Студенттер үшін ғылыми зерттулер бойынша ақпарат

«Еуразия өркениеті» клубы

Клубта барлығы 25 студент бар.

Клубтың міндеттері:

  • Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысуына жағдай жасап, сабақтан тыс уақыттарда ғылыми және танымдық мәселелермен айналысатын іс-шараларын ұйымдастыру.
  • Адамзат тарихындағы Еуразия өркениетінің географиялық ерекшеліктері мен қалыптасу тарихын саралау.
  • Еуразияның ежелгі өркениттерін талдау және зерделеу.
  • Ресей-Еуразия өркениеттік шебінде оның спецификалық формасының қалыптасу ерекшеліктерін көрсету.
  • Студенттерді ғылыми конференциялар, конкурстар және пәндік олимпиадаларға қатысуына ықпал ету және ғылыми жұмыстары бойынша көмек көрсету, ғылыми жетістіктерді насихаттау.
  • Тарихи процесс теориясын меңгерту. Студенттердің үздік ғылыми жұмыстарын жариялауға қолғабыс жасау. Үйірме құрамында 25 студент бар.

«МҰРАТАНУ» КЛУБЫ

Клуб жетекшісі: Сабденова Гүлмира Есбатырқызы т.ғ.к., доцент.

Клубта барлығы 42 студент бар.

Клубтың міндеттері:

  • Студенттерді тарихнамалық және деректанулық зерттеу әдістерін меңгеруге баулу.
  • Мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау ерекшеліктерін меңгерудің қажеттілігін ұғындыру.
  • Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісі және кітапхана ісі саласындағы жаңалықтармен таныстыру.
  • Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау ерекшеліктерімен таныстыру.
  • Студенттерді алынған білімді талдауға және қорытындылауға дағдылау; студенттердің зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға септігін тигізу.



«English club»

Englishclub “Thewings” т.ғ.д., профессор Ж.М. Асылбекованың ұйымдастыруымен тарих, археология және этнология факультетінде 2012 жылы құрылды. Асылбекова Ж.М. ҚазҰУ-нің тарих факультетінің арнайы бөлімін Қызыл дипломмен бітірген (ағылшын тіліндегі тарих история). Ол 20 жыл уақыт бойы ағылшын тілінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді жүргізіп келеді. 2012 ж. шілде-тамызында ол Ұлыбританиядағы Кэмбридждегі Homerton колледжінде кәсіби тәжірибені өтті. «MasteryinCLIL» сертификаты бар.

2012 ж. клубтың президенті ретінде Берлибаева Майра тағайындалды.

Клубтың мақсаттары:

  1. Факультет студенттерін ағылшын тілін оқуға тарту.
  2. Ағылшын тіліндегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету.
  3. Ағылшын тіліндегі ауызекі сөйлеуді және ғылыми баяндамаларды жазуды дамыту.

Клубтың жетекшісі Асылбекова Ж. М. 2010-2012 жж. тұрақты түрде жыл сайынғы «Жас ғалымдар әлемі» студенттік конференциясы шеңберінде ағылшын тілінде дөңгелек үстелді ұйымдастырып тұрады. Қатысушылар арнайы сертификатармен марапатталды.