінің даму перспетивасы» атты ғылыми жоба, үшіншісі команда капитандары арасында «Kahoot» платформасындағы онлайн викторина. Олимпиада қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ I дәрежелі дипломымен ҚазҰУ-дың Қазақ бөлімі (Тоқберген Айдана, Әбдінағи Жансая, Жұмақанов Әділнұрым), жетекші: доц. Бюжеева Б.З., ҚазҰУ-нің ағылшын бөлiмi (Юсупова Эльвира, Мусаева Аружан, Исаева Дана), жетекші: аға оқыт.Бакирланова А.Н., Тұран Университетінің орыс бөлімі (Максудова Кристина, Тюлюкина Мария, Жансеркеева Асия), жетекші: доц. Аргимбаев А.Е. марапатталды. Команда английского отделения ЕНУ им. Л.Гумилева (Қасымова Диана, Маратова Диана, Қасымхан Малика Ибраева А.Е.) руководитель Болысбекова М.

Ары қарай оқу >>

2021 жылдың «26» сəуірінде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасында педагогикалық практика аясында өткізілген оқу-тәрбие іс-шарасы ZOOM платформасында «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс орыс бөлімінің студенттерімен «Маркетинг: кәсіби с

26.04.2021

 

 

2021 жылдың «26» сəуірінде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасында педагогикалық практика аясында өткізілген оқу-тәрбие іс-шарасы ZOOM платформасында «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс орыс бөлімінің студенттерімен «Маркетинг: кәсіби спорттан IT Start-Up-қа» тақырыбында оқу-тəрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шараға сілтеме: https://youtu.be/arigimHWSuI

https://youtu.be/7DQEcnR8T2g

Ұйымдастырушылар:

Полатов У.Г. — «халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Татаринов Д.В. — «халықаралық құқық» кафедрасының доценті

Шақырылған қонақ:     Кененбаева Томирис — IT Start-UP Wanty маркетологы, «Special Olympic Kazakhstan» маркетинг директоры.

Шақырылған қонақ тәрбие іс-шарасы аясында студенттерге IT Start-Up Wanty әлеуметтік желісі, Маркетинг негіздері, өмірден алынған практикалық кейстер (шетелде оқу), жарнаманың тиімділігін бағалаудың қарапайым ережелері, SMM, әлеуметтік сет таныстырылды. Бұдан басқа, "Special Olympics Kazakhstan" мысалында Қазақстандағы волонтерлік тақырыбы, оның жаңа форматы, бағыттары мен перспективалары қозғалды.

Тәрбие іс-шарасының соңында студенттер қонаққа маркетинг және еріктілік бойынша бірнеше сұрақтар қойды. Іс-шара соңында қатысушылар Томирис Кененбаеваға презентация үшін алғыс айтып, бастамаларына табыс тіледі.

Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Д. В. Татаринов тәрбиелік іс-шараға оң баға берді.

Ары қарай оқу >>

«Шет елдердегі«сыбайлас жемқорлық» феноменінің тәжірибесін зерттеу» тақырыбы бойынша өткізілген оқу-тәрбиелік іс-шараның Есебі

22.04.2021

 

2021 жылдың 22 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Шет елдердегі«сыбайлас жемқорлық» феноменінің тәжірибесін зерттеу» тақырыбындағы оқу-тәрбиелік іс-шарасы өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары аға оқытушылар Отарбаева А.Б., Байтукаева Д.У., Бегжан А.М., Арын А.А., Мәулен А.А., іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің «Халықаралық құқық», «Құқықтану» мамандықтарының және мен UIB университеті «Логистика» мамандығының 2, 3 курс студенттері қатысты. Іс-шараның арнайы қонағы ретінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі, подполковник Айтмағанбетов Дархан Дүйсенбекұлы шақырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар шет елдердің сыбайлас жемқорлықпен күресу тәжірибесімен, сондай-ақ оның алдын-алу шараларымен танысты. Кездесуде Финляндия, Дания, Сингапур сияқты сыбайлас жемқорлықты жоюда бойынша басқа елдерге үлгі болатын мемлекеттердің табысты тәжірибесі талқыланды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, осы мәселе бойынша презентациялар жасады. Подполковник Айтмағанбетов Д.Д. сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу шаралары туралы, әр азаматтың өзін-өзі тану деңгейі және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік саясаты туралы өз тәжірибесіне сүйене отырып өте қызықты ақпаратпен бөлісті. Тәрбиелік іс-шараның соңында елімізде сыбайлас жемқорлықты жоюға қарсы нәтижелер шығарылып, тиісті қорытындылар жасалды.

Ары қарай оқу >>

Магистранттың ғылыми тағылымдамасы

21.04.2021

 

       ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2021 жылдың 29 наурыз бен 08 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www.kaznu.kz)  «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының магистранттары Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының халықаралық – құқықтық факультетінде (Ресей Экономикалық даму министрлігінің БССА) онлайн режимінде ғылыми тағылымдамадан өтті (http://www.vavt.ru/).

     Ресей экономикалық даму министрлігінің БССА халықаралық құқық кафедрасы дайындаған тағылымдама бағдарламасына сәйкес магистранттар он күн бойы келесі оқу сабақтарына қатысты: онлайн-дәрістер, тәжірибелік семинарлар, мастер-кластар, диссертацияларының мазмұндық бөлігіне қатысты жетекші ғалымдармен жеке кеңестері бойынша талқылауға қатысты, Фараби Әлемі халықаралық конференциясына қатысу үшін ғылыми мақалалар дайындады.

