Ғылыми кеңес

Шайкенова Ләззат Маратқызы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми кеңесінің бас ғалым хатшысы,
филология ғылымының докторы, доцент

Телефон: + 7 (727) 377-33-33 (11-16, 11-14)

e-mail: Shaikenova@kaznu.kz

1. Ғылыми кеңес - сайланбалы алқалы орган.

2. Осы жарғымен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қоғам органдарының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау кезінде осы мәселелер бойынша қабылданған шешімдер ұсынымдық болып есептеледі.

3. Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі - 3 жыл.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережелерін, Қоғамның жарғысын басшылыққа алады.

4. Ғылыми кеңесті Басқарма төрағасы - Қоғам ректоры басқарады.

5. Ғылыми кеңестің дербес құрамы Басқарма төрағасының – Қоғам ректорының бұйрығымен бекітіледі.

6. Өз құзыреті шегінде Ғылыми кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;

2) оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарастыру;

3) профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселелерін қарастыру;

4) ішкі тәртіп ережелерін қарау және бекіту;

5) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

6) университеттің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру;

7) университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешімін қабылдау;

8) өткен оқу жылындағы университет қызметінің қорытындысын шығару;

9) Қоғамның оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы туралы есептерді мерзімді қарастыру;

10) Қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарау;

11) Қоғам басқармасының бекітуі үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын қарастыру;

12) Қоғам қызметімен байланысты және алқалық шешімді талап ететін басқа да мәселелерді қарастыру.

7. Ғылыми кеңестің отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, айына бір рет өткізіледі.

Қажеттілікке қарай Ғылыми кеңестің отырысы жоспардан тыс өткізіледі.

8. Ғылыми кеңесте талқыланатын мәселелерді дайындауды ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, тәжірибені қорыту және кеңес жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін оның мүшелері қатарынан Басқарма төрағасының - Қоғам ректорының бұйрығымен үш жыл мерзімге ғалым хатшы тағайындалады.

9. Ғылыми кеңестің отырыстарына материалдарды уақтылы және сапалы дайындау және Ғылыми кеңестің ісқағаздарын жүргізу жауапкершілігі ғылыми хатшыға жүктеледі.

 

386_ Классификатор науч направлений.pdf

ҒЫЛЫМИ АТАҚҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰЖАТТАРЫ

Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент