Жаңалықтар

«Фараби – ізгі философ» тақырыбында дәріс

26.10.2023

26-қазан күні Философия және саясаттану факультетінде Иран ғылым академиясының мүшесі, Иран философиясы қауымдастығының президенті, Шахид Бехешти университетінің профессоры, фарабитанушы ғалым Гуламреза Авани «Фараби – ізгі философ» тақырыбында дәріс оқыды. 

Ары қарай оқу >>

Өзбекстандық профессордың қонақтық дәрісі

24.10.2023

2023 жылдың 24 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында М.Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Холбеков Абдуғани Жұманазаровичтің қонақтық лекциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да заманауи Фарабитану мәселелері талқыланды

24.10.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні Ұлттық мерекесі қарсаңында «Әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, қайырымды қоғам және заманауи этика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Іс-шара Иран Ислам Республикасының Ғылым министрлігінің мәдениеттану және қоғамтану ғылыми-зерттеу институтының, Иран Ислам Республикасының мәдениет ұйымы мен Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы (Қырғыз Республикасы) филиалында оқитын студенттеріне ҚазҰУ қалашығында кампус-тур

20.10.2023

2023 жылдың қазанның 20-шы жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы (Қырғыз Республикасы) филиалында оқитын студенттеріне Алматыда, ҚазҰУ қалашығында кампус-тур ұйымдастырылды. Философия және саясаттану факультетіне де филиалымыздан он жеті студент пен оқытушылар келді.

Ары қарай оқу >>

Кафедра түлектерімен жұмыспен қамтылуы бағытында кездесу

19.10.2023

2023 жылдың 19 қазан күні Тұрақты дамудың "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу" мақсаты аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы түлектердің жұмыспен қамтылуы бағытында кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандағы ішкі мигранттардың әлеуметтік интеграциясы» тақырыбында дөңгелек үстел

13.10.2023

2023 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында «Қазақстандағы ішкі мигранттардың әлеуметтік интеграциясы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара  БҰҰ Тұрақты дамудың «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» атты 11-ші мақсатын іске асыру аясында және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландырылған ғылыми жоба қорытындылары бойынша ұйымдастырылды

Ары қарай оқу >>

«Адамзат тарихына Әл Фарабидің қосқан үлесі» атты 1-ші халықаралық конференцияcы

12.10.2023

Қазанның 11-12 күні ҚР Сыртқы істер министрлігі Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымымен (ИСЕСКО) бірлесе отырып, Ұйымның Рабат қаласындағы штаб-пәтерінде әл-Фарабидің мұрасын ұлықтауға арналған «Адамзат тарихына Әл Фарабидің қосқан үлесі» атты 1-ші халықаралық конференцияcын ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

"Спорт және қауіпсіздік" атты жетінші халықаралық конференция

06.10.2023

2023 жылы 6 қазанда спорт Ұлттық академиясының қабырғасында (София қ., Болгария) "Спорт және қауіпсіздік" атты жетінші халықаралық конференция өтті.

Конференцияны НСА ректоры (София қ., Болгария) және психология ғылымдарының докторы, көркем гимнастика бойынша Болгария ұлттық құрамасының психологы - Татьяна Янчева ашты.

Дөңгелек үстелге жоғары деңгейдегі мамандар қатысты, атап айтқанда: Үкімет, София қаласының мэрі-Иорданка Фандыкова, Жастар және спорт министрі - Даниела Дашева, Болгария ұлттық құрамаларының бас жаттықтырушылары, Болгария спорт федерацияларының президенттері, Спорт және спорт психологиясы саласындағы отандық және халықаралық ғылыми сарапшылар, сондай-ақ қауіпсіздік қызметінің мамандары мен өкілдері болды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ даласындағы руханият” атты ақпараттық-танымдық кездесу

04.10.2023

4-қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, әл-Фараби орталығы, "Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар" орталығы  "Алматы қаласы дін істері басқармасымен" бірлесе отырып,  белгілі  дінтанушы, теолог, психолог, "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлымен "Қазақ даласындағы руханият" атты Республикалық  іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>