Жаңалықтар

Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтары достығы университеті делегациясы Әл-Фараби ат. ҚазҰУда

18.09.2023

Философия және саясаттану факультетінің ұжымы Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтары достығы университеті делегациясы құрамындағыРесей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтары достығы университеті ректорының ғылыми жұмыс жөніндегі кеңесшісі, белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Нұр Серікұлы Қирабаевпен кездесіп, әріптестік қатынастарды одан әрі арттыру бойынша пікір алмасты.     

Ары қарай оқу >>

Кездесу

13.09.2023

13.09.2023 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік қалашық әкімшілігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №9 студенттер үйінде тұратын философия және саясаттану факультетінің бірінші курс студенттерімен жиналыс болып өтті. Жиналысқа Бостандық АПБ полиция қызметкері В.Б. Сисенова, педагог-психолог Т.А. Мейрамбекұлы, факультет деканы орынбасары Ө.А. Өмірбекова, студенттік қалашық қызметкерлері Е.Т. Қалшаев, Б.Б.Дихан, Б.Б.Сатылғанова, Қ.Оразханқызы қатысты. Студенттерді Ар-намыс кодексімен, студенттер үйінде тұру ережелерімен таныстырып көкейтесті сұрақтарына түсініктемелер берілді.

Ары қарай оқу >>

Тұрақты даму және жер мәселесі

08.09.2023

08.09.2023 Философия және саясаттану факультеті,саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы аға оқытушысы саясаттанушы-конфликтолог Ахмаганбетов Руслан Муханбеткалиұлы бастамасымен "Тұрақты даму және жер мәселесі" тақырыбында тікелей эфир өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Философия және саясаттану факультеті ғылыми алаңын кеңейтуде

07.09.2023

07.09.2023 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейрбаев Иран Ислам Республкасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығының Мәдени кеңесшісі Хусейн Ағазадемен кездесу өткізді. Шараға дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А. Д. Құрманалиева, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.Б. Альчимбаева және професорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да 2023 ЖЫЛДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ БАСТАУ АЛДЫ

20.08.2023

16.08.2023 - 18.08.2023 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Интегративті қолданбалы психологияның негіздері мен технологиялары» тақырыбында VII Халықаралық жазғы психология мектебі өтуде.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан және Иран фарабитанулық ғылыми серіктестігі

10.07.2023

Халықаралық әл-Фараби орталығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы мен Бүкіл Азия елдеріндегі Иран мәдени өкілдіктерін бақылайтын бөлімнің басшысы доктор Адел Кхани мырзамен кездесу.

Ары қарай оқу >>

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА БЕЛЕСКЕ ҚАДАМ БАСТЫ!

05.07.2023

2023 жылдың 5 шілде күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Әл-Фараби кітапханасында өткен салтанатты жиынға университет басшылығы тарапынан Басқарма мүшесі– Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Айдосов Нұржан Сарсынбекұлы, факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар және бітіруші түлектер қатысты.

Ары қарай оқу >>

Erasmus бағдарламасы: әлеуметтік жұмыс саласындағы әлеуетті арттыру

12.06.2023

2023 жылдың 12 маусымында Каритас әлеуметтік жұмыс колледжінің (Caritas-College of Social Work) өкілдері философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев және әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Г.С. Абдирайымовамен кездесті. Іс-сапар асында Erasmus+  оқытушылармен тәжірибе алмасу бағдарламасы негізінде колледж директоры Ph.D. Martin Bednář, студенттік тәжірибе орталығының жетекшісі Štěpán Žáček және оқытушы Lenka Tkadlčíková-лармен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Деструктивті діни ағымның ұстанушыларын дәстүрлі құндылықтарға бейімдеуге және оңалтуға қатысты

08.06.2023

«Исламдағы күрделі теологиялық сұрақтарды талқылау, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың идеологиясын теріске шығару бойынша әдістемелік құрал әзірлеу» мемлекеттік тапсырысы аясында әзірленген «Деструктивті діни ағымның ұстанушыларын дәстүрлі құндылықтарға бейімдеуге және оңалтуға қатысты» әдістемелік құралын 2023 жылдың 8 маусым күні дінтану және мәдениеттану кафедрасының Жұмыс берушілеріАлматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы студенттердің оқу барысында пайдалануы үшін кафедра қорына сыйға тартты.

Ары қарай оқу >>

ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕССИЯ «ОРНЫҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ»

02.06.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында 2023 ж. 2 маусымында аралас офлайн/онлайн форматта «Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» әлеуетті арттыру жөніндегі сессия өтті. Аталмыш сессия ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының Гонконг Политехникалық университетінің (PolyU) қолданбалы әлеуметтік ғылымдар Департаментімен бірлескен үш жылдық халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

 

Ары қарай оқу >>