Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтары достығы университеті делегациясы Әл-Фараби ат. ҚазҰУда

18.09.2023

Көрулер: 202

 

 

Бүгінде ҚазҰУ Ресейдің жоғары оқу орындарымен соның ішінде Ресей халықтары достығы университетімен де тығыз серіктестік орнатқан. Философия және саясаттану факультеті Ресей халықтары достығы университетімен магистратура деңгейінде Философия, Педагогика және психология білім беру бағдарламалары бойынша тығыз әріптестік орнатқан. Кездесу барысында гуманитарлық бағыттағы екі жақты ынтымақтастық дамыту, халықаралық жобаларды жүзеге асыру, рейтингі жоғары журналдарда бірлескен мақалалар жариялау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, 2024 жылға бірлескен Білім беру бағдарламарын ашу жоспарлары жасалды. Жаңа оқу жұмыс жоспарлары ұсынылып, талқыланды. Болашақта бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі сарапталды. Кездесуге Философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев, декан орынбасары Әлия Өмірбекова, дінтану және саясаттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының оқытушылары Нина Саитова мен Бақыт Рахимбекова, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Гулмира Әбдірайымова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Нұрсұлу Әлқожаева және оқытушысы Абай Дүйсенбаев, философия кафедрасының меңгерушісі Әсет Құранбек және оқытушысы Татьяна Лифанова қатысты.