Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының 65 жылдығына арналған "Жастар және ғылым" атты ғылыми конференция.

04.05.2021

Көрулер: 1715

 

 

2021 жылдың 4 мамырында Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының 65 жылдығына арналған "Жастар және ғылым" атты жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми конференцияға қатысты. Конференция қорытындысы бойынша бірінші орындарды үздік баяндамалар үшін 4 курс студенті Марван Даулен және 3 курс студенті Аппаз Алмас алды, олардың жетекшісі з.ғ. к., доцент Тусупова Алмагуль Жагалтайқызы болды. Халықаралық құқық кафедрасы өзінің құттықтауын білдіреді және алдағы уақытта да табыс тілейді!