Академик Надиров Надир Каримовичтың 90 жылдығына және Академик Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлының 80 жастық мерейтойына арналған «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2022)» тақырыпта Халықаралық конференция өтті

18.10.2022

Көрулер: 1065

     12-14 қазан аралығында Академик Надиров Надир Каримовичтың 90 жылдығына және Академик Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлының 80 жастық мерейтойына арналған «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2022)» атты Халықаралық конференция өтті.

    Халықаралық ғылыми-практикалық CITech конференциясының бірнеше жылдық тарихы және бай дәстүрі бар. Аталмыш конференция 2002 жылдан бері өткізіліп келеді.

  Конференцияның мақсаты – тәжірибе алмасу, жетекші мамандармен ғылымның әртүрлі салаларында есептеу және ақпараттық технологияларды қолданудағы мәселелерді талқылау, іргелі және қолданбалы математикалық зерттеулердің жаңашыл нәтижелерімен таныстыру, сонымен қатар ғылым және техника ынтымақтастығын кеңейту.

  Конференцияның ерекшелігі - әр түрлі елдердің жетекші ғылыми қызметкерлерімен өзара әрекеттесу арқылы жас ғалымдарды өздерінің ғылыми жетістіктерін бағалауға тарту. CITech-ке қатысу қазіргі уақытта осы салада маңызды зерттеулер жүргізіп жатқан жаңа буын жас ғалымдарының қауымдастығын құруға көмектеседі.

  CITech конференциясы Алматыда (2002, 2004, 2008, 2015, 2020), Павлодарда (2006) және Өскеменде (2003, 2013, 2018) өткізілді.

 

   
     

     Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің 23 университетінен 137 адам қатысты, 105 баяндама тыңдалды, оның 7 ғылыми бағыт бойынша болды.

     Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз - https://acagor.kz/conference/citech-2022.