Жаңалықтар

«Конфликт и пути его решения» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

15.04.2021

 

 

2021 жылдың 15 сәуірінде ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық құқық» кафедрасында "Конфликт и пути его решения" тақырыбында оқу-тәрбие іс-шарасы өтті. Ұйымдастырған: "Халықаралық құқық" мамандығының 1 курс магистранты Сейітқанова М.Б. мен Ph. D., қауымдастырылған профессор Алтаева К.Ж.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларды пікірталасқа тарту, жанжалды жағдайларды шешу тәсілдерімен таныстыру және қызықтыру.

Іс - шараға "Халықаралық құқық" мамандығының 2 курс студенттері және шақырылған қонақ - Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Азамат Тәжібаев қатысты.

Іс-шара барысында "Жанжал деген не?", "Жанжалдардың түрлері", "Жанжалдың даму кезеңдері", "Жанжалдағы қолданылатын негізгі стратегиялары", сондай-ақ "Жанжалды шешу жолдары", "Жанжалдың оң және теріс салдары" деген сұрақтар талқыланды.

Шақырылған қонақ Азамат Тәжібаев өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жанжалдарды шешудің заңды тәсілдері туралы айтты.

Іс-шара пікірталас форматында өтті, оған студенттер белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

ЕСЕП. «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

12.04.2021

 

ЕСЕП

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ

КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

7 - СЕКЦИЯ «G-GLOBAL: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕ ЖӘНЕ МАСС МЕДИА» 

«07» сәуір 2021 ж.

                                               Алматы қ.

 

Төраға:

 

З.ғ.д., проф. К. Н.Шәкіров

Жетекші:

 

Д. Қ. Жекенов, PhD доктор, қауым. профессор 

Хатшы:

 

Жаксылыкбаева А.

Тыңдаушылар:

Машимбаева Г.А., з.ғ.к., доцент, Беккайыров Н., аға оқутышы

Уақыты:

 

7.04.2021

15:00 - 17:50

 

1орын ( бір жеңімпаз)-

1.Әбдіқұл А.Е.,

2 орын (екі жеңімпаз) –

1. Сертаева С.А.,

2. Дильмуратқызы Ә.

3 орын (үш жеңімпаз)

1. Абухан Ғ.М.,

2. Молжигит А.,

3. Джаканова З.Г.,

Басқа номинация жеңімпаздары:

  • «Баяндаманың тәжірибелік маңызы үшін» (бір жеңімпаз): Абдыкасым К.,
  • «Ғылыми маңызы үшін» (бір жеңімпаз): Бақытжанқызы М.
  • Қалған қатысушыларға қатысқан үшін сертификат берілетін болады .

Секция 8 «Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасының өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелері» жас ғалымдар секциясы 

Конференция 8-секциясының өткізу күні мен уақыты: 11:00-16:00, 6 сәуір 2021 жыл.

Комиссия мүшелері:

1. Төраға: з.ғ.к., доцент Машимбаева Гульмира Амангельдиевна

2. з.ғ.к., профессор м.а. Сайрамбаева Жулдыз Талгатовна

3. з.ғ.к., доцент Сылкина Светлана Михайловна.

Хатшы:

1. Тлеубеков Султан Торебекович.

Конференцияның 8 секциясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ-Германия университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті сияқты жоғарғы оқу орындарының магистранттар мен докторанттарынан 30 ғылыми мақала ұсынылды.

Спикерлердің тыңдалған баяндамаларының негізінде Комиссия Конференцияның жүлделі орындарын тағайындау туралы келесі шешім қабылдады (8-секция):

1-орын. Султан Тлеубеков, 2-курс PhD докторанты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

2-орын. Асем Ахметова, 2-курс PhD докторанты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

2-орын. Камила Талгатова, 1-курс магистранты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

3-орын. Риза Мархаба, 2-курс магистранты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

3-орын. Асет Адибаев, 1-курс PhD докторанты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

3-орын. Мадина Нуртай, 1-курс PhD докторанты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

«Тәжірибелік маңыздылығы» номинациясы бойынша жеңімпаздар да анықталды:

-      Малика Сейітқанова, 1-курс магистранты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;

-      Анель Сматаева, 1-курс магистранты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;

-      Негматулла Айя, 2-курс магистранты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

«Ғылыми маңыздылығы» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды:

-      Саид Тулибаев, магистрант, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

-      Дария Жалгас, 1-курс магистранты, мамандығы «халықаралық құқық», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

9 СЕКЦИЯ

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Өткізу күні: 08.04.2021 г., бейсенбі

Өткізу уақыты: 13:00-15:00

Секциялық отырысқа қатысушылар:

Төраға – з.ғ.к., доцент А.Ж. Тусупова

Жетекшілер – доктор PhD, қауымдастырылған проф. Алтаева К.Ж.,

з.ғ.к., доцент Э.С. Абдрахманова,

з.ғ.к., доцент С.М. Апенов

Хатшы – Жалғас Д.Н.