Тағылымдамадан өту барысында магистранттар Ресей ЖОО кітапханасының электрондық ресурстарына, оқытылатын курстар бойынша оқу-әдістемелік материалдарға қол жеткізіп, магистрлік зерттеу тақырыптары бойынша қосымша материалдар жинау үшін ғылыми қорды пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

       Ғылыми тағылымдаманың соңғы күні з.ғ.д., халықаралық құқық кафедрасының доценті И.М. Лифшиц басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесіне арналған бірлескен ғылыми семинар өтті, онда магистранттар презентациялармен сөз сөйлеп және магистрлік диссертациялардың ережелерін талқылады.

       Тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша магистранттар құнды тәжірибе, жаңа білім қорын, тағылымдамадан өту туралы сертификаттарды және ғылыми жетекшілердің оң пікірлерін алды.

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасы ғылыми тағылымдаманы өте жақсы және жемісті ұйымдастырғаны үшін РФ Экономикалық даму министрлігі Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының халықаралық бөлімінің бастығы И.Н. Школярға, халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор В.М. Шумиловқа, з.ғ.д., доцент И.М. Лифшицке және халықаралық құқық кафедрасының барлық профессорлық - оқытушылық құрамына ғылыми тағылымдама кезінде магистранттарды дайындағаны және қолдағаны үшін алғыс білдіреді.

Ресей және Қазақстан халықаралық құқық мектептерінің оқу орындары арасындағы педагогикалық тәжірибесі мен білім алмасу магистранттарды даярлау сапасын жетілдіруге, ғылымда жаңа білім мен жаңалықтар алуға қуатты серпін береді.    

 

Ары қарай оқу >>

«ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

16.04.2021

2021 жылы 10 сәуірде халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 3 курс студенттері Әділ Амрин, Алтынай Амангелді және Қуаныш Тұрған «Жас Зерде» командасы құрамында «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінің экономика факультетінде өткен XIII Республикалық пәндік олимпиадасында екінші орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>

16.04.2021 ZOOM платформасында "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша 3-курс орыс бөлімінің студенттерімен "НЕТЭТИКЕТ: білім беру процесіндегі интернет мәнерінің маңыздылығы" тақырыбында оқу-тәрбие іс-шарасы өтті.

16.04.2021

 

 

16.04.2021 ZOOM платформасында "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша 3-курс орыс бөлімінің студенттерімен "НЕТЭТИКЕТ: білім беру процесіндегі интернет мәнерінің маңыздылығы" тақырыбында оқу-тәрбие іс-шарасы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша 1-курс магистранты - М. С. Бисалиев; "Халықаралық құқық" кафедрасының доценті - К. Ж. Алтаева; шақырылған қонақ: АҚ «Денсаулық Сақтау Және Медициналық Сақтандыру Жөніндегі Қазақ «Интертич» Корпорациясы» ақпараттық қауіпсіздік қызметкері - Габбасов Д.Р. https://www.interteach.kz/news/sovmestone-vospitatelnone-meropriyatiya-kaznu-interteach-netetiquette-108/

Конференцияға магистратура және докторантура студенттері, факультеттің профессорлық-оқытушы құрамы шақырылды. Іс-шара тыңдаушыларына цифрлық кеңістіктегі тәртіп ережелері туралы ақпарат берілді.

Желілік этикеттің жалпы ережелері:

  1. Құрметті, сауатты тілді қолданыңыз
  2. Деректерді өз қалауыңыз бойынша бөлісіңіз
  3. Үлкен файлдарды электрондық пошта арқылы жібермеңіз
  4. Адамдардың жеке өмірін құрметтеңіз; TO, CC, OR BCC электрондық поштасы
  5. Ақпаратты таратпас бұрын фактілерді тексеріңіз
  6. Тиісті ақпаратпен бөлісіңіз
  7. Бас әріптер мен бірнеше тыныс белгілерін пайдаланбаңыз

Көптеген коммуникациялық платформалармен қатар әртүрлі медиа арналардың әсерін дұрыс қолдану керек, өйткені бұл байланыс процесінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Коронавирустық пандемияға байланысты Цифрлық этикеттің жазылмаған ережелері ұсынылған онлайн видео-конференция байланыс құралдары ерекше өзекті болды:

  1. Кешігіп қалмаңыз және басқа қатысушылар да солай істеуді талап етіңіз
  2. БКБ қатысушыларын сеанстың басталғаны туралы хабардар ету
  3. Қолдауға көрермен байланыс
  4. Басқа спикерлерді үзбеу
  5. Қалыпты дауыспен сөйлеу (айқайламау немесе сыбырламау) қалыпты қарқынмен
  6. Камераны жақсырақ фокустау үшін киімде бейтарап және үнсіз түстерге (ашық көк немесе пастелді түстерге) жабысыңыз
  7. Жұқа жолақ немесе жолақ сияқты киім мен галстуктерде күрделі өрнектерден аулақ болыңыз
  8. Үзіліс кезінде көршілермен пікір алмасу кезінде микрофонды өшіріңіз
  9. Шуды жоюға қарамастан, егер қажет болмаса, үстелдегі заттармен шу шығармаңыз. Мысалы: құжаттарды рәсімдеумен үстелді ұрмаңыз

10.  Графикаға кедергі жасамаңыз: ақпараттық слайдты шамадан тыс жүктемеңіз, тіпті үлкен СКД қолдансаңыз да, слайдқа 6 жолдан артық мәтін қоймаңыз

11.  Материалдарды безендіруде жұмсақ пастельді түстерді қолданыңыз, қызыл түстерді ең аз мөлшерде қолданыңыз, тек акцент ретінде ең негізгі екпін ретінде қолданыңыз.

Ары қарай оқу >>