Факультет туралы

   Философия және саясаттану факультеті – Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беретін басты орталықтардың бірі.

   Факультеттің кәсіби тұрғыда қалыптасуы университеттік білім мен мәдениеттің, қазақстандық философия, мәдениеттану, дінтану, әлеуметтану, психология, педагогика, саясаттану ғылымдарының дамуымен бірге жалғасуда. Өзінің қалыптасу барысында факультет қоғамдық өмірдің барлық салалары үшін жоғары кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындауда. Олар еліміздің әр аймақтарында жемісті жұмыстар атқаруда.

   Философия және саясаттану факультетінің тарихы өзінің бастауын 1947 жылы психология және логика кафедрасының ұйымдастырылуынан, содан соң 1949 жылы университетте философия және экономика факультетінің ашылып, 1951 жылы философия-экономика факультетіне біріктірілуінен бастайды.

   Философия және саясаттану факультетінің ұжымы жеткілікті түрде жоғары ғылыми шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілігімен, өзінің кәсібіне берілгендігімен ерекшеленеді. Факультетте 150-ден астам оқытушы-профессорлар құрамы қызмет атқаруда, олардың ішінде 80-нен астам ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, PhD докторлар қызмет етеді.