Жаңалықтар

“Together we have it all” кітабының тұсаукесері және фотокөрмесі

23.03.2023

2023 жылдың 23 наурыз күні Cauchemar ательесінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған “Together we have it all: Қырғызстанның қауымдастыққа негізделген туризм секторындағы кәсіпкер әйелдер” кітабының тұсаукесері және фотокөрмесі өтті. Кітап 5 «Гендерлік теңдік» және 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға және ілгерілетуге ықпал етеді.

Ары қарай оқу >>

«Наурыз-думан» атты мерекелік іс-шара

17.03.2023

Философия және саясаттану факультеті "Наурыз" мейрамын сән-салтанатпен атап өтті. «Наурыз- думан» атты мерекелік іс-шарасы Философия ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор, факультет деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлының құттықтау сөзімен ашылды. 

Ары қарай оқу >>

ПСИХОБЕЛСЕНДІ ЗАТТАР МЕН АЛКОГОЛЬДІ ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖАСТАР КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ТРЕНИНГТЕРІ

17.03.2023

Бүкіл әлемдегі ең маңызды әрі өткір мәселелердің бірі жастар арасындағы психобелсенді заттар мен алкогольді пайдалану екендігі жасырын емес. Психобелсенді заттар мен алкогольді пайдалану сұрақтары жастардың жеке тұлғалық ерекшеліктері және реакцияларымен тығыз байланысты, көбінесе шешімін таппаған психологиялық сұрақтар осы алкоголь мен есірткіге тәуелділікке апаратын алғашқы қадам болуы мүмкін. 

Ары қарай оқу >>

Академиялық ұтқырлық лайфхактары

03.03.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті халықаралық байланыстарды кеңейту және акедемиялық ұтқырлық көлемін арттыру мақсатында студенттер, магистранттар және доктаранттарға арналған Instagram-да тікелей эфирлер сериясын бастады.

 

Ары қарай оқу >>

Ашық есік күні

24.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2023 жылдың 24 ақпан күні мектеп оқушыларына болашақ мамандықтар туралы мағлұмат беру, қоғам сұранысындағы мамандықтардың ерекшелігі және артықшылықтарымен таныстыру, кәсіби тұрғыда мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында мектеп бітірушілеріне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.  

Ары қарай оқу >>

Игі дәстүр – Тәжібаев оқулары

23.02.2023

2023 жылғы 23 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында жыл сайынғы Тәжібаев оқулары - «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновациялылық» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ұйымдастырушылар – жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті.

Ары қарай оқу >>

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар

17.02.2023

2023 жылдың 17 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Ғылыми кітапханасында Философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Шәркүл Таубайқызы Таубаеваның 75 жылдығына арналған «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн және офлайн форматында өтті.

Ары қарай оқу >>

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректорымен кездесу

03.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан мен дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди мырзамен кездесіп, алдағы уақыттағы мамандарды дайындау барысында екі университет арасындағы ұзақ уақыттар бойы жалғасын тауып келе жатқан ынтымақтастықты ары қарай жетілдіре түсу жөнінде ой бөлісті.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

27.01.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасында «Радикализмнің алдын алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесі: теориялық мәселелер мен практикалық шешімдер» атты халықаралық қысқы мектеп өтті. Оған кәсіби теологтар мен философтар және білім алушы жастар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми-әдістемелік семинар

27.01.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде ағымды жылдың 27 қаңтар күні докторанттардың кезекті ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Аталған іс-шараға Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейрбаев, деканның ғылыми зерттеу жұмысы және халықаралық байланыс жөнінен орынбасары А.Б. Альчимбаева, философия кафедрасының меңгерушісі Ә. Құранбек, кафедра меңгерушілерінің ҒЗЖ және ХБ жөнінен орынбасарлары А.М. Текесбаева, А.А. Абжаппарова, З.М. Садвакасова, А.С. Мустафина және факультеттің 1,2,3 курс докторанттары қатысты.

Ары қарай оқу >>