8D01101 Педагогика және психология

Білім беру

бағдарламасының атауы

8D01101 Педагогика және психология

Білім саласы

8D01 Педагогикалық ғылымдар

Дайындық бағыты

8D011 Педагогика және психология

Білім беру

бағдарламаларының тобы

D001 Педагогика және психология

БББ мақсаты

Мақсаты   - психологиялық- педагогикалық ғылымдар әдіснамасының негіздерін, сол сияқты сабақтас ғылымдар саласының әдіснамасын, жүйелі білімдер мен құзыреттіліктерді және цифрлық технологияларды меңгерген, ғылымды дамытуға қажетті тұжырымдамалық білімдерді жасауға қабілетті, халықаралық деңгейдегі ғылыми пікрталастарда жұмыс тілін қолдана отырып   оларды презентациялай алатын және   зерттеушілік пен инновациялық психологиялық-педагогикалық қызметке қабілетті жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау.

    Бағдарлама маманның төмендегідей кәсіби тұлғалық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталады:

- аталған ғылыми білімдер саласындағы сараптамалық бағалау талаптарына сәйкес келетін жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы салыстырмалы білім берудің өзекті мәселелерін тауып құрастыру және талдау;

- педагогика және психологияның өзекті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың құрылымы мен мазмұнын   жасай   алу, тұжырымдамалық түрде ойлау;

-өзінің кәсіби қызметін бағдарламалау және жоспарлау; жоспар құрастыру және оның нәтижесін болжай алу; орындалатын кәсіби- педагогикалық әрекеттерді түсініп негіздей алу, ғылыми педагогикалық білімдерді жаңа жағдаяттармен байланыстыра алу.

Осы білім беру бағдарламасы жетекші   әлемдік университеттердің оқу жоспарларын талдау негізінде құрастырылды.

Докторлық   білім беру бағдарламасының құрылымы   тең маңызды екі компоненентті құрайды: ғылымилық және білім берушілік.

Бағдарламаларды жүзеге асыруға шетелдердің құзыретті мамандары шақырылып, жұмылдырылады.

Білім   беру бағдарламасы   құзыреттілік тұғыр негізіндегі модульдік ұстанымға құрылды.

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

180

Берілетін академиялық дәреже

Доктор

Оқыту нәтижелері

  1. Тұжырымдамалық түрде ойлай алу, педагогика мен психологияның өзекті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың мазмұны мен құрылымын дайындау; зерттеудің әдіснамалық аппаратын жобалау, зерттеу міндеттерін жүзеге асыру үшін талданатын   ғылымның әдістерін таңдау және қолдану, әдіснамалық эксперименттің әдіснамасын меңгеру, терең және жүелі талдау негізінде әртүрлі құбылыстарды болжамдай алу мен сипаттаудың моделін жобалау, оларға сапалық және сандық талдау жасау.
  2. мектепке және жоо арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен білім беру құжаттарын, білім беру мазмұнын тұтастықта жобалау және сараптамалық бағалау , Қазақстандағы   орта және жоғары білім беруді реформалаудың кейбір мәселелерін  бағалау   , орта және жоғары білім беруді   тереңдетіп реформалау бойынша өзінің ұсыныстарын беру;
  3. білім беруге басып кіру үшін     заманауи психологиялық теорияларды пайдалану, тұлғаның жеке өміріндегі мәселелерді оның рухани, әлеуметтік контексінде   байқау, тұлғаның өмірлік мәселелерін және әлеуметтік білім беруді   шешуде басып кірудің мүмкіндіктерін бағалау;
  4. өзінің психологиялық-педагогикалық кәсіби қызметін бағдарламау және жобалау,   білім берудегі   психологиялық ұйымдардың қызметін сараптамалық бағалау; жоспар құру, оның нәтижелерін көре білу;орындалатын кәсіби педагогикалық әрекеттердің түсіну және негіздеу, ғылыми педагогикалық білімдерді жаңа жағдайларға көшіру;
  5. қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін білім беру үдерісімен өзара байланыста ғылыми тұрғыда талдау, маңызды тұжырымдар мен жинақтауларды жасау, академиялық жазу дағдыларын меңгеру, ғылыми зерттеу әдістерін талдау, салыстырмалы- педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеру;
  6. әлем елдерінде білім беруді тарихи және салыстырмалы талдау негізінде салыстырмалы білім берудің, соның ішінде білім беру саясатының өзекті мәселелерін өзекті мәселелерін құрастыру мен талдау және олардың шешімін табуда ғылыми ұсыныстар беру;
  7. білім беру жүйесінің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді жобалау, білім беру сапасын арттыру, білім беру аймағында тетілеу технологиясын және білім беру аймағында тестілеу картасын жобалау;
  8. квалиметриялық бағалауды қолдануды жоспарлау және квалиметриялық құзыреттіліктерді меңгеру; өзінің қызметтік жұмысы аясында басқару функцияларын кәсіби деңгейде жүзеге асыру және кәсіби мәселелерді білім беру ұйымдарының мүддесіне сәйкес шешу, басқарушылық - аналитикалық құзыреттіліктерді меңгеру;
  9. кәсіби қызметтің кең аумағында шығармашылықпен өзін- өзі жүзеге асыру, өзінің мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби міндеттерді орындауда жоғары мотивацияларды иелену,   өз ісіне және азаматтық кәсіби борышына деген жоғары сезімін, жауапкершілігін дамыту;  
  10. психологиялық- педагогикалық ақпараттарды сыни талдау, жинақтау және жүйелеу, зерттеу мақсаттарын қоя білу және оларға жетудің оңтайлы жолдары мен әдістерін таңдау;
  11. жаңа психологиялық білімдердің,   оқыту мен зерттеу әдістерінің   жаңа технологияларын жасау, ұсыну және ғылыми білім беру қызметінің инновациялық технологияларын ендіру;
  12. ғылым мен білім берудің қоғамдық нормалар мен дәстүрлерге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіну және жариялау, өзінің кәсіби қызметінде оларды ұстануға негізделу; кәсіби этика нормаларын сақтау, құқықтық   және этикалық мінез-құлық нормаларын меңгеру,басқа әлем халықтарының дәстүрлері мен мәдениетіне толеранттылық таныту; әртүрлі экономикалық,нәсілдік, этникалық және кәсіби топтар, жасы және өмірлік стилі әртүрлі тұлғалармен өзара байланыста адекватты әдістерді қолдану.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/doctorate/speciality/1388