Факультет тарихы

Философия және саясаттану факультетінің тарихы 1947 жылы психология және логика кафедрасының ашылуы мен 1949 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінің құрылуынан бастау алады. Философия және экономика факультетінің ең алғашқы деканы доцент Н.П. Дардыкин болған.

Философия және экономика факультеті 1951 жылы философия-экономикалық факультет болып біріктіріледі, оның басшысы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.А. Жеребятьев тағайындалады.

Философия және экономика факультеті 1954 жылға дейін жұмыс істеді және философиялық кадрларды даярлау преференциясы тек жетекші жоғары оқу орындары Мәскеу, Ленинград және Киев мемлекеттік университеттеріне берілгеніне байланысты жабылды.

Философия факультетінің алғашқы екі бітіруі (1954 және 1955) қазақ мектебінің кәсіби философтарының ұрпағы болды, олардың күш-жігері кейіннен философиялық білімнің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер ұйымдастырды. Мұның бәрі бүгінде философия ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, доценттер мен профессорлар, белгілі академиктер.

Факультеттің ең алғашқы түлектері – философия ғылымдарының докторы, ҚР ҒҰА академигі Ж.М.Әбділдин., философия ғылымдарының докторы, профессор А.Х. Қасымжанов, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҒҰА академиктері Я.А. Әубәкіров, К.А. Сағадиев, философия ғылымдарының докторы, профессор М.С. Әженов., профессор С.Т. Темірбеков, Г.А. Югай, З.А. Мұқашев, М.С. Бурабаев, Г.Б. Хан, А.И. Икенов, В.Г. Яковлев, А.А. Аимбетов, В.Г. Брянов, А.Д. Әжибаева, И.С. Хорошилова және т.б.

1971-1972 жылдар аралығында факультетте гуманитарлы және жаратылыстану факультеті жанында философия, философия тарихы және логика, этика, эстетика және ғылыми атеизм кафедралары жұмыс істеген. Кейінгі жылдарда психология, әлеуметтану, саясаттану кафедралары құрылған.

1991 жылы философия-экономика факультеті екі дербес философия және саясаттану факультеті, экономика және әлеуметтану факультеті болып бөлінді. 1997 жылы әлеуметтану бөлімі философия және саясаттану факультеті құрамына енді.

Әр жылдары философия және саясаттану факультетін философия ғылымының докторлары, профессорлар О.А. Сегізбаев., А.Х. Қасымжанов., М.С. Әженов., А.К. Касабек, психология ғылымының докторы, профессор Н.А. Логинова басқарды. Факультет декандары қызметін саяси ғылым докторы, профессор К.Н. Бұрханов (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты) және философия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА Академигі Ғарифолла Есім (Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты), 2007-2010 жылдары социология ғылымының докторы, профессор З.К. Шаукенова, 2010-2011 жылдары философия ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Құлсариева, 2011-2021 жылдары болып философия ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Масалимова. Қазіргі уақытта философия және саясаттану факультетінің деканы - философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б.

Факультет өмірінде жарты ғасыр барысында көркею, гүлдену, қайта құрылу, қиыншылықтарға толы кезеңдер орын алды, алайда факультет ұжымы қиындықтарды жеңіп, өсіп, өзінің дамуының жаңа белестеріне қоршаған шындықтың жаңа маңызды және күрделі талаптарын орындауға қабілетті, жоғары деңгейге көтеріле білді.

Философия және саясаттану факультетінің ұжымы жеткілікті түрде жоғары шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілігімен, өзінің кәсібіне және университетіне берілгендегімен ерекшеленеді.