6B01101 Педагогика және психология

Білім беру бағдарламасының атауы

6B01101 Педагогика және психология

Білім саласы

6B01 Педагогикалық ғылымдар

Дайындық бағыты

6B011 Педагогика және психология

Білім беру бағдарламаларының тобы

B001 Педагогика және психология

БББ мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты - тұлғалық даму мен білім беру саласында сұранысқа ие, педагогикалық- психологиялық жағдайларға талдау жасауға және кәсіби шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктер мен білімдерді игерген, педагогикалық-психологиялық қызметтің маңызы мен ерекшелігін түсінетін, педагогикалық-психологиялық қызмет технологияларын және педагогикалық-психологиялық құзыреттіліктерді игерген жоғары кәсіби мамандарды - педагог-психологтарды даярлау.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру төмендегідей қабілеттерді игерген маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:

•              Қазақстан Республикасының заңдарын, психология мен білім берудің қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен теорияларын, педагогикалық-психологиялық ғылымның категориялық аппаратын білу негізінде адам дамуы туралы кәсіби педагогикалық-психологиялық міндеттерді шешу;

•              мектептерде, колледждерде педагогикалық үдерісті талдау, жобалау және жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерісті басқару;

•              білім беру мекемелерінде диагностика, ағарту, алдын алу, түзету және қатысушылардың тұлғасын дамыту бойынша психологиялық қызметті жобалау және жүзеге асыру;

•              білім беру стратегияларын, оқыту әдістері мен технологияларын өңдеу және жүзеге асыру, білім беруге жаңашылдық енгізу, қазіргі заманғы педагогикалық стратегиялар мен технологияларды игеру, оларды білім беру мекемесінің тұтас педагогикалық үдерісінде тиімді қолдану, білім беру мен дамудың жеке білім беру траекториясын жобалау;

•              білім беруді сапалы бақылауды жүзеге асыру, білім беру сапасын жүзеге асырудың құралдары мен әдістемелерін өңдеу;

•              дамудың тұлғалық траекториясын салу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, полилингвалды коммуникацияны жүзеге асыру.

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқыту нәтижелері

  1. дүниежүзілік және еуразиялық тарихи үдерісте Қазақстан мемлекетінің үдемелі дамуының жаңа тарихи кезеңдерін көрсету; Қазақстан Республикасы - қалыптасқан мемлекет жолында дамудың қазақстандық үлгісінің жетістіктерін жалпылау үшін ғылыми-тарихи және философиялық білімдерді шығармашылық тұрғыда қолдану және еркін түсіндіру;
  2. Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі" Заңдарын, Неке және отбасы туралы Кодексін және т.б., педагогика және білім беру тарихын білу; этнопедагогика, білімнің жалпы заңдылықтарын білу, тәрбие теориясы мен дидактикасы негізінде психологиялық-педагогикалық жағдайларды талдау; оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін меңгеру; педагогика мен психологияның категориялық аппаратын меңгеру;
  3. 12 жылдық білім беру жағдайында мектептегі педагогикалық үдерісті жобалау және жүзеге асыру, талдау және бағалау, мектеп пен колледжде педагогикалық үдерісті басқару, оқытудың қолайлы ортасын құру;
  4. мектепте психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық қызметтің нәтижелерін жоспарлау, ұйымдастыру, диагностикалау және болжау; оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын бағалау рәсімдерін жүзеге асыру, диагностика жүргізу; психологиялық-педагогикалық құжаттаманы толтыру, бақылау және кеңес беру әдістері, диагностикалық әдістемелер негізінде балаларды алғашқы, екінші, үшінші диагностикалау міндеттерін шешу;
  5. типтік сұраныстағы жағдайларда балаларға психологиялық кеңес беру көмегін көрсету, даму міндеттерін шешуге бағытталған кеңес беру әдістерін қолдану, мектеп және колледж қызметкерлеріне баланы дамыту мәселелері бойынша кеңес беру, жас ерекшелік даму ресурстарын талдау және іздеу, бейіндеу және кәсіби бағдар беру, балаларға кеңес беру бойынша білім беру ұйымдарында тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру; баланың психологиялық денсаулығын алдын алу және дамыту бойынша;
  6. жас ерекшелік анатомиялық-физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктерін анықтау; балалардың, жасөспірімдер мен жастардың жеке даму заңдылықтарын түсіну; балаларды түзету мен дамытудың жеке бағдарламаларын, оқу-тәрбие іс-шараларының жобаларын, жоспарларын және оларды психологиялық қамтамасыз ету, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының қызметінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жасау және іске асыру;
  7. білім беру стратегияларын, жаңа технологияларды, оқыту және тәрбиелеу әдістерін, қашықтықтан оқыту технологияларын игеру, әзірлеу және жетілдіру, білім беруге инновациялар енгізу; әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу, жеке білім беру траекторияларын жобалау, соның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін тиімді қолдану;
  8. білім беруді сапалы бақылауды жүзеге асыру, басқару және критериалды бағалау технологияларын меңгеру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру; білім беру сапасын бақылауды жүргізудің әдістемелері мен құралдарын әзірлеу;
  9. білім беру саласында шағын зерттеулер жүргізу, зерттеу қызметін және психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру және оларды практикалық пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар дайындау;
  10. түрлі жағдайларда, соның ішінде баланың дамуын түзету мен алдын алу бойынша педагог-психологтың отбасымен өзара әрекетін жобалау; ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргізу, білім беру мекемесінде балаларға кеңес беру, девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мен алдын алу бойынша сапалы жұмыстарды ұйымдастыру;
  11. білім беру саласындағы мәселелерді шығармашылықпен шешу, білім беру стейкхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларды бастамашылық ету, педагогикалық үдеріске креативті әдістерді, сандық білім беру ресурстарын ілгерілету, жалпыадамзаттық құндылықтар, Өзін-өзі тану құндылықтары, халықтық педагогика құндылықтары негізінде стандартты емес міндеттерді қою
  12. өзінің кәсіби іс-әрекетін қорытындылау, сыни ойлауға қабілетті болу, өзінің кәсіби деңгейін жүйелі арттыру, өз құзыреттілігінің шегін анықтау, әріптестерімен, аралас мамандықтардың қызметкерлерімен табысты қарым-қатынас орната білу, әріптестермен бірге рефлексия және шешім жасау әдістерін қолдану, полилингвалды коммуникацияны жүзеге асыру.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1594