әл-Фараби ҚазҰУ-нің студенттері (13 қатысушы) 

Жүлделі орындар:

1 орын:

1. Итбаев Д., "Халықаралық құқық" мамандығының 1 курс студенті»

2 орын:

1. Мереке Б., "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті»

2.Мажитова М., "Заң" мамандығының 2 курс студенті, Алматы Менеджмент Университеті

3 орын:

1. Нұрсейт Д., "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті

2. Серікқанова Д., "Халықаралық құқық" мамандығының 3 курс студенті»

3. Марван Д., "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті»

"Тәжірибелік маңыздылығы үшін" номинациясының жеңімпазы»:

Досимова Т., "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті»

"Ғылыми маңыздылығы үшін" номинациясының жеңімпазы»:

Мереке Б., "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті»

 

10 СЕКЦИЯ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

Төраға: з.ғ.к., доцент Татаринов Д.В.

Жетекшілер: з.ғ.к., доцент Самалдыков М.К.; аға оқытушы Отарбаева А.Б.

Қатысушылар саны: 8

1 орын. Сайдазимова Тамила, «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті 

Ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Самалдыков М.К. 

2 орын. Абдуллина Акмарал, «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті 

Ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Самалдыков М.К. 

2 орын. Байбулова Дана, «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекші: з.ғ.д., профессор Шакиров К.Н.

3 орын. Бауыржан Зере, «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Татаринов Д.В.

3 орын. Тулеу Сергазы, «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Омиржанов Е.Т.

«Өзекті тақырып» номинациясы бойынша дипломдар:

- Асылбекова Сария, «Халықаралық құқық» мамандығының 2 курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Отарбаева А.Б.

- Mohammadi Fareba, «Халықаралық құқық» мамандығының 2 курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Байтукаева Д.У.

- Дуйсекеев Даулет, «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Тусупова А.Ж. 

11 СЕКЦИЯ

«СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Өткізу күні: 07.04.2021 ж., сәрсенбі 

Өтетін уақыты: 10:00-13:00

Секциялық отырысқа қатысушылар:

Төраға – PhD докторы, доц. З.М. Баймагамбетова

Жетекшілер – PhD докторы, аға оқытушы Л.Б. Нысанбекова, PhD докторы, аға оқытушы А.А.Отыншиева

Хатшы: А.А. Ахметова

Жүлделі орындар:

1 орын:

1. Амантай Ж., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті

2 орын:

1. Үмен Ж., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті

2. Меряшева Д., Рахматулла К., Сайдакрамов Ш. Аlmau университетінің 4 курс студенттері, мамандығы: Құқықтану

3 орын:

1.Сматулла А., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті

2. Дука М., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенті

3. Сейтқадыр О., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Халықаралық құқық" мамандығының 3 курс студенті

«Практикалық маңыздылығы үшін» номинациясының жеңімпазы:

Жаксыбай С., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенті

 


 


 

 

 

Ары қарай оқу >>

2021 жылдың 10 сәуірінде сағат 11:00-де ZOOM платформасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Халықаралық Қатынастар Факультетінің, «Халықаралық құқық» кафедрасында 1-курс магистранты Турсунбаева Айсана және Доцент м.а, PhD докторы Нысанбекова Ляззат Бегімжанқызының ұйымдас

10.04.2021

 

 

2021 жылдың 10 сәуірінде сағат 11:00-де ZOOM платформасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Халықаралық Қатынастар Факультетінің, «Халықаралық құқық» кафедрасында 1-курс магистранты Турсунбаева Айсана және Доцент м.а, PhD докторы Нысанбекова Ляззат Бегімжанқызының ұйымдастыруымен «Covid-19 және Вакцина» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс шараға арнайы шақыртумен Қызылорда қалалық көп бейінді ауруханасының маманы, С.Ж Асфедияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің резиденті Қалтаев Ильяс Сәбитұлы эксперт маман ретінде. Сонымен қатар іс-шараға Халықаралық құқық мамандығының 3-курс қазақ бөлімінің студенттерімен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, АЭжБнен, ҚазБСҚА, ҚазҰАУ, Абылай Хан атындағы ҚазХҚжӘУ, Турция Республикасының Hasettepe университетінен студенттер қызығушылықтарын танытып қатысты. Эксперт маман Covid19 анықтамасы және оның патогонезі, этиологиясын, антигенің, протоколын және вакцинация туралы мағлұматтар берді. Қатысушылар эксперт маманға сұхбат барысында Вакцина алу неге маңызды?, Вакцина алу қажет пе?, Вакцина басқада қандай аурулардан қорғайды?, Вакцина қашан алуымыз керек?, Вакцинаны кімдер алмауы керек? Т.б. бірқатар сұрақтар қойылды. Іс шара барысында қатысушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына арнайы шақырылған эксперт маманнан жауап алды. Қазіргі таңда Вакцинация еліміздегі өзекті тақырыптардың бірі, осыған орай арнайы эксперт мамандардын жауабы студенттерге өте маңызды.

