Жаңалықтар

«Қазақ даласындағы руханият” атты ақпараттық-танымдық кездесу

04.10.2023

4-қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, әл-Фараби орталығы, "Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар" орталығы  "Алматы қаласы дін істері басқармасымен" бірлесе отырып,  белгілі  дінтанушы, теолог, психолог, "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлымен "Қазақ даласындағы руханият" атты Республикалық  іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыбы бойынша халықаралық дөңгелек үстел

04.10.2023

 

2023 жылдың 4 қазанында Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыбы бойынша халықаралық дөңгелек үстелді ұйымдастырып, өткізді және бұл шараға Новокшанова Н.А. (Астана қаласы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орнықты даму мақсаттары жөніндегі хатшылығының жетекші сарапшысы), сондай ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ислам – халқымыздың маңдайына біткен темірқазық

03.10.2023

3 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында Азамат Жамашев, Ернар Мажен, Дорбетхан Жомарт сынды авторлардың қаламынан туған «Темірқазық. Қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгіні» монографиясының тұсаукесері өтті. 

Ары қарай оқу >>

Кездесу

29.09.2023

Қыркүйектің 29-шы жұлдызында философия және саясаттану факультетінің деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы Назарбаев университетінің профессоры Анджанш Гош мырзамен кездесіп, қазіргі таңдағы қоғамның өзекті мәселесі - дін саласындағы зерттеулер туралы сұхбаттасты.

Ары қарай оқу >>

Коммуникацияны тиімді басқару

29.09.2023

2023 жылдың 29 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында саясаттанушылар, конфликтологтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар және дінтанушыларға арналған «Коммуникацияны тиімді басқару» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шара Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының қаржылық қолдауымен өтуде. Спикер: Алматы қаласының Азаматтық Альянсы төрағасы Әбдіхалықов Қайыржан Саясатұлы. Шақырылған қонақ дәріскер: саясаттанушы Қаражанов Замир Ануварович. 

Ары қарай оқу >>

Академиялық ұтқырлық

27.09.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің 11 студенті халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдің іргелі оқу орындары Польша мемлекетінің Варшава университеті мен Познани қаласында орналасқан Адам Мицкевич университетіне білім алуға мүмкіндік алды.

 

Ары қарай оқу >>

Қош келдіңіз, бірінші курс студенті!

26.09.2023

Қыркүйек айы тез ұшып өтті, бірақ көптеген «жаңа» студенттердің университеттік өмірге бейімделу процестері қызып тұр. Балаларға жаңа ортаға, күн тәртібіне, оқу процесіне үйренуге тура келеді, бұл әрдайым оңай бола бермейді. Көптеген бірінші курс студенттері үшін – бұл ата-аналарынан алыс өз бетінше өмір сүрудің алғашқы елеулі тәжірибесі. 

Ары қарай оқу >>

«Мінез акцентуациялары және коммуникация» 1 курс кураторларына арналған оқыту семинары

25.09.2023

25 қыркүйекте Философия және саясаттану факультетінде «Мінез акцентуациялары және коммуникация» 1 курс кураторларына арналған оқыту семинары өтті. Мұндай семинарлардың негізгі мақсаты – куратор-мұғалімдерге көмектесу, студенттермен жұмыс істеуде қолдана алатын психологиялық білімдер мен құралдармен қамтамасыз ету. Жасыратыны жоқ, кешегі мектеп оқушылары үшін университетке бейімделу оңай емес. Көптеген балалар үшін университетте оқу тәуелсіз өмірдің алғашқы тәжірибесі болып табылады. Дәл осы кезеңде бірінші курс студенттеріне психологиялық қолдау мен көмек қажет.

Ары қарай оқу >>

«Ізгілік жаршысы-Мұхаммед» атты рухани мәуліт іс шара

24.09.2023

Тұрақты дамудың бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар құру мақсаты аясында 24-ші қыркүйек Мәуліт мерекесі өтті. Мәуліт мерекесіне орай Алматы қаласы Республика сарайында республикалық "Ізгілік жаршысы-Мұхаммед" атты рухани мәуліт іс шара кеші өтті.

Ары қарай оқу >>