Жас ғалымдар мен студенттердің «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық конференциясы (6-8 сәуір 2023 ж.)

      Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті 2023 жылдың 06-08 сәуір өтетін жас ғалымдар мен студенттердің «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық конференциясына қатысуға шақырады.

    Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының және жақын, алыс шет ел студенттерін, магистранттарын, докторанттарын және жас ғалымдарын шақырамыз.

       Қатысушылардың баяндамасы 2023 жылдың 06-07 сәуір айында секциялық жұмыстарда тыңдалады.

       Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • 1) студенттерді оқу-танымдық қызмет пен ғылыми зерттеу жұмыстарына ынталандыру;
  • 2) студенттер мен жас ғалымдарды замануи ғылыми мәселелерді шешуге тарту;
  • 3) дарынды, талантты студенттерге қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін ашу;
  • 4) жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға қолдау көрсету.

      2023 жылдың 06-07 сәуір аралығында конференция аясында өткізіледі:

  • 1. Ашық есік күндері.
  • 2. Дөңгелек үстелдер.
  • 3. Ғылыми пікір-таластар.
  • 4. Шеберлік-сыныптар
  • 5. Көрнекті ғалымдармен кездесу.

  Конференция жұмысының нәтижесінде электоронды форматта ғылыми баяндамалардың жинағы жарық көреді. Конференцияға қатысу және мақаланы жариялау - тегін! Секция жұмыстары – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференцияға баяндамашы немесе тыңдаушы ретінде қатысуға болады. Баяндамашының жинаққа мақаласын жариялауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, іс-шараға тікелей қатыспай, мақала дайындап шығаруға мүмкіндіктері болады.

   Өтініштер мен мақалаларды 2023 жылдың 15-шы наурыз айына дейін электронды түрде конференцияның секция бойынша жауапты тұлғалары қабылдайды.

Ақпараттық хат ФӘ 2023 каз..pdf