2021 жылдың «26» сəуірінде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасында педагогикалық практика аясында өткізілген оқу-тәрбие іс-шарасы ZOOM платформасында «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс орыс бөлімінің студенттерімен «Маркетинг: кәсіби с

26.04.2021

Көрулер: 1755

 

 

2021 жылдың «26» сəуірінде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасында педагогикалық практика аясында өткізілген оқу-тәрбие іс-шарасы ZOOM платформасында «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс орыс бөлімінің студенттерімен «Маркетинг: кәсіби спорттан IT Start-Up-қа» тақырыбында оқу-тəрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шараға сілтеме: https://youtu.be/arigimHWSuI

https://youtu.be/7DQEcnR8T2g

Ұйымдастырушылар:

Полатов У.Г. — «халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Татаринов Д.В. — «халықаралық құқық» кафедрасының доценті

Шақырылған қонақ:     Кененбаева Томирис — IT Start-UP Wanty маркетологы, «Special Olympic Kazakhstan» маркетинг директоры.

Шақырылған қонақ тәрбие іс-шарасы аясында студенттерге IT Start-Up Wanty әлеуметтік желісі, Маркетинг негіздері, өмірден алынған практикалық кейстер (шетелде оқу), жарнаманың тиімділігін бағалаудың қарапайым ережелері, SMM, әлеуметтік сет таныстырылды. Бұдан басқа, "Special Olympics Kazakhstan" мысалында Қазақстандағы волонтерлік тақырыбы, оның жаңа форматы, бағыттары мен перспективалары қозғалды.

Тәрбие іс-шарасының соңында студенттер қонаққа маркетинг және еріктілік бойынша бірнеше сұрақтар қойды. Іс-шара соңында қатысушылар Томирис Кененбаеваға презентация үшін алғыс айтып, бастамаларына табыс тіледі.

Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Д. В. Татаринов тәрбиелік іс-шараға оң баға берді.