Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасы бойынша кездесу

02.05.2023

Лондондағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде 2023 жылдың 2 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс докторанты Шапамбаева Айдана XIX-шы жыл сайынғы Дүниежүзілік білім форумына қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

28.04.2023

2023 жылы 27 -28 сәуір күндері аралығында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov university) базасында «Педагогика және психология» мамандығы  бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадада  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған “Фараби жастары” командасы 1-ші орынды иеленді. 

Ары қарай оқу >>

«6В03106-Саясаттану» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиада

28.04.2023

2023 жылы 28 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Философия және саясаттану факультеті Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «6В03106-Саясаттану» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі жоғары дәрежеде өтті. Олимпиаданың өту формасы-ғылыми жұмыстар/жобалар конкурсы.

 

Ары қарай оқу >>

«Дерадикализация бағытындағы заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұлттық дәрежеде семинар

27.04.2023

Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсаты аясында «Дерадикализация бағытындағы заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұлттық дәрежеде семинар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«6В03107-Психология» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

20.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында философия және саясаттану факультеті Жалпы  және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен 20.04.2023 күні «6В03107-Психология» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі сәтті өтті. Олимпиадаға Қазақстанның іргелі ЖОО-нан 18 команда қатысуға өтінім білдірді. Жалпы қатысушылар саны 54 студентті құрады.  

Ары қарай оқу >>

«Әлеуметтану» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

19.04.2023

Ағымды жылдың 20 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі сәтті өтті. Олимпиадаға Қазақстанның іргелі ЖОО-ның мықты командалары қатысып, кәсіби білім мен біліктілікті айқындайтын додада бақ сынасты.

Ары қарай оқу >>

«Философия» мамандығы бойынша кезекті Республикалық студенттік пәндік олимпиа

19.04.2023

19.04.2023 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде  «Философия» мамандығы  бойынша кезекті Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Комиссия мәжілісінде 4 комиссия мүшесі, қатысушылар, олимпиада топтарының ғылыми жетекшілері, көрермендер және комиссия төрағасы  филос.ғ.д., профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры Нұрмұратов Серік Есентайұлы қатысып төрағалық етті. 

Ары қарай оқу >>

Философия және саясаттану факультетінде XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі бастау алды

19.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті 2023 жылы сәуір айының 19-21 күндері аралығында «Философия», «Психология», «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі бастау алды.

 

Ары қарай оқу >>

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен ХV Республикалық студенттік пәндік Олимпиада

17.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дінтану», «Теология» білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылы 17-ші сәуірде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен ХV Республикалық студенттік пәндік Олимпиадада жүлделі орындарды иеленді. Студенттердің арасында өткен жеке турнирде дінтану мамандығының 4 курс студенті Нұрсадық Аяулым Ғабитқызы 1-ші орын жеңімпазы болды. 

Ары қарай оқу >>