Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

29.04.2021

Көрулер: 2029

 

 

Сәуірдің 29 жұлдызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасында аға оқытушы Бегжан А.М. мен «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша 1-курс магистранты Шірінбек А.К. ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шараға «Халықаралық құқық» мамандығының 1,2,3-курс студенттері белсене қатысып, баяндамалар жасады. Мерекелік іс-шара басында Шірінбек А.К. халықтар бірлігі күнінің маңызы мен шығу тарихы, Қазақстанды мекен етіп жатқан халықтар, олардың Қазақстанға қоныс аударуы мен олардың тату-тәтті өмірі, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының қызметі жайында ақпаратпен бөлісті. Іс-шарада ерекше көзге түсіп, тиянақты дайындалып, айрықша белсенділік көрсеткен – «Халықаралық құқық» мамандығының 2-курс ағылшын тобының студенттері болды. Ағылшын тобында халықаралық студенттердің білім алып жатқандығына байланысты топ студенттері өз ұлттарының, атап айтқанда, ауған, кәріс, қытай, орыс, түрік ұлттарының мәдениетін, әдебиетін, ұлттық мерекелері мен құндылықтарымен таныстыратын  баяндамалар көрсетіп, қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар халықаралық студенттер қазақ халқының басқа ұлттарға деген достығы мен қонақжайлығын ерекше атап өтіп, бейбіт елде білім алып жатқандықтарына ризашылығын білдірді. Іс-шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, іс-шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, ұлтаралық татулықты басты мақсатқа қойған елімізбен мақтанатындығын жеткізіп, ізгі тілектерін білдірді.