Механика кафедрасының оқытушылары UNISEC Globalgganization жыл сайынғы кездесуінде наноспутниктер бойынша 11-ші симпозиумға қатысты

23.10.2022

Көрулер: 693

 

Механика кафедрасының доцент м.а. Н.Б. Калиева мен механика кафедрасының ғылыми-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.С. Досжан 2022 жылдың қазан айының 17 мен 22-і аралығында Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Наносеріктер бойынша 11-ші Симпозиумға және UNISEC Global Organization-ның жыл сайын өтетін кездесуіне қатысуда. Бұл іс-шараға 24 елден микро және наносеріктерді жобалау саласындағы жетекші ғалымдармен қатар, ҒА компоненттерін өндірумен және ҒА ұшырумен айналысатын компаниялардың өкілдері қатысуда. Іс-шара аясында микро, наносеріктер мен кіші ғарыш аппараттары топтамаларының миссияларын жоспарлау, жобалау  және қолдану міндеттері қарастырылуда. Наносеріктерді жобалау мен пайдаланудың мәселелері талқыланып, жаңа идеялар мен туындаған мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.

 

 

 

 

Айта кететін мәселе, жергілікті UNISEC Kazakhstan өкілдігі ҚазҰУ-де 2022 жылы ашылды және механика кафедрасының меңгерушісі З.Б. Ракишева оның  координаторы болып табылады.