Ары қарай оқу >>

Сәуірдің 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- інің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Талғатова К.С., Ph.D. докторы, доценті Баймағамбетова З.М «Дербес деректерді қорғау» тақырыбына білім

07.04.2021

 

            Сәуірдің 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- інің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Талғатова К.С., Ph.D. докторы, доценті Баймағамбетова З.М «Дербес деректерді қорғау» тақырыбына білім беру іс-шарасы өткізілді.

            Іс-шараның мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру және жеке мәліметтерді қорғау бойынша құқықтық білім беру және әлеуметтік хабардарлық деңгейі.

         Іс-шараға «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенттері және шақырылған қонақ Әсел Абдильдинова - Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясының заң бөлімінің заңгері қатысты. Іс-шара барысында студенттер жеке деректерді құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін, Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты, жеке деректерді жариялау үшін жауапкершілік проблемаларын, алаяқтықпен күрес проблемаларын белсенді түрде талқылады.

       Әсел Абдильдинова өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті және студенттердің жеке тұлғалардың жеке деректерінің құпиялылығын қорғау проблемалары, азаматтардың жеке деректерін жариялау және тарату бойынша дауларды шешуде сот практикасының мысалдары туралы сұрақтарына жауап берді. Іс-шара пікірталас форматында, өте қызықты және мазмұнды өтті.

 

Ары қарай оқу >>

Сәуірдің 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Абай-дара, Абай-дана қазақта!» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

07.04.2021

 

Сәуірдің 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты  Д.Н. Жалғастың және з.ғ.к., доцент А.Ж.Тусупованың ұйымдастыруыммен «Абай-дара, Абай-дана қазақта!» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Жалпы іс -шараға «Халықаралық құқық» мамандығының 1 және 3 курс студенттері белсенді түрде қатысып, өз ойларын білдіріп, Абай атамыздың шығармашылығынан үзінділер келтірген болатын. Студенттерге арнайы видеоролик ұсынылып, тақырып пысықтап алынды. Шара барысында Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерімен таныс болды. Сонымен қатар Ұлы ақынның өмірі туралы А.Джаманбаева, Д. Серікқанова т.б. студенттер тоқталып өтіп, лирикалық табиғат жөнінде өлең шумақтарын Д. Өтегенова.    А. Абдулла оқып берді. Абайдың терең ой мен күрделі пікірге құралған, жақсы мен жаман туралы баяндайтын, халқын алға ұмтылуға шақыратын қара сөздерін 3 курс студенттері А.Аппазов, А.Базарбаев, О. Сейтқадыр еске түсіріп, мағынасын ашып берді. Тәрбиелік іс-шара соңында Ұлы Абайдың өміріне, шығармашылығына қатысты тексеру сұрақтары ұсынылды. Барлық қатысушы студенттер сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өткен іс – шара туралы өз ойларын айтып, жақсы тілектерін білдірген болатын.

 

Ары қарай оқу >>

2 сәуірде «Латын әліпбиі - болашақ кілті» тақырыбында ауқымды оқу-тәрбиелік іс-шара өтті.

02.04.2021

 

2 сәуірде «Латын әліпбиі - болашақ кілті» тақырыбында ауқымды оқу-тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Ерболов Д.Е. , Ph.D, қауымдастырылған профессор Алтаева Камиля, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жайлау Жанат, «Алматы университеті» педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Адырбекова Жанар бастамашылдығымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «халықаралық құқық» мамандығының және «Алматы университеті» «құқық», «педагогика және психология» мамандығының студенттерімен бірге ұйымдастырылды. https://almaty-university.edu.kz/ Іс-шара барысында қазақ жазуын кирилл әліпбиінен латын графикасына көшірудің негізгі себептері мен болашағы талқыланды.

Ары қарай оқу >>

«ЕВРАЗИЯДАҒЫ ДАНТЕ ЗЕРТТЕУЛЕРІ МЕН ИТАЛИЯ ӘДЕБИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ

26.03.2021

2021 жылы 25 наурызда ұлы итальян ақыны, әдеби итальян тілінің негізін қалаушылардың бірі Данте Алигьериге арналған халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараны Италияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.

Іс-шараға әлемнің әртүрлі елдерінен итальяндық мәдениетке қатысты сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Шақырылған сарапшылардың қатарында Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Романдық зерттеу орталығының директоры Чукубаев Ермек Самарұлы болды. Симпозиум іс-шараның бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейде ақпараттық баяндамалармен және көңілді атмосферада өтті.

Ары қарай оқу >>